Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану кезiнде еңбек қОРҒау және қауiпсiздiк техникасының ережелерi


 Жеңіл тұтанатын және жанғыш заттардың сақталуына және тасымалдануына қойылатын қауіпсіздік және еңбек қорғау талаптары



бет6/7
Дата26.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#159725
1   2   3   4   5   6   7

8.3 Жеңіл тұтанатын және жанғыш заттардың сақталуына және тасымалдануына қойылатын қауіпсіздік және еңбек қорғау талаптары

8.3.1 Жеңіл тұтанатын және жанатын сұйық және қатты заттарды (жанармай, ацетон, керосин, органикалық майлар, пластмассы және т.б.) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, табиғи жолмен және қолдан желдетілетін жабдықтармен жабдықталған, конструкциялары жанбайтын немесе жерге көмілген жайларда сақтау қажет.

8.3.2 Осы заттарды сақтау және пайдалану тәртібі ГОСТ 12.1.004 және ГОСТ 12.1.044 талаптарына сай келуі тиіс.

8.3.3 Этилденген жанармайды басқа жүкпен бірге тасуға рұқсат етілмейді.

Этилденген жанармай ГОСТ 12.3.020 талаптарына сәйкес сақталуы, тасымалдануы және пайдаланылуы тиіс.

8.3.4 Жанатын сұйық заттарды бір ыдыстан екінші ыдысқа құйған уақытта ыдыстың толып кетпеуін бақылап тұру қажет. Жанатын сұйық заттар толтыруға арналған бөшкелер мен баллондар «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентіне сәйкес техникалық куәландырудан өтуі тиіс.

8.3.5 Ыдысты ашық от көзімен қыздыруға (паяльной лампой, газовой горелкой) жол берілмейді.

8.3.6 Тыйым салынады:

- химиялық өзара әрекеттесуі мүмкін реагенттерді бір бөлмеде сақтауға;

- жарылғыш және отқа қауіпті заттарды, майлайтын материалдарды, тамақ өнімдерін және т.с.с. сақтауға.

Сумен жабдықтау және су тарту ұйымдарында сумен жабдықтау және су тарту ұйымының басшылығы бекіткен пайдаланылатын химиялық заттардың сәйкестік тізбесі болуы тиіс. Мұндай тізбелер жұмыс орындарында болуы керек.
8.4 Газ баллондарын сақтау және қолдану кезінде қойылатын еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары
8.4.1 Газ баллондарын «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес арнайы, құрғақ және желдетілетін жайларда сақтау қажет. Газ баллондарын бұл мақсатқа арнайы арналған арбалармен, контейнерлермен және баллондардың қозғалмай тұруын қамтамасыз ететін басқа да құрылғылармен тасу қажет.

8.4.2 Газ баллондарын арнайы оқытылған және тиісті куәлігі бар тұлғалардың ғана тасуына, беруіне және алуына рұқсат.

8.4.3 Газ баллондары соғылудан және тікелей түсетін күн сәулесінен қорғалуы, сондай-ақ жылытатын аспаптардан кемінде 1 м қашықтыққа алынуы тиіс.

8.4.4 Бос баллондарды ішінде газ бар баллондардан бөлек сақтау қажет.

Жұмыс аяқталғаннан кейін ішінде газы бар баллондар бөтен адамдар кірмейтін арнайы бөлінген жерде тұруы тиіс, ал тасылатын ацетилен генераторларын кальций карбидінен босатып, арнайы бөлінген орынға қойып қою қажет.

8.4.5 Ішінде оттегі мен жанатын газдар бар баллондарды бір жайда сақтауға жол берілмейді. Баллондарды неприспособленных жайларды (жертөлелерде, дәліздерде, жүретін жолда), сондай-ақ жылытатын аспаптар мен от көзі ашық пештерден 1 м км қашықтықта сақтауға тыйым салынады.


8.5 Автокөлік жұмыс істеп тұрған уақытта қойылатын еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары
8.5.1 Жүкті автомобиль көлігімен тасымалдаған уақытта «Автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері» және «Қазақстан Республикасындағы жол қозғалысы ережелері» талаптары сақталуы тиіс.

8.5.2 Басқарушы жүргізуші бағытқа шықпай тұрып, оған бағыттағы жұмыс шарттары мен тасылатын жүктің ерекшеліктері туралы хабардар етуге міндетті.

8.5.3 Көлік құралдарының мұз бен су қоймаларының үстімен алып жүріп өтуге болатын ең ауыр жүк салмағы көрсетілген белгілеулер бар, арнайы белгіленген бағыт жолымен ғана жүруіне жол беріледі.

8.5.4 Көлік жүргізуші кабинасының есігі ашық күйінде қозғалуы тиіс және көлікте жүргізушіден басқа адам болмауы тиіс. Мұз өткелімен өтетін жол ашық және жабық болатын күнді өткел жүргізуінде болатын ұйым басшысы белгілейді. Мұзды жолда:

- автомобильдерге жанармай құйып, майлайтын материалдар жағуға;

- суыту жүйесіндегі ыстық суды мұзға төгуге;

- қозғалыс бағытын өз бетінше ауыстыруға тыйым салынады.

8.5.5  Қауіпті жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау жұмыстарын жүргізген уақытта «Автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері», «Қазақстан Республикасындағы жол қозғалысы ережелері», «Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өту ережесi және қауіпті жүктердi тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлік құралдарына қойылатын бiлiктiлік талаптар» талаптары сақталуы тиіс.

8.5.6 Сұйық хлор тасуға арналған әр көлік құралы «Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары» және Ж қосымшасына сәйкес табелді жасақталуға сәйкес жинақталған болуы тиіс.

8.5.7 Сұйық хлорды контейнерлерде немесе баллондарда таситын көлік құралдары ҚР СТ ГОСТ Р 12.4.026 және «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қауіп туралы ақпараттандыру жүйесінің ақпараттық тақтайшадағы жазуларымен (белгілермен) жасақталуы тиіс.

8.5.8 Жүргізуші немесе жүкті алып жүретін тұлғалар қауіпті жүкті тасымалдау үшін олардың көлік құралының нақты бір класстағы және атаудағы қауіпті жүкті тасымалдауға жіберілуі туралы куәлігі болуы тиіс.

8.5.9  Радиоактивтік, улы, оңай тұтанатын және басқа да қауіпті жүк, сондай-ақ осы жүктен босаған зарарсыздандырылмаған ыдыс «Автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері» талаптарына және белгіленген тәртіппен келісілген арнайы нұсқаулықтарға сәйкес тасымалдануы тиіс.

8.5.10 Ішінде қышқыл, сілті мен жанатын сұйық химикаттар бар ыдыстарды тасымалдаған уақытта оларды автомобиль шанағына тігінен қойып, берік бекіту қажет.
9 Өрт сөндіру және өрт сөндіру құралдарын пайдаланған уақыттағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік
9.1 Жобалау құжаттамасында ҚР ҚНжЕ 1.02-01 талаптарына сәйкес ғимараттарды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын (сақталуын) белгілейтін бөлім болуы тиіс.

9.2 Сумен жабдықтау және су тарту жүйесінің құрылыстары мен өндірістік жайларының жарылыс, жарылыс-өрт және өрт қауіпі бойынша өндіріс санаттары «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламентіне сәйкес белгіленуі тиіс.

9.3 Ғимараттар мен құрылыстарды өрт дабылы және өрт сөндіру жүйелерімен «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламентінің, «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережесі», ҚР ҚНжЕ 2.02-05, ҚР ҚНжЕ 2.02-15 және «Ғимараттарды, жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт дабылы, өрт кезінде адамдарды хабардар ету және олардың өрт шыққан орыннан шығарылуын басқару жүйелерімен жабдықтауға қойылатын талаптар» Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес жабдықтау қажет.

9.4 Сумен жабдықтау және су тарту жүйесінің ғимараттары, өндірістік құрылыстары мен жайлары «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламентінің, «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережесі» және «Нысандарды қорғау үшін өрт сөндіру техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс.

9.5 Нысандарды өрттен қорғау құралдары әрдайым жұмыс істеп тұруы қажет.

9.6 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымы басшысының бұйрығымен нысанның өртке қарсы сумен жабдықталуына және өрт сөндіру құралдарының жұмыс істеп тұруына жауапты жұмыскер тағайындалып, ерікті өрттен құтқару құрылымы (ЕӨҚ) ұйымдастырылуы тиіс.

9.7 Суы өрт кезінде алынатын суқоймалары көрсеткіш белгілеулермен белгіленуі тиіс, өрт сөндіру гидранттары бар құдықтардың беті люктармен жабылып, ішіне балшық, мұз бен қар түспеуі тиіс. Қыс мезгілінде өрт сөндіру гидранттары бар құдықтар қатып қалмауы үшін оралып, қапталуы тиіс.

9.8 Өрт сөндіру гидранттарына, ішкі өрт сөндіру крандарына кемінде әр алты ай сайын техникалық қызмет көрсетіліп, су жіберу арқылы жұмыс қабілеті тексеріліп, тексеру нәтижелері арнайы журналға тіркелуі тиіс.

9.9 Техникалық қызмет көрсету жұмысына дайындалған және қауіпсіздік пен еңбек қорғау бойынша нұсқау алған жұмыскерлер жіберіледі.

9.10 Қыс мезгілінде іші жылытылмайтын жайлардағы ішкі өрт су құбыры өшіріліп, ішінде су төгілуі тиіс. Қыс мезгілінде іші жылытылмайтын жайлардағы ішкі өрт крандарында сорғылардың қосылу немесе ысырмалардың ашылу тәртібі мен олардың орналасқан орны туралы жазылған жазулар болуы тиіс. Мұндай тәртіпті жайда жұмыс істейтін барлық жұмысшылар білуі тиіс.

9.11 Өрт крандары әрдайым жұмыс істеп тұру керек және қолдану үшін қол жетімді болуы керек. Жөнсіздік анықталған уақытта мұндай жөнсіздікті дереу жою шаралары қолға алынуы тиіс. Бес жылда кемінде бір рет өртке қарсы ішкі су құбыры желісін жуып, қабырғасын басқан обрастаний тазалап тұру қажет.

9.12 Ішкі өрт крандарын арнауы бойынша пайдаланбауға тыйым салынады.

9.13 Барлық жайлардағы ішкі өртке қарсы су құбырының өрт крандарын жабылатын шкафтарға жинап салынған құбырлармен және діңгектермен жабдықтау қажет. Өрт құбырлары құрғақ, жақсы оралған және крандар мен діңгектерге берік жалғанған болуы тиіс.

9.14 Өрт краны тұрған шкафтың есігінде:

- өрт кранының әріп индексі;

- өрт кранының реттік нөмірі;

- жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімінің телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

9.15 Нысандағы өртті сөндіретін барлық құралдар жұмыс істеп тұруы, емін-еркін алуға болатындай көрінетін жерде тұруы тиіс.

9.16 Өрт сөндіру құралдарын өрттің сөндірілуіне қатысы жоқ шаруашылық, өндірістік және басқа да қажеттіліктерге қолдануға тыйым салынады.

9.17 Өртке қарсы жабдықтардың істеп тұрғанын бекітілген тексеру кестесіне сәйкес сумен жабдықтау және су тарту ұйымының басшысы тағайындаған арнайы комиссия қарап, тексеру қажет.

9.18 Өрт сөндіргіштер «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламентінің, «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережесі» және өрт сөндіргіштерді дайындаушы кәсіпорындардың талаптарына сәйкес орналастыру, оларға қызмет көрсету және қолдану қажет.

9.19 Өрт сөндіргіштерді галоидокөмірсутек қосылыстары бар зарядпен ауданы 15 м кем желдетілмейтін жайларда сақтауға және қолдануға жол берілмейді.

9.20 Өрт сөндіргіштерді қуыстарда орналасқан жағдайларын қоспағанда, қорғалатын жайлардан адамдар құтқарылып жатқан жолдарға орналастыруға тыйым салынады.

9.21 Өрт сөндіргіштер жерден 1,5 м аспайтын биіктікке және ашылатын есіктің шетінен кемінде 1,2 м қашықтыққа орналастырылуы тиіс.

9.22 Өртті көбікпен және сумен сөндіретін өрт сөндіргіштерді суық мезгілде жылытылмайтын жайлардың есігіне тақтайшаға өрт сөндіргіштердің қай жерде орналастырылған жазып, жылытылмайтын жайлардан жақын маңдағы жылытылатын жайларға апару қажет. Қатып қалған өрт сөндіргіштерді қолдануға мүлдем тыйым салынады.

9.23 Техникалық шарттармен, аталған қызмет түрімен айналысуға лицензиясы бар арнаулы ұйымдармен қарастырылған мерзімде жүйелі түрде өрт сөндіргіштердің корпустары сыналып тұру, зарядтың салмағы тексеріліп тұру немесе қайта зарядталып тұру тиіс.

9.24 Әрбір жұмыскер өрт анықталған жағдайда қауіпсіздік пен еңбек қорғау талаптарын сақтап, жұмыс орнында бар алғашқыдағы өрт сөндіру құралдарын қолдана алуы тиіс.

9.25 Жанып жатқан аспаптар мен кернеу астындағы жабдықтарды, сондай-ақ сумен немесе көбікпен өзара әрекеттесуі қайнауға, химиялық заттардың шығарылуына, жарылысқа, оттың үдеуіне әкелуі мүмкін заттар мен материалдарды сөндірген уақытта көбікті өрт сөндіргіштерді пайдалануға тыйым салынады.

ЕӨҚ мүшелері сөндірген уақытта су немесе өзге де өрт сөндіру құралдарын пайдалану қауіпті болатын заттар мен материалдардың түрлері мен типтерін білуге міндетті.

9.26 Бромэтил өрт сөндіру қондырғыларын (алынбалы да, стационарлы да) жайдың ішінде тек оқшаулайтын газ қағарлармен ғана қолдануға жол беріледі. Көмір қышқылды (бромэтил, ұнтақты) өрт сөндіргіштерді пайдаланбай тұрып, олардың раструб (су шығатын басын) отқа қарай бағыттау қажет.

Жұмыс істеп тұрған көмір қышқылды өрт сөндіргішті қорғалмаған қолмен раструбынан ұстауға тыйым салынады.

9.27 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымының жұмыскерлеріне немесе ЕӨҚ мүшелеріне улы және химиялық заттар сақталатын қоймалардағы өртті сөндіруге тыйым салынады.

9.28 Сумен жабдықтау және су тарту ЕӨҚ мүшелерін өрт аймағына және түтін басқан жайларға арнайы киімсіз және құрал-саймансыз қолдануға жол берілмейді.

10 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері мен нормаларының бұзылуы үшін жауапкершілік
10.1 Еңбек туралы заңнаманың, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері мен нормаларының бұзылуына, еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша ұжымдық шарт пен келісім бойынша міндеттемелердің, өздерінің лауазымдық міндеттемелерінің, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының нұсқамаларының, сондай-ақ сумен жабдықтау және су тарту ұйым басшылығының бұйрықтарының, нұсқаулары мен өкімдерінің орындалмауына кінәлі жұмыскерлер заңнамамен белгіленген тәртіппен жауапкершілік көтереді.

10.2 Бұзылудың сипаты мен дәрежесіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің және «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) талаптарына сай тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық және материалдық жауапкершілік қолданылады.



11 Қоршаған табиғат ортасын қорғауға қойылатын талаптар
11.1 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымдары Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өндірістердің, сумен жабдықтау және су тарту жүйесінің сенімді әрі тиімді пайдалану негізінде қоршаған табиғат ортасын қорғау жөніндегі нормативтердің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

11.2 Санитарлық қорғау және санитарлық-қорғаныс аймақтарының аумағында санитарлық нормалармен және басқа да нормативтік құжаттар реттелетін қоршаған табиғат ортасын қорғау талаптарының сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс.



А-қосымшасы

(міндетті)
Сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін пайдалану жөніндегі ұйымның әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша міндеті мен жауапкершілігі
А.1 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымының басшысы мен оның орынбасары (бас инженер) сумен жабдықтау және су тарту ұйымындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік жұмысын ұйымдастырады, жұмысшылардың еңбегі мен тұрмысының талап етілетін санитарлық-гигиеналық шарттарын, осы мақсаттарға бөлінетін материалдық және ақша қаражатының дұрыс жұмсалуын қамтамасыз етеді, еңбек туралы заңнаманың сақталуы үшін және сумен жабдықтау және су тарту ұйымындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария талаптарының орындалу жағдайы үшін жауапкершілік көтереді.

А.2 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария бойынша жүргізілетін жұмыстарға тікелей бас инженер басшылық етеді.

А.3 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымының басшысы:

- өндіріс процестерінің қауіпсіздігі мен еңбектің қорғалуын, ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтар мен механизмдердің дұрыс ұсталуын және көлік пен қойма шаруашылығының дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;

- еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларының орындалуын материалдық және ақша қаражатының бөлінуін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі ұжымдық шарт пен келісімнің орындалуын, жұмыскерлердің еңбек міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырылуын, экологиялық сақтандыру мен үшінші тұлғаларға зардап келтірілуінен сақтандырылуын ұйымдастырады; жұмыс орындарының аттестациялануын қамтамасыз етеді;

- жекелеген өндіріс орындарының тиімді жұмыс кестесін белгілейді, «Жұмыс берушінің есебінен жұмыскерлерге сүт пен емдеу профилактикалық тағамдар беру тәртібі мен нормалар» және «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, құрылғылармен қамтамасыз ету ережесі» талаптарына сәйкес арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және сақтайтын аспаптарды, сабын мен сүтті тегін алуға құқық беретін жұмыстар мен кәсіптердің тізбесін жасайды және олардың уақытылы берілуін, сондай-ақ арнайы киімнің сақталуын, жуылуы мен жөнделуін қамтамасыз етеді;

- сумен жабдықтау және су тарту ұйымының құрылымдық бөлімшелер мен басқарушы жұмыскерлерінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларын орындауын, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария, еңбек тәртібі талаптарын сақтауын және мемлекеттік уәкілетті органдардың ұсыныстарын уақытылы орындауын қадағалайды;

- өндірістік кеңес пен жұмыс жиналыстарының қарауына еңбекті қорғау және қауіпсіздік ахуалын жақсарту мәселелерін шығарады;

- цех пен учаске басшыларының еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария талаптарын орындалу жағдайы, белгіленген іс-шаралардың орындалуы туралы есептерін тыңдап, бар кемшіліктерді жоюға қажетті шараларды қолға алады;

- жергілікті жағдайлардың ескерілуімен қауіпсіз жұмыс әдістері бойынша нұсқаулықтарды бекітеді. Жұмыскерлерді еңбекті қорғау жөніндегі әдебиетпен, плакаттармен және еңбектің қорғалуын насихаттайтын басқа да құралдармен қамтамасыз етеді, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерінің насихатталуын, сондай-ақ осы салада тәжірибе алмасуын ұйымдастырады;


- өндіріс орындарында болған жазатайым жағдайлардың тексерілуіне қатысады;

- еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметінің жылдық, тоқсан сайынғы (ай сайынғы) жұмыс жоспарларын (еңбекті қорғау және ұйымдағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі инженердің) бекітеді. ИТЖ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жұмысына бақылау жүргізеді.

А.4 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымының бас инженері өндірістік жарақаттың саралануының, сондай-ақ мемлекеттік уәкілетті органдар берген нұсқаулардың ескерілуімен еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша ағымдағы және келешектегі жоспарлардың әзірленуі мен орындалуына жетекшілік етеді:

- салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын құру, өндіріс мәдениетінің арттыру, жарақаттану мен кәсіптік ауруларды азайту бойынша ұйымдастыру-техникалық жұмыстарға басшылық етеді.

- жүйелі түрде цехтер мен учаскелердегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария жағдайын, технологиялық жабдықтың, сақтайтын аспаптардың және өртке қарсы құрал-саймандардың жұмыс істеп тұрғанын, жазатайым оқиғалардың дұрыс тергелуін және олардың алдын алу шараларының орындалуын, жұмыскерлердің оқытылуын, аттестациялануын және нұсқаулықтар алуын, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жөніндені қоғамдық инспекторлар берген ұсыныстардың, мемлекеттік уәкілетті органдар берген нұсқамалардың орындалуын тексереді және анықталған кемшіліктерді жою шараларын қолға алады;

- өндірістік нысандар мен технологиялық процесстердің, жаңа машиналар мен жабдықтардың құрылысы мен қайта құрылуының техникалық құжаттамасындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария ережесі мен нормаларының талаптарының сақталуын қадағалайды;

- еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша  ИТЖ біліктілігінің арттырылуын және білімнің тексерілуін ұйымдастырады;

- жергілікті жағдайлардың ескерілуімен қауіпсіз жұмыс әдістері бойынша нұсқаулықтарды бекітеді. Жұмыскерлерді еңбекті қорғау жөніндегі әдебиетпен, плакаттармен және еңбектің қорғалуын насихаттайтын басқа да құралдармен қамтамасыз етілуін, сондай-ақ осы салада тәжірибе алмасуын қадағалайды;

- өндіріс орнында болған апаттар мен жазатайым жағдайлардың тергелуіне қатысады, олардың қайталануын болдырмайтын іс-шаралардың әзірленуі мен жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;

- сумен жабдықтау және су тарту ұйымында еңбек туралы заңнаманың, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерінің, нұсқаулықтарының, ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

- ауыр, қауіпті, зиянды және еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру және автоматтандыру шараларын әзірлеп, орындайды, қоршаулар мен сақтайтын аспаптардың анағұрлым жетілдірілген конструкцияларының, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздікке қатысы бар тиімді ұсыныстар мен өнертабыстардың енгізілуін ұйымдастырады;

- «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік күнін» және қауіпсіздік пен еңбектің қорғалуын бақылау бойынша басқа да іс-шараларды ұйымдастырып, өткізеді;

- сумен жабдықтау және су тарту ұйымының қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жөніндегі инженердің тоқсан сайынғы (ай сайынғы) жұмыс жоспарларын бекітеді және еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша ИТЖ жұмысына бақылау жүргізеді;

- еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша ұжымдық шартпен, жылдық және перспективалы жоспармен қарастырылған іс-шараларды ұйымдастырып, уақытылы орындалуын бақылайды.

А.5 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымының еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі аға инженер (инженер) немесе осы міндеттер жүктелген инженер:

- цех пе учаске басшыларының еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша заңнаманы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария бойынша ережелерді, нормалар мен нұсқаулықтарды, еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі жоғарыда тұрған органдардың бұйрықтары мен нұсқауларын сақтауын, мемлекеттік уәкілетті органдардың нұсқамаларын орындауын бақылайды;

- цех пен учаске басшыларына еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша іс-шараларды әзірлеуге және тұтастай сумен жабдықтау және су тарту ұйымындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік іс-шараларының перспективалы және жылдық жоспарларын құруға көмектеседі және олардың орындалуына бақылау жүргізеді;

- өндірістік және тұрмыстық жайларды қайта құру кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарының сақталуы туралы қорытынды береді;

- еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария талаптарына сай келуін тексере отырып, жаңа және қайта құрылған цехтер мен өндіріс учаскелерін пайдалануға қабылдайтын комиссия құрамына қатысады;

- жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарының, жүк көтеру механизмдерінің, электр қондырғылардың, сатылардың шағын механизация құралдарының сыналу мерзімінің сақталуына бақылау жүргізеді;

- сумен жабдықтау және су тарту ұйымына жұмысқа қабылданатын жұмыскерлермен еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша кіріспе нұсқама беріп, жұмыс орнында нұсқамалықтың уақытылы және сапалы берілуін бақылайды;

- ИТЖ еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария бойынша білімді, ережелерді, нормалар мен нұсқаулықтарды тексеретін комиссияның жұмысына қатысады;

- еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария бойынша талаптарға сәйкес анағұрлым жетілдірілген конструкциялардың, құрылғылардың, аспаптардың, қоршаулардың әзірленуіне қатысады;

- сумен жабдықтау және су тарту ұйым жұмыскерлерінің арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы тағаммен, жуатын және зарарсыздандыратын құралдармен уақытылы қамтамасыз етілуін, сондай-ақ зиянды еңбек жағдайы бойынша белгіленген жеңілдіктердің берілуін қадағалайды;

- цехтер мен учаскелерде еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария бойынша нұсқаулықтардың (жадынамалардың) уақытылы әзірленуіне бақылау жүргізеді, оларды «Жұмыс берушінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік нұсқаулықтарын әзірлеу және бекіту тәртібі» және «Тиісті уәкілетті органдардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық акттерді қабылдау тәртібі» сәйкес белгіленген тәртіппен келіседі;

- өндіріс орнындағы жазатайым жағдайларға тергеу жүргізеді, цех пен учаске басшыларымен бірігіп, өндірістік жарақаттың алдын алу және себептерін жою шараларының әзірленуіне қатысады;

- өндіріс орнындағы жазатайым оқиғалардың есебін жүргізіп, оларды саралайды, өндірістік жарақат туралы және еңбекті қорғау және қауіпсіздік шарларына бөлінген қаражаттың игерілуі туралы есептер жасайды;

- еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитарияның насихатталуын ұйымдастырады (еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша бөлмелер, бұрыштар мен жаймасөрелер құру, дәрістер мен әңгіме-сұхбат өткізу, бейнефильмдер көрсету, әдебиеттер, плакаттар және т.с.с. сатып алу);

- жарылу қаупі бар және улы заттарға, жанар-жағар май мен майлайтын материалдарға бақылау жүргізеді;

- өндіріс жайларының ауасында зиянды қоспалардың болуына және оның нормасына, желдеткіш құрылғылардың болуына және дұрыс пайдалануына бақылау жүргізеді, жұмыс орындарының аттестациялануына қатысады;

- еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша сумен жабдықтау және су тарту ұйымы басшылығының бұйрықтары мен өкімдері жобаларының дайындалуына қатысады.

А.6 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымының мойнына осы міндеттер жүктелген еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі аға инженер (инженер) құқылы:

- кез келген тәулік мезгілінде сумен жабдықтау және су тарту ұйымының барлық цехтері мен учаскелеріндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік жағдайын тексеруге және олардың басшыларына еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария ережелерінің бұзылуы және кемшіліктерін жою туралы міндетті нұсқаулар беруге;

- егер еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарына сай келмесе, аспаптарды, саймандар мен керек-жарақтарды алып алуға;

- еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелеріне жауап бермейтін машиналар мен жабдықтардың пайдаланылуын уақытша тоқтатуға;

- цех, учаске басшыларынан еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария талаптарын бұзатын тұлғалардың жұмыстан шеттетілуін талап етуге;

- цехтер мен учаске жарысы қорытындыларының қарастырылуына қатысуға, жұмыскерлерді, цех пен учаске ұжымдарын еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария бойынша жақсы жұмысы үшін көтермелеу туралы, сондай-ақ жазатайым жағдайларға және еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария талаптарының бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар жасауға.

А.7 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымының бас механигі мен бас энергетигі ғимараттардың, құрылыстардың, электр желісінің, хабар тарату желісінің, жылыту және желдету жүйесінің алдын ала тексерілуі және жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып, уақытылы жүргізіліп тұруына жауапты болады, қысым астында жұмыс істейтін аппараттар мен ыдыстардың, жүк көтеретін механизмдердің, желдеткіш қондырғылардың белгіленген тәртіппен уақытылы куәландырылуын, сондай-ақ ғимараттардың, жабдықтардың, керек-жарақтардың дұрыс әрі қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

А.8 Цех (ауысым), өндірістік учаске (зертхана, шеберхана, бөлімше) бастығы, шебер, цех механигі мен энергетиктер, жұмыс жүргізуші өздерінің құрылымдық бөлімшелерінде қауіпсіздік пен еңбектің қорғалуының жалпы жағдайы үшін жауапкершілік көтереді және төмендегілерге міндетті болады:

- сумен жабдықтау және су тарту ұйымында әзірленген еңбекті қорғау және қауіпсіздік жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақат пен ауру себептерін алдын алу бойынша іс-шараларды орындауға;

- жұмыс орындарында нұсқаулықтар беруге және жұмысшыларға қауіпсіз жұмыс әдістерін үйретуге, жұмыс орнында сынақ өткізуге және жеке атқарылатын жұмысқа жіберуге (қауіптілігі жоғары жұмыстан басқа);

- жабдықтардың, механизмдердің, керек-жарақтардың, көлік және жүк көтеру құралдарының, құрал-саймандардың және қоршайтын құрылғылардың, қауіпті орындардың, өндірістік және санитарлық-тұрмыстық жайлардың жұмыс істеп тұруының және ұсталуының қадағалануын қамтамасыз етуге;

- желдету құрылғыларының дұрыс пайдалануын және тиімді жұмыс істеуін, жайлар мен жұмыс орындарына қалыпты жарық берілуін қамтамасыз етуге;

- бұзылған және жабдықтар мен механизмдерде жұмыс істеуге жол бермеуге;

- еңбекті қорғау және қауіпсіздік нұсқаулықтарын әзірлеуге (жүргізілетін жұмыстың және нақты бір жабдықтың пайдаланылу ерекшелігін ескеріп) және белгіленген тәртіппен оларды бекітуге ұсынуға;

- жұмысшыларды еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария бойынша нұсқаулықтармен, ал жұмыс орындарын қажетті нұсқаулықтармен және ескерту жазулармен, плакаттармен қамтамасыз етуге;

- жұмыс орындарында тәртіпті ұйымдастырып, жұмыс орындарының, жүретін жолдардың, көлік өтетін жолдардың шашылып, үйілуіне жол бермеуге;

- улы және жарылу қаупі бар заттардың қауіпсіз сақталуын, берілуін, тасымалдануын және қолданылуын ұйымдастыруға;

- ластануына жол бермей, өндіріс орнында қалыпты ауа ортасы мен жұмыс жайларында қалыпты температурасын қамтамасыз етуге;

- жұмыскерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария бойынша ережелердің, нұсқаулықтардың, бұйрықтар мен нұсқаулардың талаптарын орындауын бақылауға;

- ұйым басшыларына өндіріс орнында болған жазатайым жағдайлар туралы дереу хабарлап, мұндай жағдайлардың тергеліп, тексерілуіне қатысуға;

- еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария саласында сумен жабдықтау және су тарту ұйымының өзге цехтерімен және учаскелерімен, сондай-ақ басқа сумен жабдықтау және су тарту ұйымының цехтерімен және учаскелерімен тәжірибе алмасуға.

А.9 Бригадирге төмендегілер жүктеледі:

- жұмысты бастамай тұрып, жабдықтарды, механизмдерді, аспаптарды, көлік және жүк көтеру құралдарын, құрал-саймандар мен қоршайтын құрылғыларды қарап шығу және жөнсіздіктерді жою шараларын қолға алу;

- бригада жұмысшыларына жұмыс орнындағы қауіпсіз еңбек әдістерін үйрету және оларға жұмыс барысында нұсқаулық беру;

- жұмыс бригадасының еңбек тәртібін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария бойынша ережелер мен нұсқалықтарды сақтауына, сондай-ақ олардың цех (ауысым), учаске бастығының, шебердің, прорабтың жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жолдары туралы нұсқауларын орындауына бақылау жүргізу;

- жұмыс бригадасының сақтандыратын және қорғайтын құралдарды дұрыс қолдануын қадағалау;

- бригада жұмысшыларына белгіленген жабдықтар мен механизмдердің дұрыс пайдаланылуын қадағалау.

А.10 Бригадир цех (ауысым), учаске бастығына, шеберге, прорабқа бригадада орын алған әр жазатайым жағдай туралы дереу хабарлап, зардап шеккен адамға көмек көрсетуде шұғыл шара қолдануға міндетті.

А.11 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымының әкімшілігі мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері осы кәсіпорындарда өздерінің жұмыстарын атқарған уақытта (электр қондырғылары мен желілерді тоқ көзінен айыру, зиянды, улы заттардың және т.б. толуын, келуін тоқтату) олардың қауіпсіздігі мен еңбегінің қорғалуы үшін барлық жағдай жасауға, сондай-ақ құрылыс-монтаждау ұйымдары жұмыс істеген уақытта кәсіпорынның қызмет көрсететін қызметкерлеріне қауіптің төніп тұрғаны туралы ескертуге міндетті.


Б-қосымшасы

(міндетті)
Кіріспе және алғашқы нұсқама бағдарламаларын құру үшін негізгі мәселелердің үлгі тізбесі
Б.1 Кіріспе нұсқама бағдарламасын құру үшін негізгі мәселелердің үлгі тізбесі
Б.1.1 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымы туралы жалпы мәліметтер, өндірістің өзіндік ерекшеліктері.

Б.1.2 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік заңнамасының негізгі ережелері.

Б.1.3 Еңбек шарты, әйелдер мен 18 толмаған тұлғалардың жұмыс уақыты, демалу уақыты, еңбекті қорғау және қауіпсіздік. Жеңілдіктер мен өтемақылар.

Б.1.4 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымындағы ішкі еңбек тәртібінің ережелері, сумен жабдықтау және су тарту ұйымындағы ішкі еңбек тәртібі ережелерінің бұзылғаны үшін жауапкершілік.

Б.1.5 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария жағдайын ведомствалық, мемлекеттік қадағалау және қоғамдық бақылау.

Б.1.6 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымының аумағында, өндірістік және қосымша жайларда жұмыс істейтін тұлғалардың іс-қимылдарының жалпы тәртібі. Негізгі цехтердің, қызметтердің, қосалқы жайлардың орналасуы.

Б.1.7 Осы өндіріске тән негізгі қауіпті және зиянды өндіріс факторлары. Жазатайым жағдайлар мен кәсіптік аурулардың алдын алу әдістері мен құралдары: жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары, плакаттар, қауіпсіздік белгілері, дабыл. Электр жарақатты алдын алу бойынша қойылатын негізгі талаптар.

Б.1.8 Өндірістік санитария мен жеке гигиенаға қойылатын негізгі талаптар.

Б.1.9 Жеке қорғаныс құралдары. ЖҚҚ берілу тәртібі мен нормалары, киілетін мерзімі.

Б.1.10 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымдарында және осы сияқты басқа да өндіріс орындарында қауіпсіздік пен еңбек қорғау талаптарының бұзылуынан орын алған жекелеген жазатайым оқиғалардың, апаттардың, өрттің орын алу жағдайлары мен себептері.

Б.1.11 Жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың тергелу және рәсімделу тәртібі.

Б.1.12 Өрт қауіпсіздігі. Өрттің, жарылыстың, апаттардың алдын алу әдістері мен құралдары. Өрт, жарылыс, апат болған кездегі қызметкерлердің іс-қимылдары.

Б.1.13 Зардап шеккендерге дәрігерлік көмекке дейін көрсетілетін көмек. Жұмыс орнында, учаскеде, цехте, қызметте жазатайым оқиға орын алған уақытта жұмыскерлер «Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша әдістемелік нұсқаулар» талаптарына сәйкес орындайтын іс-қимылдар.
Б.2 Жұмыс орнында алғашқы нұсқама бағдарламасын құру үшін негізгі мәселелердің үлгі тізбесі
Б.2.1 Жұмыс орнындағы, цехтегі, қызметтегі, учаскедегі технологиялық процесс пен жабдық туралы жалпы мәліметтер. Мұндай технологиялық процесс кезінде пайда болатын негізгі қауіпті және зиянды өндіріс факторлары.

Б.2.2 Жұмыс орнының қауіпсіздік пен кәсіп бойынша еңбекті қорғау нұсқаулығына сәйкес ұсталуына қойылатын еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары.

Б.2.3 Жабдықтың, механизмнің, аспаптың қауіпті аймақтары. Жабдықтың қауіпсіздік құралдары (сақтандырғыш, тежегіш құрылғылар мен қоршаулар, оқшаулау және дабыл жүйелері, қауіпсіздік белгілері). Электр жарақаттың алдын алуына қойылатын талаптар.

Б.2.4 Жұмысқа дайындалу тәртібі (жабдықтардың, іске қосу аспаптарының, сайман мен керек-жарақтардың, оқшаулағыштардың, жермелеудің және басқа да қорғаныс құралдарының жұмыс істеуін тексеру).

Б.2.5 Қауіпсіз жұмыс амалдары мен әдістері.

Б.2.6 Жұмыскердің қауіпті жағдай орын алған уақыттағы іс-қимылдары.

Б.2.7 Осы жұмыс орнындағы ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары және оларды қолдану тәртібі.

Б.2.8 Жұмысшылардың цехтің, учаскенің аумағымен қауіпсіз қозғалу сызбасы. Қауіпті жағдай орын алған уақытта жұмыскер құтқарып шығарылатын жолдар.

Б.2.9 Цех ішіндегі және нысандағы көлік және жүк көтеретін құралдар мен механизмдер. Көлік және жүк көтеретін құралдарын пайдаланып, жүктеу-түсіру жұмыстарын жүргізген кезде және жүкті тасымалдаған кезде еңбекті қорғау және қауіпсіздікке қойылатын талаптар.

Б.2.10 Апаттардың, жарылыстардың, өрттің, өндірістік жарақат алу жағдайларының орын алуының өзіне тән себептері.

Б.2.11 Апаттардың, жарылыстардың, өрттің, өндірістік жарақат алу жағдайларының алдын алу шаралары. Апат, жарылыс, өрт кезіндегі міндеттер мен іс-қимылдар. Учаскеде, цехте бар өрт сөндіру, апатқа қарсы қорғаны және дабыл құралдарын қолдану жолдары, олардың орналасқан жерлері.

В-қосымшасы

(міндетті)
Қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізуге наряд-рұқсатнаманың нысаны және

наряд-рұқсатнаманы толтыру бойынша нұсқаулар, қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізуге берілген наряд-рұқсатнаманардың есебі жүргізілетін журналдың нысаны
В.1 Наряд-рұқсатнаманың нысаны
парақтың алдыңғы беті
Қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізуге

___________ НАРЯД-РҰҚСАТНАМА

1. Сумен жабдықтау және су тарту нысандарын пайдаланатын ұйым, құрылымдық бөлімше:

________________________________________________________________________________



(Сумен жабдықтау және су тарту нысандарын пайдаланатын ұйым, құрылымдық бөлімше атауы)

2. Берілді: 20___ ж. «___» ____________.

3. Дейін қолданылады: 20___ ж. «___» ____________.

4. Жұмыстарға жауапты орындаушыға: _________________________________________

________________________________________________________________________________

(лауазымы, аты-жөні)

5. Келесі құрамдағы: 1.______________________ 2. _______________________

3.______________________ 4. ______________________ 5. _______________________

жұмыскерлер бригадасына (тобына) тапсырылады: ____________________________________

________________________________________________________________________________

(жұмыстар атауы, орындалатын орны)

6. Жұмысқа қажетті:

Материалдар: _____________________________________________________________________

Саймандар: ___________________________________________________________________

Керек-жарақтар: ________________________________________________________________

Ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары: ___________________________________

________________________________________________________________________________

(жұмыстарды жүргізу кезінде қолданылатын барлық ЖҚҚ тізбесі)

7. Жұмыс жүргізілетін орынның сипаттамасы: _________________________________________



(тараптас коммуникациялардың, байланыс желісінің, жылу және энергия желілерінің, жолдардың, газ құбырларының және т.б. болуы)

_____________________________________________________________________________________



(жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік пен еңбектің қорғалуын қамтамасыз ететін мүдделі ұйымдармен жүргізілетін іс-шаралар мен келісулер тізбесі)

8. Жұмыстарға дайындық кезінде және жұмыстарды орындау кезінде төмендегідей қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілсін: ____________________________________________________________



(негізгі іс-шаралар атап өтіледі: өшіру, орнату, ескерту, қоршау және т.б.)

9. Жөндеу жұмыстарының алдында құдықтардағы, камералардағы және басқа да құрылыстардағы ауа ортасындағы газға жүргізілген талдаудың нәтижелері:_______________ ______________________________________________________________________________________

10. Ерекше шарттар: _______________________________________________________________

(газдалған құдықтарда, камераларда, ыдыс құрылыстарда

_____________________________________________________________________________________



және жерасты коммуникацияларда, кернеу астындағы электр қондырғыларда және т.б. жерде жүргізілетін жұмыс)

11. Жұмыстың басталуы: _____ сағ._____ мин. _______________ ж.

Жұмыстың аяқталуы: _____ сағ._____ мин. _______________ ж.

Жұмыс кестесі: ___________________________________________________________________



(бір, екі, үш ауысымды)

12. Жұмысқа жауапты жетекші болып тағайындалады: ________________________________



(лауазымы, аты-жөні)

парақтың артқы беті
13. Жұмыс шарттарымен және жұмыстарды орындау кезіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларымен таныстым, нұсқама алдым, бригада (топ) мүшелері:




Аты-жөні

Кәсібі,

разряд


Жұмыс шарттарымен және жұмыстарды орындау кезіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларымен таныстым, нұсқама алдым

Күні

Қолы

1
















2
















3















Жұмыс шарттарымен және жұмыстарды орындау кезіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларымен таныстым, нұсқама бердім: ___________________________________________________



(лауазымы, аты-жөні, қолы)

14. Наряд-рұқсатнаманы берген: _____________________________________________________



(лауазымы, аты-жөні, қолы)
15. Жұмыс орындары мен еңбек шарттары тексерілді. Наряд-рұқсатнамана көрсетілген жұмыстарды орындау кезіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік шаралары орындалды. Жұмыстарға жауапты орындаушы мен бригаданың бүкіл құрамы жұмыс ерекшеліктерімен таныстырылды. Нысан жұмыстарды жүргізуге дайындалды. Жұмыстарды орындауға кірісуге рұқсат беремін.
Жұмысқа жауапты жетекші: «____» «__________» 20 г.________________

(қолы)
16. Жұмыс шарттарымен таныстым және наряд-рұқсатнама алдым
Жұмыстарға жауапты орындаушы «____» __________ 20 ж.________________

(қолы)
17. Жұмыс толық көлемде орындалды. Материалдар, сайман, керек-жарақтар жиналды. Жұмыскерлер жұмыстар жүргізілетін жерден шығарылады. Наряд-рұқсатнама жабылды.
Жұмыстарға жауапты орындаушы: «____» __________ 20 ж. ________________
Наряд-рұқсатнама берген тұлға: «____» __________ 20 ж.________________

В.2 Наряд-рұқсатнаманы толтыру бойынша нұсқаулар
Наряд-рұқсатнаманың екі данасы рәсімделеді. Бірінші данасы нарядты берген тұлғада болады, ал екіншісі жұмыстарға жауапты орындаушыда болады. Наряд-рұқсатнама бір жыл аралығында сақталуы тиіс. Рәсімделген наряд-рұқсатнама қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізуге берілген наряд-рұқсатнамалардың есебі жүргізілетін журналда тіркелуі тиіс. Журналдың нысаны В.3 бөлімінде көрсетілген.

Наряд-рұқсатнамадағы жазбалар түсінікті болуы тиіс. Мәтінді түзетуге жол берілмейді:

- «Сумен жабдықтау және су тарту нысандарын пайдаланатын ұйым, құрылымдық бөлімше» жолағында наряд-рұқсатнама берілетін сумен жабдықтау және су тарту ұйымы мен оның құрылымдық бөлімшесінің (цех, қызмет, учаске) атауы көрсетіледі;

- «Берілді» жолағында күн, ай және жылды білдіретін сандар көрсетіледі;

- «Дейін қолданылады» жолағында күн, ай және жылды білдіретін сандар көрсетіледі;

- Наряд-рұқсатнамадағы «Жұмыстарға жауапты орындаушыға» жолағына жұмыстарды орындау жауапкершілігі жүктелетін тұлғаның лауазымы, аты-жөні жазылады. Жауапты орындаушы болып, әдетте, бригадир (тап басшысы) немесе бригада (топ) мүшелерінің біреуі тағайындалады;

- «... бригадасына (тобына) тапсырылады» жолағында жұмыскерлер құрамы, жұмыстардың атауы мен қысқаша мазмұны, сондай-ақ жұмыстар орындалатын учаскемен шектелетін нақты орын көрсетіледі;

- «Жұмысқа қажетті» жолағында тапсырылған жұмысты орындау үшін қажетті материалдар, керек-жарақтар мен саймандар, сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік пен еңбектің қорғалуын қамтамасыз ететін ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарының түрлері мен саны көрсетіледі;

- «Жұмыс жүргізілетін орынның сипаттамасы» жолағында тараптас коммуникациялардың, байланыс желісінің, жылу және энергия желілерінің, жолдардың, газ құбырларының және т.б. тізбесі, сондай-ақ жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік пен еңбектің қорғалуын қамтамасыз ететін мүдделі ұйымдармен жүргізілетін іс-шаралар мен келісулер тізбесі көрсетіледі;

- «Жұмыстарға дайындық кезінде және жұмыстарды орындау кезінде төмендегідей қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілсін» жолағына тапсырылған жұмысқа қатысты нақты ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар (жұмыстар жүргізілетін орынды қоршау, құдықтарды, камераларды және басқа да құрылыстарды газдалуға тексеру, тиісті қауіпсіздік белгілерін пайдалану және т.б.) жазылады;

- «ауа ортасындағы газға жүргізілген талдаудың нәтижелері» жолағына жөндеу жұмыстарының алдында жүргізілген талдаудың нәтижелері жазылады;

- «Ерекше шарттар» жолағына, мысалы, жұмыс кезеңдері немесе жұмысқа жауапты жетекшінің жіті бақылауымен жүргізілуі тиіс жоғары қауіппен байланысты жекелеген операциялар (газдалған құдықтарда, камераларда, ыдысты құрылыстарда және жерасты коммуникацияларда; кернеу астындағы электр қондырғыларда және т.б. жұмыс істеу) жазылады;

- «Жұмыстың басталуы» және «Жұмыстың аяқталуы» жолақтарында сағат, минут, күн, ай, жыл көрсетіледі. Қосымша жұмыс кестесі (ауысым) айтылады;

- жұмысқа жауапты жетекші болып, сумен жабдықтау және су тарту ұйымы жетекшісінің бұйрығымен уәкілеттендірілген маман тағайындалады. Наряд-рұқсатнаманы құрылым мен жергілікті шарттардың ескерілуімен сумен жабдықтау және су тарту ұйымы жетекшісінің бұйрығымен белгіленетін тұлғалар береді.

- «Жұмыс шарттарымен және жұмыстарды орындау кезіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларымен таныстым, нұсқама алдым...» жолағында бригада (топ) мүшесінің әрқайсысының аты-жөні көрсетіледі. Нұсқама алған әр жұмысшының қол қоюы міндетті. Бригада (топ) мүшелерінің саны өзгерген жағдайда, жұмыс шарттары өзгерген жағдайда жаңа наряд-рұқсатнама берілуі тиіс. Жұмысқа жауапты жетекші нысанның осы аталған тармағына міндетті түрде күнін жазып, бұрыштама қояды;

- «Наряд-рұқсатнаманы берген» жолағында наряд берген тұлғаның лауазымы, аты-жөні, қолы көрсетіледі;

- «Жұмыс орындары мен еңбек шарттары тексерілді.…… Жұмыстарды орындауға кірісуге рұқсат беремін» тармағына жұмысқа жауапты жетекші тармақ талаптары орындалған күнді жазып, міндетті түрде бұрыштама қояды;

- «Жұмыс шарттарымен таныстым және наряд-рұқсатнама алдым» тармағына наряд-рұқсатнаманың бір данасы алынған кезде жұмысқа жауапты жетекші бір данасы алынған күнді көрсетіп, бұрыштама қояды;

- «Жұмыс толық көлемде орындалды. Материалдар, сайман, керек-жарақтар жиналды. Жұмыскерлер жұмыстар жүргізілетін жерден шығарылады. Наряд-рұқсатнама жабылды» тармағының шарттары қауіптілігі жоғары жұмыстардың аяғы және оған жұмысқа жауапты жетекші мен наряд-рұқсатнаманы берген тұлға күнін көрсетіп, бұрыштама қояды.
В.3 Қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізуге берілген наряд-рұқсатнаманардың есебі жүргізілетін журналдың нысаны

Титул бет
Қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізуге

берілген наряд-рұқсатнаманардың есебі жүргізілетін журнал
_________________________________________________________________________

(наряд-рұқсатнама беретін ұйымның оқшауланған бөлімшесінің атауы)
Басталды___________________________ Аяқталды_________________________

1-парақ


Наряд-рұқсатнаманың №


Наряд-рұқсатнама берілген жұмыстардың атауы

Наряд-рұқсатнаманы берді

Күні

Аты-жөні

Лауазымы

Қолы




















2-парақ


Наряд-рұқсатнаманы алды

Наряд-рұқсатнаманы өткізді

Аты-жөні

Лауазымы

Қолы

Аты-жөні

Лауазымы

Қолы

Күні





















1-ҚОСЫМША  Журнал нөмірленіп, байланып, сумен жабдықтау және су тарту ұйымының мөрі басылуы тиіс.

2-ҚОСЫМША   Журналдың сақталу мерзімін сумен жабдықтау және су тарту ұйымының жетекшісі (бас инженер) белгілейді.

Г-қосымшасы

(ақпараттық)
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша қосымша (жоғары) талаптар қойылатын жұмыскерлер кәсіптерінің үлгі тізбесі және орындау үшін сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін пайдаланатын ұйымдарда наряд-рұқсатнама беру қажет болатын жұмыс орындары мен жұмыс түрлерінің үлгі тізбесі
Г.1 Сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін пайдаланатын ұйымдарда еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша қосымша (жоғары) талаптар қойылатын жұмыскерлер кәсіптерінің үлгі тізбесі
Г.1.1 Үлгі тізбе: Аккумуляторшылар; суды хиимиялық тазалайтын аппаратшылар; газбен дәнекерлеушілер, газбен кесушілер; автомобиль көлігінің; арнайы жол және құрылыс машиналары мен механизмдердің жүргізушілері; сүңгуірлер; коагуляншылар; лифтерлер; қазандық машинистері (от жағушылары); сорғы қондырғыларының машинистері; компрессорлық қондырғылардың машинистері; озонаторшылар; хлоратор және аммиак қондырғыларының операторлары; торлардағы операторлар; метантенктердегі операторлар; тұнбаны термикалық кептіру қондырғыларының операторлары; тұнбаны сусыздандыру қондырғыларының операторлары; тұнбаны кептіру қондырғыларының операторлары; тазалау құрылыстарының операторлары; сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін аралаушылар; қорғасынды дәнекерлеушілер; винипластты дәнекерлеушілер; ӘКУЗ жүргізілетін жұмыстарды істейтін жұмысшылар; апатты-қалпына келтіру жұмыстарының слесарлары; құюшылар-төгушілер; электр жабдықты жөндейтін және оларға қызмет көрсететін электр жөндеушілер; электр-газ дәнекерлеушілер; электр-газ дәнекерлеушілер -кесушілер.

Г.1.2 Сумен жабдықтау және су тарту нысандарын пайдаланатын ұйым жетекшісі жұмыскерлер кәсібін, жергілікті еңбек шарттары мен олардың орындалу ерекшелігін ескере келе, еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметімен келісіліп және «Еңбек шарттары бойынша өндіріс нысандарын міндетті түрде мерзімдік аттестациялау тәртібі», «Алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден өту міндетті болатын зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі» және «Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне


ұшыраған қызметкерлерді міндетті алдын ала және мерзімдікк медициналық
қарауларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық» талаптарына сәйкес еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша қосымша (жоғары) талаптар қойылатын жұмыс кәсіптерінің нақты тізбесін бекітуі тиіс.
Г.2 Сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін пайдаланатын ұйымдарда наряд-рұқсатнама беру қажет болатын жұмыс орындары мен жұмыс түрлерінің үлгі тізбесі
Г.2.1 Жұмыс орындары мен жұмыс түрлерінің үлгі тізбесі: құдықтарда, камераларда, жерасты коммуникацияларда, резервуарларда, сорғы станцияларында қолдан желдетусіз жүргізілетін жұмыстар, босатылған тегеурінді су өткізгіштер мен су тарту коллекторларында жүргізілетін жұмыстар; мұз үстінде және ашық су бетінде немесе оның жанында жүргізілетін жұмыстар; көшкін баурайында жүргізілетін жұмыстар; биіктікте және биіктікке көтеріліп жүргізілетін жұмыстар; жоғары өрмелеп жүргізілетін жұмыстар; монтаждау, демонтаждау және артезиан ұңғымалары мен су көтеретін жабдықты жөндеу жұмыстары; жұмыс барысында жарылу-өрт шығу қаупі бар газдар шығуы мүмкін су тарту жүйесінің сорғы станциялары мен метантенктерде және басқа да құрылыстар мен жайларда орындалатын жөндеу жұмыстары; ӘКУЗ тасымалдаумен байланысты жұмыстар; көлік және жүк көтеру құралдарының қолданылуымен жүргізілетін жүктеу-түсіру жұмыстары; су құбыры мен су тарту желілерінде және құрылыстарда жер жұмыстарын жүргізу; жолдың көлік тазалайтын машиналардың қолданылуымен жүргізілетін жұмыстар; работы, бактерицидті қондырғылардың пайдалануымен байланысты жұмыстары; радиоактивті заттармен және иондалушы сәуле шығаратын көздермен жүргізілетін жұмыстардың барлық түрлері; құрылыс-монтаждау пистолетінің қолданылуымен жүргізілетін жұмыстар; су құбыры желілерін, таза су тұратын резервуарларды, сүзгілерді және т.с.с. хлорлау жұмыстары; хлорды темір жол цистерналарынан қоймада тұратын ыдыстарға құюмен, аммиакты су мен натрий гипохлоритін темір жол цистерналарынан қоймада тұратын ыдыстарға құюмен, хлор мен аммиак құйылатын танктерді, булану және буферлік ыдыстарды тазалаумен, ішінде озон болған ыдыс жабдығын тексерумен байланысты газ қаупі бар жұмыстар; хлор сақталатын қоймадағы, аммиак селитрасы сақталатын қоймадағы және дозатор тұратын орындардағы ыдыстарға ішкі тексеру жүргізу және гидравликалық сынау; ӘКУЗ арматурасы мен құбырларды жөндеу және ауыстыру.

Г.2.2 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымының жетекшісі жұмыс орындары мен жұмыс түрлерін, жергілікті еңбек шарттары мен олардың орындалу ерекшелігін ескере келе, кәсіподақ комитетімен келісіліп, орындалуына наряд-рұқсатнама беру қажет болатын жұмыс орындары мен жұмыс түрлерінің нақты тізбесін бекітуі тиіс.


Д-қосымшасы

(міндетті)
Сумен жабдықтау және су тарту жүйесі ұйымының жұмыскерлеріне медициналық қызмет көрсетілудің ұйымдастырылуы бойынша әдістемелік нұсқаулар
Д.1 Сумен жабдықтау және су тарту жұмыскерлеріне медициналық қызмет көрсету алдын алу жұмыстарының төмендегідей негізгі нысандарын қамтиды:

- жұмысқа орналасу кезінде алдын ала, мерзімдік медициналық тексеру мен ауысым алдында медициналық куәландыру;

- емдеу-алдын алу мекемелері диспансеризация тәртібімен барлық жұмысшылар үшін, я болмаса тек әйелдер немесе белгілі бір кәсіп иелері үшін жүргізетін көпшілік-алдын алу шаралары және кәсіптік ауруларды алдын алу мақсатында жүргізілетін басқа да алдын алу шаралары;

- жұмыс шарттарын ескеріп, жұмыскерлерге емдеу-алдын алу және санитарлық-гигиеналық көмек ұйымдастыру, соның ішінде сумен жабдықтау және су тарту ұйымы бөлімшелерінің науқастанған немесе жарақат алған жұмыскерлеріне медициналық көмек көрсету;

- жалпы және кәсіптік ауруларды зерттеу, талдау және олардың себептерін жою бойынша нақты іс-шаралар әзірлеу;

- мүгедектікті, еңбекке қабілеттілікті белгілеу бойынша, санитарлық-шипажай емдеу үшін науқас жұмыскерлерді медициналық іріктеу бойынша дәрігерлік-медициналық сараптама жүргізу және еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру;

- сумен жабдықтау және су тарту ұйымының жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелеріне аумақ бойынша санитарлық-шипажай және сауықтыру қызмет көрсету және медициналық пен сауықтыру қызметінің басқа да түрлерін ұсыну.

Д.2 Ауыр жұмыстарда және еңбек жағдайы зиянды немесе қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ көлік қозғалысымен байланысты жұмыстарда еңбектенетін жұмыскерлер олардың тапсырылатын жұмысқа лайық келуін анықтау және кәсіптік аурулардың алдын алу мақсатында жұмысқа келген уақытта міндетті алдын ала, мерзімдік медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтеді.

Оның үстіне, аталған жұмыстар мен қауіпті, зиянды заттармен және қолайсыз өндіріс факторларымен байланысты жұмыстарда мұндай міндетті медициналық тексерулер аурулардың бастапқы формаларын анықтау үшін және кәсіптік аурулардың алдын алуға және оларды азайтуға бағытталған сауықтыру іс-шараларын әзірлеу үшін жүргізіледі.

Д.3 Мерзімдік медициналық тексерулердің жүргізілуі кәсіби зияндылығы бар жағдайларда жұмыс істейтін жұмыскерлердің денсаулық жағдайының үлкен қарқынмен бақыланып тұрылуын және кәсіптік аурулардың бастапқы белгілерінің уақытылы анықталуын, олардың профилактикасын және зиянды еңбек жағдайында жүргізілетін жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін жалпы аурулардың анықталуын қамтамасыз етеді.

Д.4 Жұмысқа орналасу кезінде жұмыскерлерге міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық тексеру жүргізуді одан әрі реттеу үшін «Еңбек шарттары бойынша өндіріс нысандарын міндетті түрде мерзімдік аттестациялау тәртібі», «Алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден өту міндетті болатын зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі» және «Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне
ұшыраған қызметкерлерді міндетті алдын ала және мерзімдікк медициналық
қарауларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық» талаптарына сәйкес:

- жұмысқа орналасу кезінде, олармен жұмыс істеген уақытта алдын ала медициналық тексеруден өту міндетті болатын және кәсіптік аурулардың алдын алу мақсатында мерзімдік болатын қауіпті және зиянды заттардың, қолайсыз өндіріс факторларының тізбесі;

- қауіпті және зиянды заттармен, қолайсыз өндіріс факторларымен байланысты жұмысқа жіберілуге қосымша медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі;

- орындау үшін жұмысқа орналасу кезінде алдын ала, ауралардың, жазатайым жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік пен еңбектің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында мерзімдік медициналық тексеруден өту және жұмыскерлерді ауысым алдында медициналық куәландыру қажет болатын жұмыстар тізбесі;

- жұмысқа орналасу кезінде алдын ала және кәсіптік аурулардың алдын алу және еңбек барысында экологиялық факторлар бойынша қажетті зертханалық және функционалдық зерттеулер жүргізу мақсатында мерзімдік медициналық тексеру жүргізуге қатысатын дәрігер мамандардың тізбесі;

- жұмысқа орналасу кезінде алдын ала және аурулардың, жазатайым жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік пен еңбектің қорғалуын, жұмыс пен кәсіптің түрлері бойынша қажетті зертханалық және функционалдық зерттеулердің жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында мерзімдік медициналық тексеру жүргізуге қатысатын дәрігер мамандардың тізбесі;

- қауіпті, зиянды заттармен, қолайсыз өндіріс факторларымен байланысты жұмысқа жіберілуге жалпы медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі;

- аурулардың, жазатайым жағдайлардың алдын алу және жұмыс пен кәсіптің жекелеген түрлері бойынша қауіпсіздік пен еңбектің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында жұмысқа жіберілуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі;

- жұмысқа орналасу кезінде міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық тексеру бойынша нұсқаулар бекітілуі тиіс.

Д.5 Алдын ала медициналық тексеруден «Еңбек шарттары бойынша өндіріс нысандарын міндетті түрде мерзімдік аттестациялау тәртібі», «Алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден өту міндетті болатын зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі» және «Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне


ұшыраған қызметкерлерді міндетті алдын ала және мерзімдікк медициналық
қарауларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық» талаптарына сәйкес зиянды заттармен және қолайсыз факторлармен байланысты жұмысқа орналасатын барлық адамдар өтуі тиіс.

Жұмыстың сипаты бойынша қарастырылған медициналық тексеруден өтуге тиіс жұмыскерлердің жұмысқа дұрыс қабылдануын және басқа жұмысқа ауыстырылуын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік сумен жабдықтау және су тарту ұйымының қызметкерлерін басқару қызметіне жүктеледі.

Д.6 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымы бөлімшесінің басшылығы өндірістік бірліктер, кәсіптер және қолайсыз факторлар бойынша мерзімдік медициналық тексеруден өтуі тиіс жұмыскерлер контингентін белгілеп, оларды санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаумен келісіледі.

Д.7 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымы қызметкерлерінің басқару қызметі өндірістік бірлік, кәсіп, жұмыскерлер ұшырайтын қауіпті және зиянды өндіріс факторларын көрсетіп, медициналық тексеруден өтуі тиіс жұмыскерлердің аты-жөндері, осы еңбек жағдайындағы жұмыс өтілі жазылған тізімді жасайды.  

Д.8 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымының басшылығы жұмыскерлерді медициналық тексеру туралы бұйрық шығарады. Әкімшілік жұмыскерлердің осы тексеруге уақытылы келуін қамтамасыз етеді және бұл үшін жауапкершілік көтерді.

Д.9 Емдеу-профилактикалық мекемесі сумен жабдықтау және су тарту ұйымы бөлімшесінің басшылығына ұсынылатын тиісті қорытындылармен және ұсыныстармен бірге медициналық тексерулердің талдап жинақталған нәтижелері негізінде қорытынды акт құрады.

Д.10 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымының басшылығы денсаулық сақтау орнын ұйымдастыруға міндетті.

Ол үшін:


- денсаулық сақтау орнына жай ұсыну қажет. Жайдың ауданы мен құрамы денсаулық сақтау орнының санатына байланысты нормаларға сай келуі тиіс;

- қалыпты жұмыс істеуі үшін емдеу-профилактикалық мекемесін байланыс құралдарымен, тиісті медициналық жабдықпен, аспаптармен қамтамасыз етуі тиіс;

- науқастанған немесе жұмыс орнында жарақат алған жұмыскерлерді емдеу мекемесіне апару үшін көлік ұсынуы қажет.

Е-қосымшасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет