Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу. Пәндік курсты оқыту барысында студенттер сабақтың барлық түрлерінен берілетін тапсырмаларды міндетті түрде, уақытында орындаулары керек. Дәріске келіп қана қоймай, оның барысында белсенді түрде оқытушымен бірге жұмыс істеу, дәрісте қарастырылатын проблемаларды көре білу және олардың мәнін түсінуге тырысу әрбір студенттің міндеті.
Студенттер семинар барысында үйге берілген тапсырмаларды толық орындап қана қоймай, семинар сұрақтарын талдау барысында өз беттерімен ойлау, өз ойын басқаларға дәлелді түрде жеткізе білу, сияқты қабілеттерін барынша толық көрсетуге тырысуы керек.
Әдебиеттердің тізімінде көрсетілген оқулықтардағы мәтіндерді, жаттығуларды және тестік тапсырмаларды қосымша орындау арқылы білімдерінді толықтырып және кеңейте аласыздар.
Студенттер алған білімдерін баянды ету үшін аралық бақылау жұмыстарын тапсыруға міндетті.
Ол тесті тапсырмаларды орындау арқылы емтихан түрінде
БӨЖ тапсырмалары:
Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
Өзін – өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
Тест сұрақтарына жауап беру
Тақырып бойынша глоссарий құру
Эссе жазу
Семинар- пікір- таласқа дайындалу
Дөңгелек столге дайындалу
БӨЖ бен БОӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулар:
Берілген тапсырманың мақсаты мен мазмұнына назар аудару.
Тапсырманың формасына көңіл бөл: реферат па, конспекті ме, талдау
Жұмысы ма, т.б. соған орай шағын жоспар жасап, сол бойынша орында.
Төменде көрсетілген әдебиеттер тізімін пайдалан.
Осы курстан алған ақтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма мен рейтенг бақылауынан алынған баға және емтихан бағаларының қортындысы бойынша орташа балл есептеледі.
Барлық тапсырмаларды көрсетілген уақытында өткізу керек.
Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтихханға 7 күн қалғанда аяқталады.
Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға кіргізілмейді.
Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгерту деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі.
Аудиторялық сабақтарды босатпау, кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылық жұмыс беріледі «реферат, көркем мәтінге талдау т.б) ; Сабақта екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі.
Оқу үрдісінде, қарым – қатынаста компоненті болыңыз: топта, және оқытушылармен ашық, сыпайы, шыншыл болыңыз, оқу процесінде белсенді қатысу, топпен жұмыс істей білуіңіз керек; тапсырманы шығармашылдықпен орындаңыз.
Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемі ұлғайтылады.
Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады;
Орынсыз себеп болмаса, тапсырманы орындауыңыз қажет және осы мәселеге қатысты институт саясаты есепке алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |