Студенттердің оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмысы (БОӨЖ) және студенттің өзіндік жұмысы (БӨЖ) бойынша әдістемелік ұсыныстар



бет2/5
Дата03.04.2024
өлшемі25.9 Kb.
#497456
түріСеминар
1   2   3   4   5
6Әдістемелік ұсыныстар

Тақырып бойынша шолу жасау- бұл денегіміз басылым мен интернеттің ақпарат ресурстарының тартумен ұсынылатын тақырып бойынша жазбаша 1-2 бет қысқаша шолу жазу дегенді білдіреді.
Глоссарий – қазақ және орыс тілдерінде, мүмкін болса шет тілдерінде аудару арқылы терминдер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі; ол берілген тақырып бойынша орындалады. Глосарийді құру пәннің түсініктілік аппараты білімінің қалыптасуына және оны пайдалану дағыдыларының өңделуіне ықпал етеді.
Реферат, БӨЖ –дің неғұрлым кеңейтілген формасы бола отырып, әдебиетке міндетті түрде шолу жасау арқылы белгілі тақырыпқа баяндама жасауды немесе ғылыми жұмыс, кітап мазмұнын баяндауды білдіреді. Рефератты оппонирлеу неғұрлым қызықты да ғылыми жұмыс болып табылады.
Коллоквиум білімді, әңгімелесу формасында нақты оқылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.
Өзін –өзі бақылауға аралған сұрақтар, тәртіп бойынша, ерекше құрылымға ие, сондықтан жауаптер жиналған метериалды талдау негізінде ғана берілуі керек.
Эссе - бұл сын мен публицистиканың түрлі жанрларында өзекті әлеуметтік- экономикалық мәселелерге деген өз ойларын біліру, баяндау.
Дәріс конспектілеріне талдау жасау, өткен материалды қайталау бағдарламалық материалды игеруге, терориялық білімдерді нығайтуға мүмкіндік береді.
Мақсаттар бұтағын құру – ол үшін тыңдаушыларға тақырыпты таңдап, деңгейлер бойынша мақсаттарды белгілеу, барлық деңгейлердегі тапсырмалар мен жоспарларды анықтау, осы мақсаттарға қол жеткізуде кәсіпорындардың ұйымдастырушылық құрылымдарын анықтау, жұмыс сапасының өлшеуіштері мен тапсырманы бақылау формаларын таңдау ұсынылады.
Презентация - тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез –келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез –келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың неғұрлым ашылғаны және сырт көздерден қаншалықты қызығушылық тудырғаны, сондай-ақ тыңдаушының қарастырылып отырған мәселені қаншалықты кәсіби деңгейде қарастыруы тұрғысынан бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет