Студенттердің оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмысы (БОӨЖ) және студенттің өзіндік жұмысы (БӨЖ) бойынша әдістемелік ұсыныстар


Оқытушылық нақты жағдайлар (кейстер)



бет3/5
Дата03.04.2024
өлшемі25.9 Kb.
#497456
түріСеминар
1   2   3   4   5
6Әдістемелік ұсыныстар

Оқытушылық нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға сұрақтарға жауап беру немесе мәселеге қатысты өз көзқарастарын білдіру бойынша көптеген қарапайым да күрделі жағдайлар ұсынылады; неғұрлым дайындалған тыңдаушыларға өз кейісін жазуға болады.
Іскерлік ойындар тыңдаушыда болашақ кәсіби іс- әрекеті үшін қажетті дағдыны өңдеуге көмектеседі; кейбір ойындар үйде дайындалып немесе кітапхана мен өндірісте аяқтау қажет.
Жеке жоба – неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек; жоба нәтижелері ғылыми конференцияда ұсынылуы мүмкін.
БӨЖ (БОӨЖ) тиімді ұйымдастыруға қатысты тыңдаушыға ұсыныстар:
Өткен материалды қайталау. Өткен дәріс материалын қайталау өзіндік жұмыстың неғұрлым маңызды түрі болып табылады. Материал неғұрлым терең де толығырақ өңделсе, соғұрлым өзіндік жұмыстың басқа түрлерін орындауға оңайырақ болады. Бірінші сабақтан бастап, өткен дәріс материалымен жүйелі де үнемі жұмыс жасау кейінгі дәріс материалын түсіну мен тәжірибелік және лабораториялық сабақтар материалдарын игеру үшін қажетті жағдай болып табылады.
Материалды өңдеуге кірісе отырып, мыналарды жүзеге асыру керек:

  • егер үйде жұмыс жасау үшін қажетті жағдайлар болмаса, университет пен қалалық кітапхана қызметтеріне жүгіну;

  • дәріс конспектісіне ие болу;

  • курс бағдарламасына ие болу;

  • ұсынылатын әдебиетке ие болу (оқулық, есеп кітапшалары) қажет болған жағдайда материал мен құрал- жабдықтарға ие болу.



Жұмыс әдісі:

  • дәріс материалын дереу қайталау (кейінге қалдыруға болмайды, себебі дәріс мазмұнын ұмытып кетуге болмады);

  • конспектімен жұмыс жасай отырып, әдебиетке сілтеме жасап (бұл емтиханға дайындалу барысында қажет), қажетті толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

  • тақырыппен жұмыс жасау материалды толық түсіну мен есте сақтауға дейін жалғасуы керек;

  • тақырыппен жұмыс жасау оқулықтар мен көмекші құралдарда келтірілген жаттығулар мен мысалдар талдаумен аяқталады;

  • егер тақырыппен жұмыс жасаудан кейін түсініксіз сұрақтар қалса, сонда оларды оқытушыға кезекті дәріс барысында қою керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет