Студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу



бет85/111
Дата07.11.2023
өлшемі308.2 Kb.
#482599
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   111
метод-СРС-СД-анест-реан-каз

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:
Мейірбике В вирустық гепатиті бар науқасқа инъекция егу кезінде өзінің саусағын жаралап алады. Осы кезде мейірбике не істеуі қажет?
Мейірбике егу бөлмесінде науқастан биохимиялық зерттеуге қан алады, ал жолдама қағазын шыны түтіктің ішіне салады. Мейірбикенің іс - әрекеті дұрыс па?
Мейірбике биохимиялық зерттеуге зертханаға қан талдауын алып бара жатқан. Жолда аяғы шалынып, қанның тамшылары көзіне тиіп кетеді. Осы жағдайдағы мейірбике тактикасы?
Қабылдау бөліміне артериялық қан кетумен науқас түседі. Көмек көрсетіп жатқан мейірбикенің ерні мен бет терісіне қан тиіп кетеді. Осы жағдайдағы мейірбике тактикасы?
8 Сабақ
1. Тақырыбы: Орнатылған үлгідегі медициналық құжатты жүргізу.
2. Мақсаты: Студенттерді бекітілген үлгідегі медициналық құжатты жүргізу мен таныстыру және үйрету.
3. Тапсырмалар:
- наркозға және наркоздың барлық кезеңдерінде медициналық құжатты дайындау және жүргізуде мейірбике – анестезистканың міндеттерін PBL әдісімен талқылау;
Студенттерді практикада қолданылатын есепке алу құжаттарымен таныстыру және СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиеттердің таңдауын жүргізу (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, анықтамалықпен, оқу әдебиетімен, Интернет мәліметтерімен жұмыс жасау);
Конспект немесе көрнекі материалдармен реферат құру;
Берілген тесттер және ситуациялық тапсырмаларды шешу;
Өз бетінше тақырып бойынша тесттік сұрақтарды немесе ситуациялық тапсырмаларды құру.
4. Орындау түрі (реферат, презентация, тапсырмаларды құру, тесттер, алгоритмдер, ауру тарихын жазу, рөльдік ойындар үшін сценарийлер, рецензиялар және басқалар).
реферат
презентация
есеп беру
кезекшілік
тақырып бойынша өз бетінше тесттерді және ситуациялық есептерді құру
СӨЖ қиылыстық рецензиялауды жүргізу
5. Орындау критерийлері:
1) Дайын реферат сабақ тақырыбы бойынша жан – жақты қамтылған ақпаратты қамтуы және онда тақырып бойынша өз көзқарасы, пікірі және мәселелері айқындалған болуы қажет.
2) Тақырып бойынша презентация қысқа, көрнекті және мазмұны мәнді болуы керек.
3) тақырыпқа сәйкес науқасты көріп келгеннен кейінгі есеп мейірбикелік үрдістің бұндай науқастарға ұйымдастыру және іске асыру бойынша, науқастаа анықталған проблемалар бойынша студенттің жеке пікірін қамтуы тиіс.
4) Әдістемелік нұсқаудағы тест және ситуациялық есептерді дұрыс шеше білу керек.
5) Өздігінен тест және ситуациялық есептерді сауатты құрастыру.
6) СӨЖ тақырыбына сауатты рецензия беру. Егерде студент 1-3 пунктан және 4-6 пунктан 1 пункт орындаса, онда өзіндік жұмысы орындалды деп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет