Су мен көміртек атомынан құралған тәрізді. Жалпы формуласы : С


Көмірсулардың атқаратын ролі



бет4/5
Дата19.09.2023
өлшемі31.79 Kb.
#477929
1   2   3   4   5
көмірсу анаболизмі

Көмірсулардың атқаратын ролі
Көмірсулар семіздіктің дамуында, сондай-ақ, оның алдын алуда да маңызды роль атқарады.
Көмірсулар – организм үшін басты энергия көзі. Организм энергияға ұдайы мұқтаж болады, сондықтан, көмірсулы тағам өнімдері рационда жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Алайда, осыған дейін талқылағанымыздай, көмірсулар әр түрлі болады.
Организмде сіңірілу жылдамдығы бойынша көмірсулар жылдам (жеңіл сіңетін) және баяу (күрделі) түрге бөлінеді. Жылдам және жеңіл сіңетін көмірсулар тәттілерде, қантта, жоғары және бірінші сұрыпты ұнда, ұн өнімдерінде, тәтті сусындарда, ақ нанда, кондитер өнімдерінде, алкогольде, тазартылған күріште, картоп чипсілерінде, фри-картобында болады. Оларды тұтыну қандағы қант деңгейінің күрт артуына және осылайша күрт төмендеуіне апарады, демек, тез арада ашығу сезімін туындатады. Қандағы қанттың күрт көтерілуінде организм оны өзінің энергетикалық қажеттіліктеріне шығындап үлгермейді, сондықтан, артық қант организмнің май тіндеріне бағытталып, майға айналады. Біз осыған дейін талқылағандай, денедегі май энергетикалық қажеттілікке шығындалмаған глюкозадан және тағамдық майдан түзіледі.
Мұндай өнімдерді сирек тұтыну қажет, себебі, денсаулыққа түрлі мәселелер әкелуі мүмкін: ұйқыбезіне жүктеме түсіруі және қант диабетінің дамуы, артық салмақ және семіздік, жүрек-қантамыр аурулары, онкологиялық дерттер, остеопороз, т.б.. алайда, көптеген адамдар бала жастан тәттіге үйренген және осы тағамдық дағдыдан еркінше арыла алмайды. Қанттың есірткіге ұқсас әсер етуі мүмкін: олар ауызға түскенде мида есірткінің мөлшерін қабылдағанда қозатын «қанағаттану аймақтары» қозуға ұшырайды. 
Тәтті сусындар аса қауіпті: олар жоғары калориялы, себебі, қанттың зор мөлшері болады, шөлді басудың орнына олар белгілі бір уақыттан кейін қайтадан шөлдетеді. ДДҰ ескертеді: тәтті сусындар мен фаст-фуд (бургердегі бөлішкеде жылдам көмірсулар бар, ал котлетте – май көп) балалар мен ересектер үшін семіздік қаупінің аса мүмкін телімді факторы.
Баяу немесе күрделі көмірсулар тұтас дәнді өнімдерде, бұршақ тұқымдастарда, бидайдың қатты сұрыптарынан жасалған макарон өнімдерінде, көкөністерде, жемістерде, талшығы мол өнімдерде болады. Оларды тағамға тұтыну ұзақ уақыт бойы тойымдылық сезімін береді және энергияның қажетті деңгейін қолдауға көмектеседі, себебі, тамақтан энергияның бөлінуі ұзақ уақытқа созылады. Көкөністердегі, жемістердегі, тұтас дәндердегі және басқа табиғи өнімдердегі баяу көмірсулар асқазан-ішек жолдарында глюкозаға дейін баяу ыдырайды және қандағы қант деңгейін баяу, біртіндеп, ұзақ уақыт ішінде көтереді. Организм глюкоза түрінде алынған энергияны шығындап үлгереді, себебі, ол қанға біртіндеп, асықпай түседі. Демек, мұндай жағдайда қант артық май қорына айналмайды.
Осылайша, «дұрыс» көмірсулар семіздіктің алдын алуда және түзетуде маңызды роль атқарады. Бұл өнімдерде көмірсулардан басқа қажетті тағамдық заттектер: дәрумендер, минералдар, дәрумен тәрізді қосылыстар (биофлавоноидтар, холин, инозит және басқа биологиялық белсенді заттектер), және талшықтар болады. Талшықтар глюкозаның қанға сіңуін бәсеңдетеді, тамақтың ас қорыту жолында жылжуына ықпал етеді, осылайша, іш қатуының алдын алады, өзіне тамақтағы майлардың, холестериннің және қанттың артығын сіңіреді, сондай-ақ, адамның ішегінде мекендейтін пайдалы бактериялар үшін қорек болады. Тұтас жармаларды, бұршақ тұқымдастарды, көкөністер мен жемістерді тұтына отырып, ас қорытылуын оңтайлы етесіз, қандағы қант деңгейін бақылайсыз және артық килограмдардың болуына жол бермейсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет