Студент істей алуы тиіс:
Зәрдің жедел тоқтауы кезінде көмек көрсетуді;
Қуық катетеризациясы кезінде асептика және антисептиканы сақтауды;
Еркектердегі және әйелдердегі қуық катетеризациясын жүргізуді;
Манипуляциядан кейін құрал – саймандарды тазалауды;
Қуықты жуып, дәрілік заттарды құю;
Шұғыл детоксикациялық терапияны жүргізуді;
Құсық кезінде шұғыл көмек көрсетуді;
Асқазан мен ішекті сифонды әдіспен жуу;
Ауыз қуысын тазалау.
4. Өткізу түрі:
Сұрақтарды қолдана отырып, сабақтың тақырыбы бойынша ми шабуылы әдісімен сабақты талдау;
Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
Кіші топтарда жұмыс істеу (3 – 4 адамнан құралған топ қанды құю техникасын талдап, оған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді шығарып қан тобын және стандартты сарысу бойынша резус – факторды анықтауды өткізуді, аудиториядағы жеке және биологиялық үйлесімділікті басқа топтарға презентация түрінде көрсетеді);
ТСО-дан қолдану (ПК, мултимедиалық проектор) сабақ тақырыбын презентациялау.
Тақырып бойынша тестерді шешу.
5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиеттердің таңдауын жүргізу (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, анықтамалықпен, оқу әдебиетімен, Интернет мәліметтерімен жұмыс жасау);
Сабақтың тақырыбы бойынша конспект, реферат немесе презентация құру, көрнекі материалдар;
Берілген тақырып бойынша ситуациялық тапсырмаларды талдау және тесттік сұрақтарды шешу;
Өз бетінше тақырып бойынша 15 тесттік сұрақтарын және 2 ситуациялық тапсырмаларды құру;
Детоксикациялық терапияны жүргізу кезіндегі жеке қорғаныс ережелерімен танысу.
Достарыңызбен бөлісу: |