Суретші,үлгілі оқушы,орыс тілі пәнінің майталманы



Дата24.07.2023
өлшемі16.27 Kb.
#475805
аттестат мадақ


1. Суретші ,үлгілі оқушы,орыс тілі пәнінің майталманы Айеркені қарсы аламыз.
2. Ақжарқын,ақкөңіл Аяулымға қошемет көрсетейік.
3. Салмақты, жан – жақты Ақботаны ортаға шақырайық
4. Болашақ дәрігер,сынып белсендісі,тілалғыш Мерей ортада
5. Ұқыпты,ұяң,атқұмар жігітіміз Кенжені қарсы алайық
6.Көрікті,талантты қызымыз Назгүлді қарсы алайық
7.Ақылды,Қазақ тілінен Облыстық,аудандық жарыстардың жеңімпазы,шешен қызымыз Нұрай ортаға шақырамыз
8.Ер жүректі,қайсар мінезді,тарихшы ұлымыз Ерасыл ортада
9. Сегіз қырлы, бір сырлы,намысшыл жігіт Әділбекке қошемет көрсетейік
10. Айдай сұлу,ақылды,зерек Айзере қызымызды қарсы алайық
11. Бойында үлкен намыс бар,әрқашан алға ұмтылған спортшы жігіт Абылқайырды ортаға шақырамыз
12. Сабырлы,жайсаң мінезді,Тарих пәнінен Облыстық,аудандық жарыстардың жеңімпазы Диананы қарсы алыңыздар
13. Қоғамдық жұмыстың ортасында жүретін,салауатты өмір сүретін Жақсылыққа қошемет
14.Өткір де ер мінезді,қайсар жігіт Асланды қарсы алайық
15.Сыныптың еркесі,тәрбиелі,тәртіпті,белсенді Амина ортада
16. Биязы,сүйкімді,салмақты қызымыз Нұрайды қарсы аламыз
17.Тәуекелшіл,батыр жігіт Ернарды ортаға шақырамыз
18.Білім мен ойды,әдептілік пен әдемілікті ұштастыра алған Нұрай қызымызға қошемет
19.Жас дарын,алғыр,білгір Дианаға бір қошемет
20. Бойында от бар,жүрегінде шоқ бар сыныбымыздың физигі Нұранды ортаға шақырамыз
21.Арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты,қырандай күшті қанатты Дамирға қошемет көрсетейік
22. Ойшыл,зерек,креативті ,үздік оқушымыз Қазынаны қошеметпен ортаға шақырамыз
23.Парасатты,ұяң,оқу озаты Айымгүлге қошемет
24. Сурет салу шебері,көпшіл, алғыр, әдепті Анельді қарсы аламыз



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет