Студенттің ПӘндік оқУ-Әдістемелік кешені



бет45/50
Дата17.04.2024
өлшемі3.15 Mb.
#499035
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
UMK SUMP KZ1

Курстық жұмыс

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – арифметикалық операциялардың алгоритмдерін жасау бойынша практикалық машықтарға ие болуды, осы алгоритмдердітиптік элементтерде, берілген базис түйіндерінде іске асыратын операциялық және басқарушы цифрлық автоматтардың құрылымын құруды үйрену.


Студент берілген курстық жұмысты бекітілген стандарттарға сәйкестендіріп жазуы керек. Жұмыс А4 форматында компьютерде терілген болуы керек. Егер 14 шрифт қолданылса бір интервалмен, ал 12 шрифт қолданылса біржарым интервалмен жазылуы керек.
Жұмыс титулды беттен, тапсырмадан, мазмұнынан, кіріспе бөлімнен, негізгі бөлімнен, есептеу бөлімдерінен тұруы керек. Курстық жұмыс сондай ақ, қорытынды бөлімнен тұруы керек. Есептеу бөлімінің нәтижесінде алынған сұлбалар қосымшаларда сызба милиметрлік қағаздарында немесес сәйкес компьютерлік бағдарламаларда сызылған болуы керек. Студент әдебиеттер бөлімінде жұмысты орындау барысында қолданылған әдебиеттер тізімін келтіруі керек.
Курстық жұмыстың варианттары түрлі базистегі типтік логикалық элементтердің белгілі бір жинағы арқылы, операциялық автоматтың түрлі құрылымдары арқылы, орындалатын операциялардың алгоритмдер жинағы арқылы қалыптасады.
Курстық жұмыстардың тақырыптары

      1. Бекітілген үтірлі екілік сандарға екілік санау жүйесінде алгебралық қосуды орындайтын арифметикалық логикалық құрылғыны жасау;

      2. Бекітілген үтірлі екілік сандарға 2421 санау жүйесінде алгебралық қосуды орындайтын арифметикалық логикалық құрылғыны жасау;

      3. Бекітілген үтірлі екілік сандарға 8421+3 санау жүйесінде алгебралық қосуды орындайтын арифметикалық логикалық құрылғыны жасау;

      4. Бекітілген үтірлі екілік сандарға 8421+6 санау жүйесінде алгебралық қосуды орындайтын арифметикалық логикалық құрылғыны жасау;

      5. Бекітілген үтірлі екілік сандарға екілік санау жүйесінде алгебралық азайтуды орындайтын арифметикалық логикалық құрылғыны жасау;

      6. Бекітілген үтірлі екілік сандарға 2421 санау жүйесінде алгебралық азайтуды орындайтын арифметикалық логикалық құрылғыны жасау;

      7. Бекітілген үтірлі екілік сандарға 8421+3 санау жүйесінде алгебралық азайтуды орындайтын арифметикалық логикалық құрылғыны жасау;

      8. Бекітілген үтірлі екілік сандарға 8421+6 санау жүйесінде алгебралық азайтуды орындайтын арифметикалық логикалық құрылғыны жасау;

      9. Бекітілген үтірлі екілік сандарды екілік санау жүйесінде көбейткіштің кіші разрядынан бастап, қосындыны оңға жылжыта отырып көбейту;

      10. Бекітілген үтірлі екілік сандарды екілік санау жүйесінде көбейткіштің үлкен разрядынан бастап, қосындыны солға жылжыта отырып көбейту;

      11. Бекітілген үтірлі екілік сандарды екілік санау жүйесінде көбейткіштің кіші разрядынан бастап, көбейгішті солға жылжыта отырып көбейту;

      12. Бекітілген үтірлі екілік сандарды екілік санау жүйесінде көбейткіштің үлкен разрядынан бастап, көбейгішті оңға жылжыта отырып көбейту.

      13. Бекітілген үтірлі екілік сандарды екілік санау жүйесінде қалдықты солға жылжыта отырып қалпына келтіріп бөлу;

      14. Бекітілген үтірлі екілік сандарды екілік санау жүйесінде алдықты оңға жылжыта отырып қалпына келтіріп бөлу;

      15. Бекітілген үтірлі екілік сандарды екілік санау жүйесінде бөлгішті солға жылжыта отырып қалпына келтірмей бөлу;

      16. Бекітілген үтірлі екілік сандарды екілік санау жүйесінде бөлгішті оңға жылжыта отырып қалпына келтірмей бөлу;

      17. Берілген жады құрылғысының үлкен итегралды сұлбасын қолдана отырып нақты сыйымдылығы жедел және тұрақты жады құрылғы жасау;

      18. Микропроцессорлық негізде деректерді жинау құрылғысы.

      19. Солға 9 разрядқа жылжытатын D триггерінен жасалынған регистрді сұлбасын тұрғызу.

      20. Оңға 11 разрядқа жылжытатын JK триггерінен жасалынған регистрдің сұлбасын жобалау;

      21. 12 разрядты D триггерінен жасалынған реверсивті регистрдің сұлбасыне жобалау;

      22. Санау коэффициенті Ск=11, алдын ала орнатуы бар санағыштың сұлбасын жобалау;

      23. Санау коэффициенті Ск=14, мәжбүрлі түрде санайтын санағыштың сұлбасын жобалау;

      24. Санау коэффициенті Ск=17, табиғи түрде санайтын санағыш сұлбасын жобалау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет