Су дайындау


Суды алдын-ала тазарту тақырыбы бойынша сұрақ



бет5/12
Дата05.11.2022
өлшемі1.51 Mb.
#464067
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
су дайындау лекция

Суды алдын-ала тазарту тақырыбы бойынша сұрақ
Коллоидтық қоспалардың коагулирленуіне әкелетін реагенттермен суды өңдейтін технологиялық үрдісті атаңдар?
Коагулирлеу.
Ізбестеу.
Сүзгілеу.
Коллоидтық қоспалардың коагулирленуіне әкелетін реагенттермен суды өңдейтін технологиялық үрдісті коагулирлеу деп атайды.
№ 3 тақырып. Ионды алмасу әдісі арқылы суды өндеу
Иониттер мен ионалмасу процестері туралы жалпы мағлұматтар.
Аниндау.
Иониттредің технологиялық қасиеттері .
Катиондау.
Дәріс жоспары:
Иониттер мен ионалмасу процестері туралы жалпы мағлұматтар
Ион алмастыру әдісімен суды өңдеу ион алмастырушы материал және ионит деп аталатын суда мүлдем ерімейтін заттардың қабілетіне негізделген. Бұл үшін өңдеу суын ионтпен толтырылғана сүзгі арқылы өткізеді. Ионит дәнделерінің арасынан өткен соң өнделетін су еріген электролиттері бар иониттің иондарының эквивалентті санымен ауыстырады, осының нәтижесінде сүзілген су сияқты, иониттің құрамы да өзгереді.
Ион алмасу әдісімен суды өңдеу нәтижесінде катион алмасуы жүрсе катиондау деп, анинонның алмасуы жүрсе аниондау деп аталады.
Ионитті сүзгілердің жұмысы циклының ұзақтылығы, иониттің алмасу сиымдылығымен, яғни ион алмасу қасиетіне байланысты болады.
Иониттредің технологиялық қасиеттері
Иониттер ретінде сульфокөмір және пластикалық массалар (полимерлер) түріне жататын синтетикалық смолаларды қолданады.
Синтетикалық смолалар мыңнан кейде он мыңнан тұратын тұрақты байланысқан атомдардан тұрады. Мұндай молекулалардан тұратын заттарды – зор молекулалы заттар, яғни алыптар деп атайды.
Зор молекулалы заттарға жататын иониттер келесі өзгеше қасиеттермен, яғни ісіну, суда ерімеу және ион алмасу реакцияға қабілеттілігімен ерекшеленеді.
Массасы бір иониттің көлем қатынасы ісінген және салмақсыз-құрғақ түрінде ісіну коэффициенті деп аталады, ол сусымалы салмақсыз-құрғақ иониттің тығыздығының ісінген иониттің тығыздығына қатынасына тең, яғни 1м3 массадағы ісінген ионитті құрғатқаннан кейін оның салмақсыз-құрғақ күйіне дейін, яғни
3.1-суретте қарапайым түрдегі ионит молекуласының құрылымдық сүлбесі бейнеленген.
3.1 – сурет. Ионит молекуласының құрылымдық сүлбесі.
1-иониттің көпатомды қатты қанқасы; 2-қанқамен байланысқан активті топтың (функционалды топтар) қозғалмайтын иондары; 3-алмасуға қабілетті активті топтардың шектеулі қозғалатын иондар.
3.2- сурет. Ионитті сүзгінің сүлбесі.
1,2 - өнделетің судың кірісі мен шығысы, 3,4 –судың кірісі және шығысы, 5- регенерациялық ерітіндінің кірісі, 6 –кәрізге түсуі, 7 – ауа шығарғыш, 8,9 – үлгіні реттейтін крандар.
Ионитті сүзгінің толық циклы пайдаланылатын сүзгі мен оның регенерация периодын қамтиды. І дәрежелі сүзгі үшін судың сүзілуі 15-30 м/с жылдамдықпен ІІ дәрежелі сүзгі үшін 40-60 м/с жылдамдықпен жүру керек. І дәрежелі сүзгі үшін арын шығыны 0,06-0,1 МПа, ІІ дәрежелі үшін – 0,12-0,15 Мпа; ФСД үшін - 0,15-0,25 Мпа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет