Студенттерге арналған пән силлабусы пән туралы ақпарат



бет2/5
Дата30.09.2023
өлшемі51.03 Kb.
#479337
1   2   3   4   5
Қазақ тілінің тарихы мен жазуын оқыту СИЛЛАБУСЫ

Кәсіби құзіреттілігі: тарихи грамматикаға материал беретін зерттеу көздерін салыстыра талдап, бүгінгі тіліміздің қол жеткізген жетістіктерін тарихи тұрғыдан меңгеруі керек. Қазақ тілінің тарихына зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектерін зерделеп, тілдің және жазудың тарихына қатысты ой-пікірлерді талдай алуы тиіс.
Тұлғалық нәтижелері: студент «Қазақ тілінің тарихы мен жазуын оқыту» курсын оқу арқылы

Аталған курсты оқу арқылы студент:

  • зерттеу қабілеті мен тұжырымдау дағдысын дамытады;

  • өзіндік ізденістері мен шығармашылық қабілетін жетілдіреді;

  • сөзге, сөз тіркесіне, сөйлемге грамматикалық талдау жасай алады;

  • өз бетімен түрлі СӨЖ тапсырмаларын орындау арқылы білімін тереңдетеді;

  • қазақ тілінің тарихи грамматикалық жүйесін ғылымда әбден зерттеліп тұрақталған көзқарас тұрғысынан танып біледі;

  • жазудың тарихын білу арқылы қазақ тілінің даму эволюциясын түсіне алады;

  • Практикалық сабақтар мен СӨЖ, СОӨЖ тапсырмаларын орындау арқылы түйінді (қатысымдық, танымдық, ақпараттық, мәдени, проблемалардың шешімін табу) құзіреттіліктерін жетілдіреді.

4. Курстың академиялық саясаты
Академиялық тәртіп ережелері:

  • Әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалып, тапсырманы орындауыңыз қажет.

  • Практикалық сабақтарда берілген тақырыпқа байланысты ой тұжырымдау (пайым жасау) (индуктивті, дедуктивті т.б.) міндетті түрде көрініс табуы керек;

  • СӨЖ тапсырмаларын орындауда жаңа және құнды идеяларды анықтап, оның құнын арттыру мақсатында өз идеяларынызды ұсына білуіңіз керек;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет