Студенттерге арналған Нысан пәндік бағдарлама пму ұс н 18. 3/37



жүктеу 301.84 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі301.84 Kb.
Студенттерге арналған Нысан

пәндік бағдарлама ПМУ ҰС Н 7.18.3/37


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет
Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

«Саяси жанжалдар» пәні бойынша



5В050200 «Саясаттану» мамандығының студенттеріне арналған

пән бағдарламасы

(syllabus)

Павлодар


Студенттерге арналған Нысан

пәндік бағдарламасына ПМУ ҮС Н 7.18.3/38

бекіту парағы





БЕКІТІЛДІ

Гуманитарлық-педагогикалық

факультетінің деканы

_________ А.И. Бегимтаев

«__»__________20 ж.

Құрастырған: аға оқытушы ____________ С. Молдабаева



пәнді ОҚЫТУДАҒЫ бағдарлама (syllabus)
5В050200 «Саясаттану» мамандығының студенттеріне арналған.
Оқу түрі: күндізгі жалпы орта білім базасы негізінде.
Бағдарлама «__» ____________ 20__ж., бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде жасалынды.
ӘжС кафедра жиылысында ұсынылды « » 20 ж., Хаттама № __
ӘжС кафедра меңгерушісі _____________Г.Г. Ахметова « » 20 ж.
Тарих және құқық факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданды

« » 20 ж., Хаттама № __


ОӘК төрағасы___________________ С.К. Ксембаева
КЕЛІСІЛДІ

Кафедра меңгерушісі _____________ Г.Г. Ахметова« » 20 ж.



1 Оқытушы бойынша мәлімет

Сәуле Қуанышпекқызы Молдабаева аға оқытушы



Қабылдау уақыты бейсенбі 13.00-14.00
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы А корпусында 517 аудиторияда тел. 67-36-87 (ішкі 1124)



2 Пән бойынша мәлімет:

Пәннің жалпы көлемі – 3 кредит, 135 сағат, оның 30 сағаты дәріс сабақтарына, 15 сағаты – тәжірибелік сабақтарға, 90 сағаты – СӨЖ сабақтарына бөлінген. Дәріс сабақтары оқу сессиясында, тәжірибе, СӨЖ, межелік бақылау және емтихан емтихандық сессияда жүргізіледі.
3 Пәннің жұмыс көлемі

Семестр

Кредиттер саны

Аудиториялық сағаттар түрлері бойынша контактілік сағаттар саны

Студенттің өзіндік жұмысының сағаттар саны

Бақылау түрлері

барлығы

ддәр

ттәж

ллаб

сстуд

иинд

барлығы

СӨЖМ

4

3

135

30

15

-

-




135

90

емтихан

Барлығы
































4 Пәннің мақсаты мен міндеттері:

мақсаты:

- мемлекет пен қоғамның аймақтық құрылым мәселелерін зерттеу.



міндеттері:

- аймақтық кеңістіктегі саяси институттар мен саяси үрдістердің проблемаларын қарастыру;

- қазіргі кезеңдегі болып жатқан саяси үрдістерге студенттерді қатыстыру;

- саяси регионалистиканың іргелі сұрақтарын қарастыру;

- студенттердің саяси сауаттылығын тәрбиелеу;

5 Бұл пәннің оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:

- саяси регионалистиканың негізгі түсініктерін;

- территориялық саяси құбылыстардың жүйелі түсініктемелерін;

бұл пәннің оқу нәтижесінде студент істей білуі тиіс:

- аймақтық саяси үрдістерді есепке ала отырып саяси құбылыстарды талдай білуі;



- сасяи құбылыстарды салыстыра білуі;

6 Алдыңғы реквизиттер:

  • Саяси ілімдер тарихы;

  • Экосаясаттану және жаһандану;

  • Саяси билік;

  • Саяси психология.

7 Кейінгі реквизиттер:


8 Пәннің мазмұны


Тақырыптардың №


Пән тақырыптарының атауы


Сағат саны

Дәріс

Тәж.

Лаб. жұмыс

СӨЖ




1
Курстың объектісі мен пәні, оның саяси пәндер жүйесіндегі орны

2

1

-

6

2

Саяси регионалистиканың негізгі әдіснамалық көзқарастары мен әдістері

2

1

-

6

3

Аймақтық саяси үрдістердің негізгі сипаттамасы

2

1

-

6

4

Аймақтық саяси үрдістердің типологиясы

2

1

-

6

5

Аймақтық саяси үрдістердің субъектілері

2

1

-

6

6

Мемлекеттің аймақтық саясаты: тарихы мен қазіргі жағдайы

2

1

-

6

7

Орталық мемлекеттің аймақтық саясатының субъектісі ретінде

2

1

-

6

8

Аймақ мемлекеттің аймақтық саясатының субъектісі мен объектісі ретінде

2

1

-

6

9

Унитарлы мемлекеттердің аймақтық саясатының ерекшеліктері

2

1

-

6

10

Федеративті мемлекеттердің аймақтық саясаты

2

1

-

6

11

Конфедерациялардағы аймақтық саясат және оның болмысы

2

1

-

6

12

Аймақтық саяси билік

2

1

-

6

13

Жергілікті өзін-өзі басқару

2

1

-

6

14

Аймақтық саяси үрдіс және әкімшілік реформа

2

1

-

6

15

Аймақтық дамудың халықаралық тәжірибесі

2

1

-

6




Барлығы

30

15

-

90


9 Пән туралы мәлімет Саяси регионалистика әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклына енеді және Қазақстан Республикасының барлық ЖОО оқытылады. Пәннің мақсаттары мен міндеттері жоғарғы білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен анықталады.

Саяси регионалистика саяси ілімдер жүйесінің, көзқарастардың дүниетанымдық негіздері, теориялық мазмұны бірлікте баяндалып, оның пайда болуынан қазіргі заманға дейінгі дамуы көрсетіледі. Саяси құқықтық ойдың әр түрлі тарихи дәуірлердегі қалыптасуы, оның көрнекті өкілдерінің пікір, пайымдаулары қарастырылады.



10 Курс компоненттері
Кіріспе.

Саяси регионалистика — әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесіндегі саясат туралы өте маңызды оқу пәні.

Саясат қазіргі қоғам тіршілік әрекеті аспекті ретінде оның объектісі болып табылады. Саясаттану саясаттың қызметтері және тарихи даму зандарың зерттейді. Билік проблемалары, мемлекет және мемлекетердің арасындағы қатынас саясаттанудің мазмұны болып табылады

Саяси регионалистика қоғамдық білім саласы болып ХIX екінші жартысы – XX бірінші жартысында қалыптасты. Бірақ саясат теориясы қөне өркениеттер, антикалық дәуірлерден бастап дамып келеді..

Қазақстан және т.б. ТМД мемлекеттерде тоталитарлық жүйе құлдырауғаннаң және егемендік алғаннаң кейің саясаттану даму бастады.

Тақырып 1. Курстың объектісі мен пәні, оның саяси пәндер жүйесіндегі орны

Аймақ саяси зерттеулердің объектісі ретінде, «аймақ» және «аймақтық» терминдерінің «кең» және «тар» мағыналары. «Аймақ» түсінігін анықтаудағы түрлі көзқарастар, оның «аудан», «облыс», «аумақ», «федерация субъектісі», «мемлекет территориясы», «жер шарының бөлігі» түсініктерімен байланысы. Аймақтардың қалыптасу проблемалары: негізгі критерийлердің сипаттамасы (географиялық, кеңістіктік, саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, социомәдени, этносаяси және т.б.).

Саясаттың территориялық өлшемі. Саяси үрдісті ұйымдастырудың деңгейлері. Саяси үрдістерді ашудың аймақтық деңгейі. Жаһандық, ұлттық және локалды деңгейлер жүйесіндегі аймақтық саяси үрдістер. Аймақтық саяси үрдістердің негізгі анықтамалары. Аймақтық саяси үрдістердің құрылымы мен түрлері. Аймақтық саяси үрдістердің тұрақтылығы. Аймақтық саяси үрдістердің заңилылығы.



Тақырып 2. Саяси регионалистиканың негізгі әдіснамалық көзқарастары мен әдістері

Аймақтық саяси өмірді зерттеудегі қазіргі саяси ғылымның негізгі әдіснамалық бағыттарын қолдану (құрылымдық-функционалды талдау, бихевиоризм, институционализм, жүйелік көзқарас, социомәдени парадигма және т.б.). Саяси компаративистиканың құрылымы және оның аймақтық саяси зерттеулерде қолданылуы.

Аймақтық саяси қатынастарды, институттарды және үрдістерді зерттеудің жалпығылыми, әмбебап және арнайы әдістері. Сандық және сапалық әдістер. Бақылау. Құжаттарды талдау. Сауалнама. Тәжірибе. Модельдеу. Аймақтық саяси үрдістердің сапалық талдауының электоралды әдістері. Сараптама бағалау әдісі, оны аймақтық саяси зерттеулерді қолдану. Болжау әдістері.

Саяси үрдістерді қолданбалы зерттеу: әдістемелік қамтамасыздандыру ерекшеліктері, негізгі кезеңдері. Аймақтарды сипаттау бағдарламалары. Аймақ портреті ( паспорты), оның түрлері. Картографиялық әдістер. Аймақтық зерттеулердегі ағымды саяси ақпарат және аймақтық саяси үрдістердің мониторингісі. Оқиғалық талдау. Рейтингілік зерттеулер. Аймақтық саяси үрдістердегі басқарушылық әдістер.



Тақырып 3. Аймақтық саяси үрдістердің негізгі сипаттамасы

Саяси тарихтағы кеңістіктік-географиялық фактор және мемлекеттер мен аймақтардың саяси дамуы. Территория мемлекеттің басты белгісі ретінде. Территория және кеңістік. Территория мен кеңістіктің топталуы (географиялық, формальды-заңилық, әлеуметтік-экономикалық, әкімшілік-саяси, социомәдени, этноконфессионалдық және т.б.). «Саяси кеңістік», «физикалық кеңістік», «экономикалық кеңістік», «мәдени кеңістік» категориялары. Негізгі және негізгі емес территория, тарихи отан және тұрақтанудың жаңа аймақтары.

Мемлекеттің ішкі геосаясаты. «Орталық» және «периферия» түсініктері. Орталық және периферия саяси кеңістікті ұйымдастырудың негізгі элементтері. Орталық пен периферияның арақатынасы. Жаһандану жағдайындағы орталық пен периферияның байланысу ерекшеліктері.

Аймақтық саяси үрдістің әлеуметтік-экономикалық негізі. Аймақтық экономикалық даму, оның деңгейлері мен ерекшелену критерийлері. Аймақта әлеуметтік-экономикалық үрдістерді саяси реттеудің мүмкіндіктері. Аймақтық саяси мәдениет және саяси сана: саяси стереотиптер, қалыптасу механизмдері, ментальдық негіз.



Тақырып 4. Аймақтық саяси үрдістердің типологиясы

Аймақтық саяси үрдістерді топтаудың негізгі проблемалары: негізгі теориялық-әдіснамалық көзқарастардың сипаттамасы.

Аймақтық саяси үрдістердің социомәдени типтері: идеократикалық, харизматикалық, рационалистік. Олардың ерекшеліктері, механизмдері мен негізгі сипаттамалары.

Аймақтық қауымдастықтың қызметтік сипаты: аймақтың жаңару кезіндегі саяси үрдістер, дәстүрлі деңгейдегі саяси үрдістер. Аймақтық қауымдастықтың жағдайы: қалыпты типтегі аймақтық саяси үрдіс, ауыспалы қоғамдағы аймақтық саяси үрдіс.

Түрлі территориялық құрылымдағы мемлекеттердің аймақтық саяси үрдісі. Унитарлы, федеративті және конфедеративті мемлекеттердегі аймақтық саяси үрдістің ерекше сипаттары.

Тақырып 5. Аймақтық саяси үрдістердің субъектілері

Мемлекет аймақтық саяси үрдістердің басты субъектісі ретінде. Мемлекеттің аймақтық саясаты аймақтық саяси үрдістерге қатысудың басты нысаны ретінде. Қазіргі мемлекеттердің аймақтық саясатының қалыптасуына трансұлттық факторлардың әсері.

Аймақтық саяси үрдістердегі мемлекеттік емес субъектілер. Локальды, аймақтық, иноаймақтық, ұлттық, орталықтандырылған, шетелдік, трансұлттық субъектілер. Аймақтық саяси үрдістердегі әлеуметтік таптар, саяси партиялар, мүдделілер тобы, саяси элиталар мен көшбасшылар, БАҚ, этникалық топтар, діни ұйымдар және т.б.

Аймақтық саяси үрдістердегі көлеңкелі субъектілер. Көлеңкелі субъектілердің бөлінуінің салалы принципі. Аймақтық саяси үрдістердегі заңды және заңсыз субъектілер.



Тақырып 6. Мемлекеттің аймақтық саясаты: тарихы мен қазіргі жағдайы

Мемлекеттің аймақтық саясаты туралы түсінік. Мемлекеттің аймақтық саясаты ішкісаяси қызметтерді іске асыру механизмі ретінде. Мемлекеттің аймақтық саясатының болмыстық сипаттамасы. Аймақтық саясаттың стратегиясы мен принципі. Аймақтардың теңсіздігі аймақтық саясаттың проблемасы ретінде. Мемлекет территориясының географиялық, табиғи-климаттық, ресурстық, экономикалық, демографиялық, социомәдени, экологиялық және т.б. мәселелері. Аймақтық бағдарламалау.

Мемлекеттің аймақтық саясатының тарихи моделі мен эволюциясы. Аймақта жағдайды белсенді түрде реттеу. Аймақтардың дамуының интенсивті және экстенсивті саясаты. Кешенді және нүктелі, бір және коппрофильді даму. Аймақтардың дамуының жылдам, түрліжылдамдықтағы және бәсекеге ие модельдері. Ресурстарды бөлу стратегиясы.

Мемлекеттің аймақтық саясатының түрлі принциптері. Мемлекеттің территориялық құрылымына, басқару формасына және саяси тәртібіне қарай аймақтық саясаттың маңыздылығы. Мемлекеттің аймақтық саясатының альтернативасы және түрлі типтегі аймақтардың даму жолдарын таңдау. Мемлекеттің аймақтық саясатының дамуындағы саяси-идеологиялық, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, социомәдени, этноконфессионалдық, геосаяси және т.б. факторлардың ролі. Мемлекеттің аймақтық саясаты мен сыртқы саясаты.



Тақырып 7. Орталық мемлекеттің аймақтық саясатының субъектісі ретінде

Орталықтың түсінігі мен болмыстық сипаттамасы. Орталықтың түрлі қызметтері. Саяси әкімшілік-басқарушылық, әлеуметтік-саяси, мәдени, ақпараттық, геосаяси, символдық және т.б. қызметтер. Ресурстық ағымдарды бақылаудағы Орталықтың ролі (бюджеттік федерализм және т.б.): саяси мүмкіндіктері мен кейінгі жағдайы. Мемлекеттің территориялық құрылымына, басқару формасына және саяси тәртібіне қарай Орталықтың қызметтері.

Орталықтың негізгі типологиясы. Тарихи қалыптасқын және арнайы қалыптасқан орталықтар. Саяси және әкімшілік орталықтар. Транспорттық орталықтар. Білім беру және мәдени орталықтар. Қаржылық орталықтар. Аграрлық орталықтар. Діни орталықтар. Әскери орталықтар. Демографиялық орталықтар. Аймақтық және локальды орталықтар. Моно- және полиорталық мемлекеттер.

Мемлекеттің астанасы Орталық ретінде. «Астана» түсінігі. Астананың болмыстық сипаттамасы мен белгілері. Астана мемлекеттің әкімшілік-саяси орталығы ретінде. Астана елдің саяси символы ретінде. Астананың сыртқысаяси маңызы. Мемлекеттің территориялық құрылымына, басқару формасына және саяси тәртібіне қарай астананың саяси-құқықтық дәрежесі мен қызметі. Мемлекет астанасы мен мемлекеттер астанасы.



Тақырып 8. Аймақ мемлекеттің аймақтық саясатының субъектісі мен объектісі ретінде

«Аймақ» саяси регионалистиканың түсінігі ретінде, мемлекет территориясының бір бөлігі ретінде аймақтың анықтамасы. Аймақ түсінігіне анықтама берудің түрлі көзқарастары. Аймақ саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және т.б. жүйе ретінде. Аймақтарды суреттеудің критерийлері мен модельдері: географиялық жағдайы, табиғи-климаттық жағдайы, кеңістіктік конфигурация, тұрғындардың тығыздылығы, тұрғындардың жастық және этноконфессионалдық құрамы, экономикалық әлеуметтенудің профилі, әлеуметтік-экономикалық дамудың деңгейі, аймақтық саяси жүйенің типі, Орталықпен қарым-қатынас сипаттамасы, жалпыұлттық мүдделер жүйесіндегі аймақтың орны, аймақтық саяси мәдениеттің болмысы, электоралды іс-әрекеттің моделі және т.б. Орталықпен байланыс контекстіндегі аймақтардың қызметі. Донор-аймақтар мен реципиент-аймақтар. Ерекше дәрежедегі аймақтар. Буфер-аймақтар. Полигон-аймақтар. Көпір-аймақтар. Маргиналдандырылған және депрессивті аймақтар. «Қара тесік»-аймақтар.

Аймақтардың қалыптасуының жалпы принциптері мен жолдары. Тарихи қалыптасқан және жасанды аймақтар. Түпкі және кейбір аймақтар. Жаңа кеңістіктерді қамту барысында қалыптасқан аймақтар. Аймақтандыру типтері. Әкімшілік-территориялық қысым мемлекеттің территориялық қалыптасу жүйесі ретінде. Жалпы экономикалық аймақтандыру. Аймақтандырудың социомәдени, этноконфессионалдық және т.б. түрлері.

Аймақтық саяси кеңістіктің қалыптасуының негізгі жолдары мен механизмі. Мемлекеттің әкімшілік-территориялық бөлінісінің өзгеруі. Аймақтандырудың экономикалық, социомәдени, этноконфессионалдық және т.б. жаңа модельдерін қалыптастыру. Аймақтардың интеграциясы мен дезинтеграциясы.



Тақырып 9. Унитарлы мемлекеттердің аймақтық саясатының ерекшеліктері

Территориялық құрылымның унитарлы типіндегі мемлекеттегі саяси кеңістіктің болмысы. Унитарлы мемлекеттің сипаттамасы. Унитарлы мемлекеттердегі билік органдары жүйесінің егеменділігі мен бірлігі. Унитарлы мемлекеттердегі әкімшілік-территориялық бөлініс. Орталықсыздандыру тенденция ретінде. Унитарлы мемлекеттердегі автономды бөліністер.

Империя: унитарлы мемлекеттің бір түрі немесе территориялық құрылымның ерекше типі. Империяның негізгі сипаттамалары. Империяның белгілері. Империяның тарихи типтері. Қытай империясы. Рим империясы. Византия империясы. Қасиетті Рим империясы. Моңғол феодалды империясы. Португалдық империя. Осман империясы. Испан империясы. Ресей империясы. Британ империясы. Австр-Венгрия империясы және т.б. Империя негізіндегі «орталық» пен «аймақ» түсініктері. Колониализм мен неоколониализм. Қазіргі империализм.

Қазіргі унитарлы мемлекеттердің аймақтық саясаты. «Унитаризм» жағдайындағы «орталық-аймақ» қарым-қатынасы дамуының негізгі тенденциялары.



Тақырып 10. Федеративті мемлекеттердің аймақтық саясаты

Федерация саяси кеңістікті ұйымдастырудың ерекше формасы ретінде. Федерацияның негізгі сипаттамасы мен белгілері. Федеративті мемлекеттердің қалыптасуы мен құлдырауының механизмі. Унитарлы мемлекеттердің федерализациялануы және федерациялардың конфедерализациялануы. Регионализм және сепаратизм. Сецессия. Федерацияның көптүрлілігі. Конституциялық, келісімді және аралас федерациялар. Территориялық, ұлттық және ұлттық-территориялық федерациялар. Симметриялы және асимметриялы федерациялар, жаратылыстық және конституциялық-құқықтық ассиметрия.

Федерализмнің негізгі саяси теориялары мен тәжірибелік модельдері. Федерализмнің орталықтандырылған және аймақтандырылған модельдері. Дуалистикалық федерализм. Бәсекелестік федерализм. Кооперативтік федерализм. Технократиялық федерализм. «Жаңа федерализм». Федеративті мемлекеттердегі квазифедерализм.

Қазіргі федеративті мемлекеттердегі аймақтық саясаттың болмысы. Англосаксондық (Австралия, Канада, АҚШ), континенталды-еуропалық (Австрия, ФРГ, Швейцария) және латиноамерикандық (Аргентина, Бразилия, Мексика) федеративті мемлекеттердегі федеративті қатынастар мен аймақтық саясаттың ерекшеліктері. Федерализм мен аймақтық саясаттың индиялық типі.



Тақырып 11. Конфедерациялардағы аймақтық саясат және оның болмысы

Саяси кеңістікті ұйымдастырудағы конфедерацияның ерекшелігі. Конфедерацияның болмысы мен сипаттамасы.

Конфедерацияның тарихи формалары. Антикалық одақтар (Ахей одағы, Корин одағы, Пелопонес одағы, Рим-Италия одағы), ортағасыр Германиядағы Ганзей лигасы, революциядан кейінгі Голландиядағы біріккен аймақтар Республикасы, Швейцария одағы (ХІХ ғасырдың ортасына дейін), АҚШ ХVIII ғасырдың соңы, Рейн конфедерациясы (1806-1813), Герман одағы (1815-1866), Боливия-Перу конфедерациясы (1838-1839), Америка штатының конфедерациясы (1861-1865) протоконфедеративті және конфедеративті жасақтар. Федерализм элементтері бар мемлекеттердегі қазіргі одақтар (еуропа одағы, ТМД, Сербия мен Черногория қауымдастығы және т.б.), олардың ерекшеліктері.

Тақырып 12. Аймақтық саяси билік

Аймақтық мемлекеттік биліктің жүйесі. Федералды, аймақтық және жергілікті билік. Аймақтық мемлекеттік саясат. Аймақтық мемлекеттік билік органдарының жүйесі. Аймақтық заңшығарушы билік. Заңшығарушы жиналыстар дәрежесінің ерекшеліктері. Заңшығарушы жиналыстардың қалыптасуының құқықтық негіздері. Аймақтық заңшығарушы билікті нығайту. Аймақтық атқарушы билік. Федерация субъектісінің жоғары қызметтік тұлғасы. Аймақтық үкімен және әкімшілік. Көппартиялылықтың дамуы. Аймақтық сайлаулар. Аймақтық сайлау кампаниялары. Депутаттарды сайлау. Атқарушы биліктің басшыларын сайлау. Аймақтық элиталар. Аймақтық саяси элиталардың ерекшелігі. Бизнес – элита және оның аймақтық саяси үрдіске әсері.



Тақырып 13. Жергілікті өзін-өзі басқару

Жергілікті өзін-өзі басқару қоғамдық-биліктік институт ретінде. Жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекет, қоғам. Мемлекеттік және жергілікті биліктің ара қатынас проблемалары. Шет елдердегі өзін-өзі басқарудың замануи модельдері, жергілікті органдар қызметінің құрылымы мен формалары. Жергілікті органдардың өкілеттілігі. Муниципалды басқару. Жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері. Жергілікті өзін-өзі басқарудың территориялық негіздері. Жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырушылық негіздері. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық-экономикалық негіздері.



Тақырып 14. Аймақтық саяси үрдіс және әкімшілік реформа

Аймақтық мүдделер мен мемлекеттік саясат. Аймақтық мүдделердің қалыптасу субъектілері. Бизнес-элита және аймақтық мүдделер. Лоббизм аймақтық мүдделерді жылжытудың механизмі ретінде. Аймақтық саяси тәртіптердің өзгеру жағдайындағы саяси үрдіс. Аймақтық саяси үрдістің ерекшеліктері. Аймақтық саяси тәртіптердің өзгеруі.



Тақырып 15. Аймақтық дамудың халықаралық тәжірибесі

Посткеңестік кеңістіктегі аймақаралық қатынастар. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД). Мемлекетаралық қатынастардан аймақаралық қатынастарға дейн. ТМД-ның пайда болуы. ТМД дамуының келешегі. Еуроодақ жағдайындағы аймақтардың дамуы. Еуроодақтағы аймақтық саясаттың ерекшеліктері.



Дәріс мазмұны

1 Тақырып. Курстың объектісі мен пәні, оның саяси пәндер жүйесіндегі орны

1. «Саяси регионалистика» пән ретінде, оның мақсаты мен міндеттері.

2. Саяси регионалистиканың қалыптасуы мен дамуының кезеңдері, олардың сипаттамасы.

2 Тақырып. Саяси регионалистиканың негізгі әдіснамалық көзқарастары мен әдістері


  1. Қазіргі негізгі идеологиялық доктриналардағы аймақтық саяси үрдістердің

сипаттамасы.

  1. Аймақтық саяси қатынастарды, институттарды және үрдістерді зерттеудегі

жалпығылыми, әмбебап және арнайы әдістер.

3 Тақырып. Аймақтық саяси үрдістердің негізгі сипаттамасы



  1. Тарихи саясаттағы кеңістіктік-географиялық факторлар және мемлекет пен

аймақтардың саяси дамуы.

  1. Аймақтық саяси үрдістің әлеуметтік-экономикалық негізі.

№4 Тақырып. Аймақтық саяси үрдістердің типологиясы

  1. Аймақтық саяси үрдістердің типтік негізінің проблемалары.

  2. Аймақтық саяси үрдістердің социомәдени типтері.

  3. аймақтық қауымдастықтардың қызметінің сипаттамасы.

5 Тақырып. Аймақтық саяси үрдістердің субъектілері

  1. Мемлекет аймақтық саяси үрдістің негізгі субъектісі ретінде.

  2. Аймақтық саяси үрдістердегі мемлекеттік емес субьектілер.

  3. Аймақтық саяси үрдістердегі көлеңкелі субъектілер.

6 Тақырып. Мемлекеттің аймақтық саясаты: тарихы мен қазіргі жағдайы

    1. Мемлекеттің аймақтық саясатының болмыстық сипаттамасы.

    2. Мемлекеттің аймақтық саясатының тарихи модельдері және олардың

эволюциясы.

    1. Мемлекеттің аймақтық саясатының принциптерінің көптүрлілігі.

7 Тақырып. Орталық мемлекеттің аймақтық саясатының субъектісі ретінде

  1. Орталықтың түсінігі мен болмыстық сипаттамасы.

  2. Орталық типтерінің негізі.

  3. Мемлекет Астанасы Орталық ретінде.

8 Тақырып. Аймақ мемлекеттің аймақтық саясатының субъектісі мен объектісі ретінде

1. «Аймақ» саяси регионалистиканың түсінігі ретінде, мемлекет бөлігі ретінде аймақтың анықтамасы.

2. Аймақтардың қалыптасуының жалпы принциптері мен жолдары.

9 Тақырып. Унитарлы мемлекеттердің аймақтық саясатының ерекшеліктері

1. Территориялық құрылымның унитарлы типіндегі мемлекеттердің саяси кеңістігінің болмысы.

2. Қазіргі унитарлы мемлекеттердегі аймақтық саясат.

10 Тақырып. Федеративті мемлекеттердің аймақтық саясаты

1. Федерация саяси кеңістікті ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде.

2. Федерализмнің негізгі саяси теориялары мен тәжірибелік модельдері.

3. Қазіргі федеративті мемлекеттердегі аймақтық саясаттың болмысы.

11 Тақырып. Конфедерациялардағы аймақтық саясат және оның болмысы

1. Конфедерацияның болмыстық белгілері мен сипаттамасы.

2. Конфедерацияның тарихи формалары.

3. Қазіргі конфедерациялардағы аймақтық саясаттың негізгі белгілері.

12 Тақырып. Аймақтық саяси билік

1. Аймақтық мемлекеттік биліктің болмысы.

2. Аймақтық сайлаулар.

3. Аймақтық элиталар.

13 Тақырып. Жергілікті өзін-өзі басқару

1. Жергілікті өзін-өзі басқару қоғамдық-биліктік институт ретінде.

2. Шет елдердегі жергілікті өзін-өзі басқарудың заманауи модельдері.

14 Тақырып. Аймақтық саяси үрдіс және әкімшілік реформа

1. Аймақтық мүдделер мен мемлекеттік саясат.

2. Аймақтық саяси тәртіптердің өзгеруі жағдайындағы саяси үрдістер.

15 Тақырып. Аймақтық дамудың халықаралық тәжірибесі

1. Посткеңестік кеңістіктегі аймақаралық қауымдастық. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД).

2. Еуроодақ жағдайындағы аймақтық дамудың тәжірибесі.
Тәжірибеліқ сабақтың мазмұны

Тәжірибелік сабақ №1. Курстың объектісі мен пәні, оның саяси пәндер жүйесіндегі орны

1. Аймақ саяси зерттеулердің объектісі ретінде, «аймақ» және «аймақтық» түсініктерінің «тар» және «кең» мағыналары.

2. Отандық және шетел саясаттануындағы аймақтық саяси үрдістердің зерттелуі.

Тәжірибелік сабақ №2. Саяси регионалистиканың негізгі әдіснамалық көзқарастары мен әдістері

1. Аймақтық саяси өмірді зерттеудегі қазіргі саяси ғылымның негізгі әдіснамалық бағыттарын қолдану (құрылымдық-функционалды талдау, бихевиоризм, институционализм, жүйелік көзқарас, социомәдени парадигма және т.б.).

2. Аймақтық саяси қатынастарды, институттарды және үрдістерді зерттеудің жалпығылыми, әмбебап және арнайы әдістері.

3. Аймақтық саяси үрдістердің қолданбалы зерттелуі.



Тәжірибелік сабақ №3. Аймақтық саяси үрдістердің негізгі сипаттамасы

1. Территория мен кеңістіктің топталуы (географиялық, формальды-заңилық, әлеуметтік-экономикалық, әкімшілік-саяси, социомәдени, этноконфессионалдық және т.б.).

2. Мемлекеттің ішкі геосаясаты.

3. Аймақтық экономикалық даму, оның деңгейлері мен критерийлері.



Тәжірибелік сабақ №4. Аймақтық саяси үрдістердің типологиясы

1. Аймақтық саяси үрдістердің социомәдени типтері.

2. Дәстүрлі қоғамдық жағдайдағы аймақтардың саяси үрдісі, аймақтардың жаңару жағдайындағы саяси үрдістің ерекшеліктері.

3. Тұрақты типтегі аймақтық саяси үрдіс, өтпелі қоғамдағы аймақтық саяси үрдіс.



Тәжірибелік сабақ №5. Аймақтық саяси үрдістердің субъектілері

1. Мемлекеттің аймақтық саясаты аймақтық саяси үрдістерге қатысудың басты нысаны ретінде.

2. Локальды, аймақтық, иноаймақтық, ұлттық, орталықтандырылған, шетелдік, трансұлттық субъектілер.

3. Аймақтық деңгейде көлеңкелі саяси үрдістерді іске асырудың жабық саяси сала.



Тәжірибелік сабақ №6. Мемлекеттің аймақтық саясаты: тарихы мен қазіргі жағдайы

1. Мемлекеттің аймақтық саясаты ішкі саяси қызметтерді іске асырудың механизмі ретінде.

2. Аймақта жағдайды белсенді реттеу және аймақтың істеріне араласу мемлекеттеің аймақтық саясатының базалық моделі ретінде.

3. Мемлекеттің аймақтық саясатының қалыптасуындағы саяси-идеологиялық, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, социомәдени, этноконфессионалдық, геосаяси және т.б. факторлардың ролі.



Тәжірибелік сабақ №7. Орталық мемлекеттің аймақтық саясатының субъектісі ретінде

1. Орталықтың көпқырлы қызметі: саяси, әкімшілік-басқарушылық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, ақпараттық, геосаяси, символдық және т.б. қызметтер.

2. Тарихи қалыптасқан және арнайы қалыптасқан орталықтар. Ішкіаймақтық және трансаймақтық моно- полицентризм.

3. Түрлі территориялық құрылымдағы, басқару формасы мен саяси тәртіптегі мемлекет астанасының қызметі мен саяси-құқықтық дәрежесі.



Тәжірибелік сабақ №8. Аймақ мемлекеттің аймақтық саясатының субъектісі мен объектісі ретінде

1. Аймақтардың болмысы мен сипаттамасына берілетін түрлі көзқарастар.

2. Тарихи қалыптасқан және қолдан жасалынған аймақтар. Түпкі және түпкілікті емес аймақтар. Жаңа кеңістіктерді игеруден пайда болған аймақтар. Аймақтандырудың типтері.

3. Мемлекеттің әкімшілік-территориялық бөлінісінің өзгеруі.



Тәжірибелік сабақ №9. Унитарлы мемлекеттердің аймақтық саясатының ерекшеліктері

1. Унитарлы мемлекет жағдайындағы әкімшілік-территориялық бөлініс.

2. Империя: унитарлы мемлекеттің түрі немесе территориялық құрылымның ерекше типі (қазіргі дискуссиялар).

3. Унитарлы мемлекет жағдайындағы Орталықтың аймақтар қызметін бақылауы. Аймақтардың бағынышсыздығы. .



Тәжірибелік сабақ №10. Федеративті мемлекеттердің аймақтық саясаты

1. Федерация саяси кеңістікті ұйымдастырудың ерекше формасы ретінде.

2. Қазіргі федеративті мемлекеттердегі аймақтық саясаттың болмысы.

Тәжірибелік сабақ №11. Конфедерациялардағы аймақтық саясат және оның болмысы

1. Саяси кеңістікті конфедеративті ұйымдастырудың көптүрлі сипаттамасы.

2. Конфедерацияның тарихи формалары.

Тәжірибелік сабақ №12. Аймақтық саяси билік

1. Қазақстан Республикасында биліктің қандай деңгейлері жұмыс атқарады?

2. Мемлекеттік биліктің заңшығарушы, атқарушы органдарының болмысын ашу.

Тәжірибелік сабақ №13. Жергілікті өзін-өзі басқару

1. Қазақстан мен шетелдердегі жергілікті биліктің ролі мен орнын анықтау.

2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қандай заманауи модельдерін білесіздер:

Тәжірибелік сабақ №14. Аймақтық саяси үрдіс және әкімшілік реформа

1. «Аймақтық саяси тәртіп» түсінігіне анықтама беріңіз.

2. Демократиялық билік институттарындағы аймақтық саяси тәртіптердің келешегі.


Өзіндік зерделеуге арналған тақырыптар
1. Курстың объектісі мен пәні, оның саяси пәндер жүйесіндегі орны

Аймақтардың түрлі проблемаларын қарастыратын саяси регионалистика пәні саяси география және т.б. пәндерден айырмашылығы неде?



Ұсынылған әдебиет [1] 33-38 б.

2. Саяси регионалистиканың негізгі әдіснамалық көзқарастары мен әдістері

Теориялық және эмпирикалық әдістер.



Ұсынылған әдебиет [2] 114-187 б.

3. Аймақтық саяси үрдістердің негізгі сипаттамасы

Орталық пен периферияның арақатынасы саяси регионалистиканың бір міндеті ретінде.



Ұсынылған әдебиет [3] 168 б., [4] 62-70 б.

4. Аймақтық саяси үрдістердің типологиясы

Унитарлы, федеративті және конфедератиті мемлекеттердегі аймақтық сасяи үрдістердің ерекше сипаттамалары.

Ұсынылған әдебиет [5] 14-26 б.

5. Аймақтық саяси үрдістердің субъектілері

Қазіргі мемлекеттердегі аймақтық саяси үрдістің қалыптасуына трансұлттық факторлардың әсері.



Ұсынылған әдебиет [6] 155-180 б.

6. Мемлекеттің аймақтық саясаты: тарихы мен қазіргі жағдайы

1. Аймақтық саясаттың стратегиясы мен принциптері.

2. Аймақтардың интеграциясы мен дезинтеграциясы.

Ұсынылған әдебиет [6] 117-126 б.

7. Орталық мемлекеттің аймақтық саясатының субъектісі ретінде

Түрлі территориялық құрылымдағы, басқару формасы мен саяси тәртіптегі мемлекеттердегі Орталықтың қызметі.

Ұсынылған әдебиет [7] 17-23 б.

8. Аймақ мемлекеттің аймақтық саясатының субъектісі мен объектісі ретінде

Аймақ – донорлар және аймақ – реципиенттер. Ерекше дәрежедегі аймақтар. Аймақ – буферлер. Аймақ – полигондар.

Аймақ – көпірлер. Маргиналданған және депрессивті аймақтар. Аймақтар – «қара тесіктер».

Ұсынылған әдебиет [8] 77-91 б.

9. Унитарлы мемлекеттердің аймақтық саясатының ерекшеліктері

Метрополия, колония, протекторат, доминион, аннексирлік территория, мандаттық территория. Колониализм және неоколониализм. Қазіргі империализм.



Ұсынылған әдебиет [9] 115-121 б.

10. Федеративті мемлекеттердің аймақтық саясаты

Дуалистік федерализм. Бәсекелес федерализм. Кооперативті федерализм. Технократиялық федерализм. «Жаңа федерализм». Квазифедерализм.



Ұсынылған әдебиет [10] 24-30 б.

11. Конфедерациялардағы аймақтық саясат және оның болмысы

Конфедерализм элементтері бар қазіргі мемлекеттер одағы.



Ұсынылған әдебиет [11] 25-40 б.

12. Аймақтық саяси билік

Мемлекеттік биліктің аймақтық органдар жүйесінің құқықтық негізін сипаттап беріңіз.



Ұсынылған әдебиет [12] 12-17 б.

13. Жергілікті өзін-өзі басқару

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мемлекеттік билік органдарынан қандай айырмашылығы бар?

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қандай заманауи модельдері бар?

Ұсынылған әдебиет [13] 110-124 б.

14. Аймақтық саяси үрдіс және әкімшілік реформа

1. Реформалау жағдайындағы аймақтық саясаттың ерекшеліктері.

2. «Аймақтық саяси тәртіп» түсінігіне анықтама беріңіз.

Ұсынылған әдебиет [14] 87-93 б.
Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны

(оқу формасы – күндізгі)


1654

СӨЖ түрлері

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сабақ саны




1

Дәрістік сабақтарға дайындық

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

30

2

Тәжірибелік сабаққа дайындалу, үйге берілген тапсырмаларды орындау.

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15

3

Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмеген материалдарын оқып-үйрену




Ауызша жауап

30

4

Бақылау шараларына дайындық




МБ-1, МБ-2

15




Барлығы







90


11 Курс саясаты

Академиялық тәртіп пен әдептің саясаты С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес келеді.

Оқытушы және студент бір-біріне құрметпен қарауға тиіс.

Егер Сіз барлық сабақтарға кешікпей келіп, барлық сабақтарға дайындалып, сабақтарда белсенді болсаңыз және барлық тапсырмаларды сапалы және дер кезінде орындасаңыз бақылау шараларының күнтізбелік кестесінде көрсетілген максималды балды аласыз.

Бақылау шараларының күнтізбелік кестесін, сабақтардағы белгіленген тәртіпті бұзу және сабаққа кешігу балды жоғалтуға әкеледі.

Оқу үрдісіне қатысу сабаққа қатысуды, дайын болуды және белсенді болуды білдіреді.



дәріс және тәжірибе сабақтарында С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің ішкі тәртіп ережелерін бұзуға болмайды: дәріс сабақтарында кешігуге, ұялы телефондарды қосуға, рұхсатсыз сөйлесуге, аудиторияда өз бетінше жүруге, сағыз шайнауға, сырт киім және бас киіммен кіруге, оқытушыға дәріс оқуға кедергі келтіруге тыйым салынады.

Сіздердің тәжірибелік сабаққа дайындықтарыңыз ауызша сұрау, үй тапсырмасын орындау, топпен жұмыс істеу арқылы тексеріледі. Тәжірибе сабағына алдын-ала дайындалу қажет. Егер Сіз кешікпей, ешқандай ескертусіз сабаққа қатыссаңыз 1 балл аласыз, ал сабаққа дайындалмасаңыз тек қатысуыңызға ғана балл қойылады.

Оқытушы тәртіп талаптарын бұзғаны үшін студентті сабақтан шығаруы мүмкін. Мұндай жағдайда сабаққа қатысу баллы қойылмайды. Егер Сіз себеппен сабақты босатқан болсаңыз, босатылған сабақты мұғалімнің қабылдау уақытында тапсыруыңызға болады.

Бір семестрде бір межелік бақылау қарастырылған, ол тест тапсырмаларын тапсыру түрінде жүргізіледі. Сонымен қоса бір семестрде бір рет ағымдағы үлгерімнің қорытынды баллы анықталады (рейтинг). Егер ол 50 баллдан төмен болса, қанағаттанарлықсыз бағасына сәйкес келеді.

Егер Сіз ағымдағы тапсырмаларды орындауда 50 баллдан төмен алсаңыз, межелік бақылауды тапсыруға жіберілмейсіз. Егер межелік бақылауға қатыспасаңыз, Сіздің рейтингіңіз анықталмайды.

Емтихан тапсыруға жіберілу үшін рейтинг қорытындылары бойынша жағымды баға алуыңыз керек. Емтихан аралас түрінде жүргізіледі, яғни 2 бөлімнен: Бірінші бөлім 30 тест тапсырмалар (30*2=60) мониторинг бөлімімінде өтеді; Екінші бөлім емтихандық билет арқылы өтеді бір билетте 2 сұрақтан болады. Емтихандық билет бойынша дайындалуға 30 минут беріледі.

Егер Сіз емтиханда қанағаттанарлықсыз бағасын алсаңыз (50 баллдан төмен), онда пән бойынша Сіздің қорытынды бағаңыз анықталмайды.

12 Әдебитеттер тізімі



Негізгі:

1. Ларина Н.И., Кисельников А.А. Региональная политика а странах рыночной экономики. М., 2009.

2. Гладкий Ю.Н., Чистобаев А.И. Основы региональной политики: Учебник, М., 2008.

3. Комаров М.П. Инфраструктура регионов мира. М., 2010.

4. Доленко Д.В. Территориальные устройство общества? Социально-политический анализ/ НИИ регионологии. Саранск. 2008.

5. Лексин В.Н., Швецов А.Н. Государство и регионы. Территория и практика государственного регулироввания территориального развития. М., 2009.

6. Медведев Н.П. Политическая регионалистика М., 2011.

7. Баранов А.В., Вартунян А.А. Политическая регионалистика: курс лекций. М., 2008.

8. Изард У. Методы регионального анализа: Введение в науку о регионах. М., 2008.

9. Климанов В.В. Региональные системы и региональное развитие. М., 2009.

10. Колосов В.А., Мироненко Н.С. Геополитика и политическая география. М., 2010.

Қосымша:

11. Бабурин С.Н., Территория государства: правовые и геополитические проблемы. М., 2009.

12. Гладкий Ю.Н., Чистобаев А.И. Регионоведение. М., 2008.

13. Лафитский В.И. США: Конституционный строй и роль штатов в структуре американского федерализма. М., 2008.

14. Местное самоуправление в зарубежных странах/Под.ред. Н.П. Медведева. М., 2009.

15. Сухарев А.И. Основы регионологии. Саранск, 2009.

16. Токвиль А. Демократия в Америке. М., 2008.

17. Федерация в зарубежных странах. М., 2008.

18. Чиркин В.Е. Современный федерализм: сравнительный анализ. М., 2008.

19. Туровский Р.Ф. Основы и перспективы региональных политических исследований//Полис. 2009. №1.

20. Чернышев А.Г. Регион как субъект политики. Саратов. 2009.

21. Замятин Д.Н. Географические образы регионов в политической культуре общества//Регионология. 2009. №4, 2010. №1.

22. Федерализм и региональная политика в полиэтнических государствах: Сборник статей. М., 2009.

23. Чернышев А.Г. Регион: границы политического пространства. М., 2010.



24. Медведева В.К. Региональные интересы и политика. М., 2009.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет