Суханберлиева жансая амангельдиевна



бет3/4
Дата01.07.2016
өлшемі0.57 Mb.
#170411
түріДиссертация
1   2   3   4

Әдебиеттер тізімі:

  1. Д.Ш.Матрос, Д.М. Полев, Н.Н.Мельникова. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий; М.;2001;30-33бб.

  2. М.В Лебедева, О.Н.Шилова. Что такое ИКТ-компетентность студентов педагогического университета и как ее формировать. Информатика и образование; 2004; №3; 96-100 бб.

  3. В.А.Каймин. Курс информатики: состояние, методика и перспективы. Информатика и образование; 1990; №6; 26-31 бб.

  4. А.Л.Зимин, Е.К.Хеннер. Повышение квалификаций работников образования в области информационно-коммуникационных технологии. Информатика и образование; 2004; №12; 1-4 бб.

  5. Е.К.Хеннер, А.П.Шестаков. Инфармационно-коммуникационная компетентность учителя: структура, требования и система измерения. Информатика и образование; 2004; №12; 5-6 бб.

  6. Жубаева, Ж. О., Жаһандану жағдайында болашақ мамандардың ақпаратты технологияларды қолдану мәселелері / Ж.О Жубаева // Бастауыш мектеп . - 2011. - № 5-6. - . 13-16.

  7. Мұратбекова, А. Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру / А. Мұратбекова // Білім - Образование . - 2008.-№3. - . 19-21

  8. Нұрғалиева, А. Ақпаратты-қатынастық технологияларды оқыту үрдісінде пайдалану мәселелсінің зерттелу жағдайы / А. Нұрғалиева, Ғ. Б. Саржанова // Қазақстан педагогикалық хабаршысы - Педагогический вестник Казахстана. - 2011. - №1. - . 99 - 101.

  9. Сыздықбаева, А. Пәндерді оқытуда педагогикалық технологияны пайдалану / А. Сыздықбаева // Мектеп директорының орынбасары. - 2006.-№6. - . 4

  10. Саметеева, Ж. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда компьютердің мүмкіншілігін пайдалану / Ж. Саметеева // Педагогикалық кеңес. - 2007.-№5. - . 5-8

  11. Қараева, Қ. Педагогикалық жаңа технологиялар тиімділігі / Қ. Қараева // Қазақстан мектебі. - 2010. -№ 12. - . 9 - 13.

3 кесте- Дәрістік, практикалық және зертханалық сабақтарының

күнтізбелік-тақырыптық жоспары


№ аптасы

№ Тақырып

Аралық бақылау және тақырып атауы



Аралық бақылау бойынша сағат саны

Ескерту


Лек

Прк.

Лаб

БАОӨЖп

БАӨЖ




1

2

3

4

5

6

7

8

9




1

№1. Аралық бақылау:

«Білім беру саласындағы ақпаратты қатынастық технологияны қолданудың қазіргі тандағы жағдайы»



2







1










2

Электронды құрылғыларды пайдалана отырып сабақты жүргізу

2







1










3

Мектепті басқарудың автоматизациялық жүйесі

2







1










4

Оқушының танымдық іс-әрекетін белсендіретін ақпаратты қатынастық технологиялар

2







1










5

Ақпаратты қатынастық технологиялар құралдарын қолданудағы тұлғаға бағытталған оқытудың мүмкіндігін жүзеге асыру

2







1










6

Білім берудегі ақпаратты технологиялар,Ақпаратты мәдениет



1




1










7

№2 Аралық бақылау:

Педагогикалық қосымшаларды дайындауда ақпаратты бағдарламалық құралдардың мүмкіншілігін көрсету





1




1










8

Педагогикалық ситуацияларды дайындап оларды электронды иллюстрациялар (суреттер, сызба -нұсқалар мен слайдтар) арқылы көрсету



1




1










9

Қатынастық технологияны оқу-тәрбие мақсатта пайдалану



1
















10

Педагогика пәнінен ақпаратты қатынастық технология арқылы портфолио дайындау



1



















Барлығы:

10

5




8







Тәжірибелік жұмысымыздың барысының олардың өткізілген курсты игеруіне қалай әсер еткенін айқындауға бағытталған сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 23 тындаушы қатысты.

Сауалнама:

  1. Сенің пікіріңше, ақапараттық-қатынастық технологияны білу қаншалықты маңызды?

  2. Оқыту үрдісінде ақпаратты құралдарды игеру қаншалықты қажетті?

  3. «Білім берудегі ақпаратты-қатынастық технологиялар» атты курсты меңгеруден қандай әсер алдыңыз?

  4. Аталған курс бойынша алған біліміңді өмірде қалай қолданамын деп ойлайсыз?

  5. Жоғары мектепте ақапараттық-қатынастық технологияны оқып игеруге кеткен уақытыңды кәсіби мамандығыңды игеруге жұмсаған ұтымды деп ойламайсыз ба?

  6. Аталған курсты жүргізу барысында қандай формалар мен әдістер ұтымды болды деп ойлайсыз? Деген сұрақтарға жауап алып, нәтижесін қорытындыладық. Енді сол нәтижесіне зер салайық:

Сенің пікіріңше, ақапараттық-қатынастық технологияны білу қаншалықты маңызды?


68% - аса маңызды

23 % - ол қажеттілік

9% - білуге міндеттіміз


Оқыту үрдісінде ақпаратты құралдарды игеру қаншалықты қажетті?


57% - ақпараттық технологияға қатысты мағлұмат алудың пайдасы болмаса зияны жоқ

29% - қазіргі таңда жан-жақты болған жөн

14% - ақпараттық технологияларды білу заман талабына сай

Студенттердің өзіндік жұмыстарын «Білім берудегі ақпаратты-қатынастық технологиялар» арнайы курс негізінде ұйымдастырудың бағдарламалық оқыту технологиясынан ерекшелігі оның ыңғайлылығы: теориялық оқу мен практикалық регламенттік байланыстардың жоқтығы; жеке білім алу траекториясын құру; өзіндік моделін жасау; құралдарды таңдап алу және топпен немесе жекелеген түрдегі танымдық әрекет сияқты басқа да мүмкіндіктер бар. Бұл шақ кәсіби маманның дербес әрекетіндегі маңызды кезең болып саналады, себебі ол студенттің тұлға ретіндегі белсенділік, құзіреттілік, әлеуметтік есеюіне себеп болады. Осы мәліметтер негізінде біз студенттердің өзіндік жұмысын жаңа ақпаратты технологияларды қолдана отырып, ұйымдастыру жұмысының жүйесін құрастырдық.

Бұл жүйе жоғары оқу орындарындағы педагогикалық процесте студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында көрсетілген компоненттерді (мақсаты, міндеттері, әдіснаманың негіздері, педагогикалық ұстанымдары, мазмұны, педагогикалық шарттары, түрлері мен тәсілдері, жолдары) тұтастық бірлігінде қолдануды қажет етеді. Оның нәтижесінде инженерлік тұрғыдағы арнайы компьютерлік бағдарламаларды және кешенді есеп шығару тәсілдерін, әртүрлі пәндер жобасын, интерактивті білім мен оларды қолдана білу қабілеттерінің жетілдіру әрекеттері жүзеге асырылды. Біздің тәжірибемізде бұл қойылған мақсат студенттердің өзіндік жұмыстарын жаңа тұрғыдан ұйымдастыруда, әсіресе практикалық және семинар сабақтары жаңа ақпаратты технология жағдайында студент пен оқытушы-тьютордың әріптестік қатынасын жасауға себеп болды, оның бір мысалы оқытушы студенттердің есеп беру шараларын электрондық пошта арқылы электрондық конспект түрінде де қабылдап отырылды. Осы әрекет арқылы тұлғаның дербестігін, құзіреттілігін, белсенділігін, икемдігін және дағдысын шыңдауға болатыны байқалды.

Диагностика жүргізу барысында бастапқы кезеңде екі топтың да студенттеріне тапсырма жеке-жеке берілді. Содан кейінгі кезеңдерде жаңа ақпаратты-қатынастық технология студенттерге тигізетін тиімді әсерін, пән бойынша бүкіл оқу материалын толық меңгеру нәтижесіне қарай анықтадық. Берілген тапсырмалардың күрделілігі мен бастапқы кездегі екі топтың да білімдері салыстырмалы түрде бірдей деңгейде болды. Сонымен бірге, эксперимент барысында өзіндік жұмыстарға тест сұрақтары арқылы жүйелі бақылау жүргізіліп отырды. Әр тапсырма орындалып біткен бойда оқу материалының теориялық және практикалық ұғыну коэффициентін анықтау үшін тест алынды және оның салыстырмалы кестесі жасалды. Нәтижесінде, педагогика пәнінен СӨЖ Electronics Workbench жүйесін қолдану арқылы ұйымдастыру студенттердің оқу материалын меңгеру сапасын жоғарылатқанын байқатты. Тестің күрделігіне байланысты берілген жауаптардың дұрыстығына қарай төмен немесе жоғары балл қойылды.

Студенттердің білімін бағалау жүйесі бойынша, ағымдағы үлгерімнің нәтижесі – 40%, ал қалған 60% сынақтан жинауы керек, яғни пәннен жиналатын қорытынды баға пайызбен есептегенде мына формула бойынша анықталды:

, (1)

мұндағы Р1 – бірінші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші;



Р2 – екінші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші;

Э – сынақ бағасының пайыздық көрсеткіші.

Сандық баламадағы қорытынды баға Иқ кестеге сәйкес, балдық көрсеткіш И%-ке аударылады. Алынған бағаның сапалық деңгейі 2 кестеде көрсетілген.


4 кесте – Студенттердің өзіндік жұмыстарын орындау әрекетін бағалаудың сапалық деңгейі

Белгіленген баға







Жетілу деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Балдық сандық эквиваленті

3

4

5

Пайыздық көрсеткіш

50-74

75-89

90-100

Ақпаратты-қатынастық технологиялар жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстары компоненттерінің өзгеру динамикасының көрсеткіштері 3 кесте берілген.

Кестеде көрсетілгендей, бақылау тобымен салыстырғанда эксперименттік топта оқу деңгейі жоғары болды, дұрыс мотивация қалыптастыруға әсер ететін ақпаратты технологиялар негізінде оқытудың факторлары: жаңалық әсері, жалпы жұмыс қарқынына тәуелсіздігі, күрделілік деңгейін таңдап алу мүмкіндігі, барлық тапсырманы орындау міндеттілігі және т.б. және бақылау мен эсперименттік топтардың орындаған оқу тапсырмаларының дербес шығармашылық деңгейі эксперименттің бастапқы және соңғы кезеңдерінің көрсекіштерінен көрінетіні анықталды. Эксперимент тобының студенттері өз беттерімен шешім қабылдауды қалыптасқан білім, іскерлік, дағды жүйелерін шығармашылыққа алмастыруды меңгергендіктерін, олардың жетілу көрсеткіштерінің жоғары, ал бақылау тобындағылардың төмен болғандығын көрсетті.

5 кесте –Ақпаратты технологиялар жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстары компоненттерінің өзгеру динамикасының көрсеткіштері



Пайызбен көрсетілген

Компоненттері

Жұмыс кезеңдері

Жоғары

Орта

Төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Ұйымдастырушылық-педагогикалық

Басы

8,00

8,2

59,5

60,0

32,5

37,8

Соңы

45,2

8,8

54,8

59,6

-

31,6

Ақпаратты- мазмұндық

Басы

9,0

9,44

41,3

43,8

40,26

46,76

Соңы

56,8

10,0

49,7

44,0

-

46,0

Процессуалдық

Басы

8,17

9,2

50,7

52,6

41,13

38,2

Соңы

46,6

9,6

52,0

53,2

1,4

37,2

Рефлексивтік

Басы

5,8

7,3

61,4

52,7

32,8

40,0

Соңы

49,8

7,5

49,0

53,0

1,2

39,5

Біздің тәжірибе жұмысымыз, студенттер еңбек нарығына тап келген кезде өздігінен жетілуге, жаңаны өз бетімен игеруге қабілетті болатынын көрсетті. Осы орайда өткізілген тәжірибе жұмысы мынадай ерекшеліктерге ие болды: студенттердің оқуға деген мотивациялары жоғарылады; түлектердің кәсіби біліктіліктері артты, технологиялық, өндірістік, диплом алдындағы практикалар ерекше маңыздылыққа ие болды.

Тәжірибелік-эксперимент жүргізу барысында, біз, электротехника пәнінен оқу-әдістемелік кешен дайындадық. ОӘК (оқу-әдістемелік кешен) жобалау және құрастыру барысында дидактикалық мақсаты мен оның жеке құрамдас бөліктерін анықтайтын көрсеткіштерін ескере отырып, Соловов А.В. және Беспалько В.П. ұсынған дидактикалық көрсеткіштер жүйесін негізге алдық. Мақсаттық көрсеткіштерді сандық (білімді меңгеру деңгейі, ұсыныстар деңгейі, автоматтандыру дәрежесі, сезіну дәрежесі) және сапалық (күрделілік және қиындық) түрлерге бөлдік.

Сол сияқты, «Білім берудегі ақпаратты-қатынастық технологиялар» арнайы курс арқылы ұйымдастырудың электрондық интерактивті оқыту кешені бағдарламалық жобасын толықтыру мен жетілдіру мақсатында студенттер өзіндік жұмыс әрекетінде презентациялық құжаттар даярлайды. Презентация дайындау – мәселені тиімді шешу мақсатында өздерінің ойлау, тұлғалық-бағдарлық, құзіреттілік-іс-әрекеттік қабілеттері мен білімдерін қолдана отырып дербес орындалатын жұмыс. Барлығына ортақ тақырыпты Power Point бағдарламасын пайдалана отырып дәріс материалдарын толықтыру, курстық және диплом жобалау жұмыстары, реферат, баяндама жұмыстарын даярлау, практикалық және зертханалық жұмыстардан есеп беру мәселелері компьютерді қолдану арқылы орындалды, бұл студенттердің өзіндік жұмыстарының мәнін маңызды етті. Осы жағдай электрондық интерактивті оқыту кешенін ақпаратпен толықтыру мақсатында жүргізілгенмен, ақпаратты мәдениеттілік негізін қалыптстыруға септігін тигізді (4 кесте).

6 кесте – «Білім берудегі ақпаратты-қатынастық технологиялар» арнайы курс бағдарламалық жобасының деңгейлік көрсеткіштері


Көрсеткіш

Көрсеткіш мәні

Жетістік нәтижесі

бастапқы

соңғы

Меңгеру деңгейі (0-4)

1

4

Жоғарылады

Материалды ұғыну (1-4)

1

4

Жеңілдеді

Білімді қолдану деңгейі

Төмен

Жоғары

Тиімді

Ұғыну (1-4) деңгейі

1

4

Жоғары

Күрделілік деңгейі

Орташа

Жоғары

Ұғынымды

Қиындық деңгейі

Орташа

Жоғары

Шешімді

Интерактивті оқыту кешенін ақпаратпен толықтыру мақсатында жүргізілген эксперимент нәтижелерінің қорытынды динамикасын диаграмма түрінде 1 суреттен көреміз.


1 сурет– Бақылау және эксперименттік топ студенттерінің ақпаратты –қатынастық технологиялар жағдайында ұйымдастырылған студенттердің өзіндік жұмыстарын орындау барысындағы білім деңгейінің қорытынды динамикасы


Оны дәлелдеу мақсатында тәжірибелік-эксперимент жүргізу барысында бағдарламалық жобасы негізінде кешенді бақылау және бағалау жүйелері дайындалды (меңгеру деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін, тестік тапсырмалар; меңгеру сапасын тексеру тапсырмалары).

Тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жұмысының талдауы, біздің болжамымыздың дұрыстығын дәлелдеп қана қоймай, сонымен қатар ақпаратты қоғам жағдайындағы дербес тұлғаны қалыптастыру барысында педагогикалық шарттардың әрқайсысын жетілдіре ашып, нақтылап, сапалылық тұрғыдан қарастыруға себеп болды. Сол сияқты қазіргі білім беру технологиялары негізінде өз бетімен оқу қабілеттілігін жетілдірудің жоғары деңгейіне жетуге, білім алудың үздіксіздігі мен біртұтастығын қалыптастыруға, білім берудің озық тәсілдерімен қамтамасыз ете отырып, мамандардың дайындық сапасын жоғарылатуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Оның дәлелі осы эксперименттен өткен (2011-2012 оқу жылының) студенттер тобынан мынадай мәліметтер алынды:



  • әртүрлі оқу тобының студентерінің 92% тәжірибеден өтетін өндіріс орындарын өздері іздеп тапты;

  • өндіріс орындарынан берілген сұраныстарға сәйкес диплом алдындағы практикаға 65% дипломдық жұмыс енгізілді;

  • қалалық және аймақтық байқаулар мен кусртық жұмыстарының көрмелерінде мақтау қағаздар мен дипломдарға ие болған студенттер бар;

  • 92% студенттер өз кәсіби шеберліктерін дамытты.

Сонымен, тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жұмысымыз материалдарына талдау жасау АКТ жағдайында СӨЖ ұйымдастыру кемшіліктерін анықтауға өзара біртұтастық байланыс жолдарын ғылыми теориялық және экспериментті түрде дәйектеуге мүмкіндік берді.

Ұсынылып отырған педагогикалық пәндерді оқыту әдісінің нәтижелілігі жақсы оқитын студенттер санының артуынан көрінеді. Пәнаралық байланысқа келетін болсақ, педагогика, тәрбие теориясы, дидактика, педагогикалық технология, акмеология, кәсіби білім беру педагогикасы пәндерінің арасындағы байланыстар айқындалды. Оларды жүзеге асыру үшін, біз оқытуға арналған компьютерлік бағдарламалардың құрамына: компьютерлік оқулықтар, оқу және жобалауға арналған электронды оқу құралдары, үлгілендіру бағдарламалары, схема техникалық үлгілендіру жүйелері, зертханалық практикумдар, бақылауға арналған бағдарламалар, анықтамалар, энциклопедиялар, оқу ісіне байланысты мәліметтер базаларын біртұтастықта пайдалануды көздедік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет