СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:
50 жастағы еркекте кенеттен белінде қатты, күйдiретiн, түршiктiргіш ауырсыну пайда болды. Бұл ауырсынулар несеп жолына беріле бастады. Кіші дәреті жиілеген, жанға батарлық. Жүрек айну, құсқысы келу, метеоризм байқалады. Науқасқа не жағдай болған? Оған қалай шұғыл көмек көрсетеміз?
Егде кісіде бүйрек шаншуы ұстамасы дамып, сонымен бірге кіші дәрет кезінде қызыл зәр бөлінеді. Шұғыл көмек көрсету кезінде мейірбике науқастың беліне жылытқыш қойды. Мейірбикенің әрекетін бағалаңыз.
Ауру М., 16 жаста, ауруханаға өте ауыр шок жағдайында жеткізілді. Автокөлікпен соғылған. Екі аяғы көп жерінен сынған. АҚ – 80/60 мм.сын.бағ. Операция жасалған, шоктан 12 сағаттан кейін шықты. 4 тәулікте олигоанурия дамыды. Тәуліктік зәр көлемі 150мл. Науқастағы анурия механизмі қандай?
4 сабақ.
1. Тақырыбы: Реанимация жүргізудегі негізгі жетіспеушіліктер
2. Мақсаты: Реанимациядағы іс-шаралардағы негізгі кемшіліктермен таныстыру және үйрету.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:
Студент істей алуы керек:
Жоғарғы тыныс жолдарының өтімділігін қалпына келтіру
Амбу қабының, ларенгальді маска көмегімен, қарапайым әдіспен ӨЖЖ жүргізу
Жүрек тұсына соққы және жүрекке сыртқы массаж жасау
ӨЖЖ аппаратымен және кеңірдек интубациясы ӨЖЖ жасау
Венаға түсу жолын қамтамасыз ету
Электрокардиограммаға түсіру
Дефибрилляция және медикаментозды терапия жүргізу
Науқас жағдайын бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |