№ 4 тақырып. Суды тазартудың мембраналық әдістері
Дәріс жоспары:
Кері осмос принципі.
Электродиолиз технологиясы.
Кері осмос принципі
Бұл әдістің негізінде –ерітіндіге жартылай өткізгішті бөгет арқылы қоспалардың өзіндік өтуінің осмостық құбылысы жатыр. Тепе-теңдікке түсіретін қысым осмотық деп аталады. Бұл құбылыс 4.1 – ші суретте көрсетілген.
4.1-сурет. Осмос.
Егер де ерітінді жақтан осмостықтан асатын қысым түсірілсе, онда еріткішті ауыстыру кері бағытта болады, яғни «кері осмос» пайда болады (4.2 – ші сурет).
4.2-сурет. Кері осмос.
Электродиализдің технологиясы
4.3-сурет. Суды үзіліссіз электродеонизациялау
Электродиализ – процестің қозғаушы күші электр өрісі болатын суды тазалаудың мембраналық әдісінің бір түрі.
Қозғаушы күші электр өрісі болатын суды тазалаудың мембраналық әдісінің бір?
Суды тазартудың мембраналық әдістері тақырыбы бойынша сұрақ
Электродиализ.
Микросүзгілеу.
Кері осмос.
Электродиализ – процестің қозғаушы күші электр өрісі болатын суды тазалаудың мембраналық әдісінің бір түрі.
№ 5 тақырып. Суды газдардан тазарту
Дәріс жоспары:
Декарбонизаторлар. Көміртегі диоксидісін декарбонизаторларда жою технологиясы.
Газдың суда ерігіштігі туралы жалпы мәліметтер.
Газдарды судан десорбциялау.
Газдың суда ерігіштігі туралы жалпы мәліметтер
Деаэрация (дегазация) – судағы еріген агрессивті газдарды (оттегі мен көмірқышқылын) жоятын үрдіс.
Судан еріген газдарды жоюдың тиімді тәсілдерінің бірі - десорбция (термиялық деаэрация).
Бұл тәсіл судағы еріген газдардың конценрацияларының арасындағы тәуелділікпен оның парциалдық қысымымен сипатталатын, Генри – Дальтон заңдылығына негізделген.
Суда еріген газдың концентрациясы келесі өрнекпен анықталады:
мұндағы
- суда еріген газдардың конценрациясы;
- газдың сумен сорылу коэффициенті;
- жалпы қысым;
- сулы будың парциалды қысымы.
5.1 – сурет. Аралас типті атмосфералық деаэратордың сүлбесі
Достарыңызбен бөлісу: |