Студенттің ПӘндік оқУ-Әдістемелік кешені



бет34/50
Дата17.04.2024
өлшемі3.15 Mb.
#499035
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50
UMK SUMP KZ1

Дәріс 14. Біркриссталды микроЭЕМ-дер

КМ1816ВЕ48 микросхемасы конструктивті түрде 40-шығысты корпуста жасалынған. Барлық шығыстары – TTL.





Сурет-14.1. КМ1816ВЕ48 микросхемасы


Біркриссталды микро ЭЕМ процессорының негізін 8-разрядты арифметикалық-логикалық құрылғы құрайды. Арифметикалық-логикалық құрылғы құрамына: аккумулятор (А), аккумулытор регистрі (АР), уақытша сақтау регистрі (УР), ондық коррекция схемасы (ОКС) кіреді.





Сурет-14.2. Біркриссталды микро ЭЕМ құрылымы.


Командалар санағышы (КС) команданың программа жадысындағы ағымды адресін қалыптастыруға арналған. КС 12 разрядтан тұрады (+1/CALL, RET, RETR және үзу).


Командалар дешифраторы (КД) программалы логикалық матрица.
Программалар күйінің регистрі (PSW) біркриссталды микро ЭЕМ күйі туралы деректерді сақтауға арналған.
0-2 р. – стек көрсеткіші (S0,S1,S2);
4 р – ортақ мақсаттағы регистр (ОМР) (BS)блогынің (0/1) номері;
5 р – қоданушы жалаушасы (F0), шартты көшу командасы кезінде қолданылады;
6 р – қосымша тасымал (АС);
7 р - тасымал (С), аккумулятордың аса толуы.
PSW регистрі программалық жолмен тексеріле алады және толығымен немесе разряд бойынша модификациялана алады. INT кірісі және санағыш таймерінің жалаушасы бойынша үзу кезінде төрт разрядтардың (4 … 7) құрамы автоматты түрде стекке жазылады, ал программадан қайтқанджа стек көрсеткіші инкременделеді, ал стектен алар кезде декременделеді. Стек көрсеткіші аса толған кезде 7 күйден 0 күйге ауысады.
Шартты көшу схемалары шартты көшу кезіндегі программа бқтақтары бойынша басқару сигналдарын қалыптастыру үшін арналған. Көшу шарттары келесідей анықталады:

  • аккумулятор мазмұнымен;

  • аккумулятор битінің құрамымен;

  • көшу жалаушасының күйімен;

  • F0, F1 жалаушаларының күйімен;

  • TF санағыш таймерінің триггерімен;

  • Біркриссталды микро ЭЕМ кірісіндегі сигналдармен.

14.2-суретте біркриссталды микро ЭЕМ құрылымы берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет