Су дайындау


Газдарды судан десорбциялау



бет8/12
Дата05.11.2022
өлшемі1.51 Mb.
#464067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
су дайындау лекция

Газдарды судан десорбциялау
Термиялық деаэрация – ЖЭС және АЭС – да қолданылатын судан еріген газдарды жоюдың негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Бұл әдіс станцияның сүлбесіне енгізіледі. Сонымен бірге, деаэрация судан кез – келеген газды жоятын әдістің бір түрі.
5.2.- сурет. Декарбонизатордың қабыршақты түрінің принципиалды сүлбесі
Декарбонизаторлар. Көміртегі диоксидін декарбонизаторларда жою технологиясы.
Көмірқышылын жою декарбонизаторлар деп аталатын аппараттарды жүреді, ал үрдістің өзі декарбонизациялау деп аталады.
Декарбонизатордың қабыршақты түрінің принципиалды сүлбесі 5.2 – ші суретте бейнеленген.
Судағы еріген агрессивті газдарды (оттегі мен көмірқышқылын) жоятын үрдіс?
Суды газдардан тазарту тақырыбы бойынша сұрақ
Электродиализ.
Декарбонизациялау.
Деаэрация.
Деаэрация (дегазация) – судағы еріген агрессивті газдарды (оттегі мен көмірқышқылын) жоятын үрдіс.
№ 6 тақырып. Суытылған және айналымдағы суды өңдеу
Дәріс жоспары:
Салқындататан және айналымдағы жүйелерде биологиялық түзілулерді болдырмау жолдары.
Қақтардың түзілуі мен олардың түрлері.
Минералды қалдықтарды болдырмау жолдары.
Қақтардың түзілуі мен олардың түрлері
Қақ дегеніміз – қазандықтың немесе жылуалмастырғыштың қалыпты жұмысын бұзатын, суыту немесе қыздыру кезіндегі судың бетінде пайда болатын өте тығыз орналасқан шөгіндер.
Бу генераторларында болатын қақтар өзінің химиялық қасиетіне қарай келесі төрт топқа бөлінеуі мүмкін:
  • Кальций мен магнийдің негізгі қосындысынан тұратын сілтілі қақтар.
  • Темір қосындыларынан тұратын темір қышқылды қақтар.
  • Мыстың кішкентай мөлшерінен тұратын мыстық қақтар.
  • Құрамы әртүрлі болып келетін силикатты қақтар.

  • 30-50% кремнийдің екі тотығымен бірге силикатты қақтар құрамына алюминий, темір және натрий енуі мүмкін.
    Қақ шөгінділерінің ерекше қасиеті, қақтардың кеуектілігі мен олардың құрылымына қарай үлкен арақашықтықта өзгеретін аз жылуөткізгіштігі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет