3 сабақ
1. Тақырыбы: Анестезиологиялық картаға тыныс алу және газ алмасу көрсеткіштерін тіркеу және бақылау. Инфекциялық бақылаудың алдын – алу. Аппараттарды жалғастыратын біріктіру элементтерін зарарсыздандыру.
2. Мақсаты:.
Студенттерді анестезиологиялық картаға газ алмасу мен тыныс алу көрсеткіштерін тіркеп,бақылау. Тыныс алу аппараттарын қосатын элементтерінің инфекциялық бақылауы және деконтоминациясымен таныстыру.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:
ӨЖЖ жүргізудің жалпы принциптерін
ӨЖЖ-дің әдістері мен режимдерін таңдауды
Пульсоксиметрия, оның маңызы, жұмыс істеу принципын
ӨЖЖ аппараттарының бұзылуы және оның келіп шығу өзектерін
Пульсоксиметрияның физиологиялық негіздерін
Пульсоксиметрияның практикада қолданылуын
Артериальды гипоксемияның себептерін
Капнография, әдістің технологиясын
Капнометрияның принциптері, капнографтың жұмыс мінездемесін,
Капнографияның физиологиялық негіздерін
Капнограмманы
Капнографияны практикада қолдану. Мониторды жұмысқа дайындауды.
Қалыпты капнограмманың көрсеткіштерін
Оксиметрия, әдістің технологиясын
Оксиметрияны практикада қолдануды
Инфекциялық бақылаудың алдын - алуды
Қосу элементтерінің деконтаминациясын
Студент істей білуі тиіс:
Науқасты бақылау үшін мониторды қосуды
Пульсоксиметрияның іске қосып, бақылауды
Капнографтың, волюмоспирометрдің жұмысын бақылауды
Желденудің бұзылыстарын өз уақытында аңғаруды
Тыныс алу контурының бүтіндігін және FiO2-ның бақылауды
ЭКГ-ны түсірудің техникасын
Электроэнцефалография түсірудің техникасын
Кардиомониторларды қолдануды
Интенсивті терапия картасына науқастың жағдайын және бақылау көрсеткіштерін тіркеуді
Қосу элементтерінің деконтаминациясын жүргізуді
Достарыңызбен бөлісу: |