Студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу



бет72/111
Дата07.11.2023
өлшемі308.2 Kb.
#482599
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   111
метод-СРС-СД-анест-реан-каз

4 сабақ
1. Тақырыбы: Жасанды емдік тамақтандыруды жүргізу. Стомаларға күтім жасау (трахеостома, ішек стомалары, эпицистостома, гастростома).
2. Мақсаты: Мұрын арқылы асқазанға және гастростомалық зонд қою, тік ішек арқылы ауыр науқастарды тамақтандыру техникасы және парентеральды тамақтандыру бойынша дағдыларын бекіту.
3. Тапсырмалар:
Асқорыту жүйесінің құрылымын талдау;
Жасанды тамақтандыру түрлерімен танысу;
Реанимациялық науқасты жасанды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша мейірбике – анестезистканың функцияларын талдау;
Гастростомалық және мұрын арқылы асқазанға зонд қою арқылы ауыр науқасқа нәрлі қоспа беру бойынша дағдыларын бекіту;
Жасанды тамақтандыру үшін қажетті құрал –саймандардың тазалануын және дайындығын меңгеру;
СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиеттердің таңдауын жүргізу (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, анықтамалықпен, оқу әдебиетімен, Интернет мәліметтерімен жұмыс жасау);
Конспект немесе көрнекі материалдармен реферат құру;
Берілген тесттер және ситуациялық тапсырмаларды шешу;
Өз бетінше тақырып бойынша тесттік сұрақтарды немесе ситуациялық тапсырмаларды құру.


4. Орындау түрі (реферат, презентация, тапсырмаларды құру, тесттер, алгоритмдер, ауру тарихын жазу, рөльдік ойындар үшін сценарийлер, рецензиялар және басқалар).
реферат
презентация
кезекшілік
есеп беру
тақырып бойынша өз бетінше тесттерді және ситуациялық есептерді құру
СӨЖ қиылыстық рецензиялауды жүргізу
6. Тапсыру мерзімдері: Тақырыптың жоспар бойынша 15 – ші практикалық сабақтан кешіктірмеуі қажет.
7. Бағалау критерилері: Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы – ҚР МЖМБС (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) 5.03.006 – 2006 негізге ала отырып «Мейірбикелік іс» - 051101 мамандық үшін «Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсында» дайындалған балды – рейтингті әріпті жүйемен бағаланады:
«өте жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын толық меңгергенін көрсетеді, ешқандай қателік жібермегенін, тапсырманы өз уақытында орындағанын және тапсырманы тапсыру барысында ой - өрісін жоғары деңгейде көрсеткенін, қосымша әдебиеттерді мерзімінде және өз бетінше қолдана алған, бағдарламадағы материалды өз бетінше жүйелендіре алғанын білдіреді.
«жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын 75 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, жауап беру кезінде дөрекі қателіктерді жібермегенін, берілген тапсырманы өз уақытында орындағанын және принципиальді емес ескертулерсіз тапсырғанын білдіреді. Оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді қолданғанын, принципиальді емес дәлсіздіктерді немесе принципиальді қателіктерді жібергенін және ол қателіктерді өзі дұрыстағанын білдіреді. Бағдарламадағы материалды оқытушының көмегімен жүйелендіре алғанын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет