ҚР ЕЖ 3.02-111-2012
15
4.4.5.15 Оқу кабинеттеріне арналған жасанды жарық жүйелерін жобалау кезінде
бірнеше шам желілерінің бөлек қосылуын қарастыру керек.
4.4.5.16 Жасанды жарықты оңтайлы пайдалану және оқу кабинеттерін біркелкі
жарықтандыру үшін шағылысу коэффициенті төбе үшін - 0,7 бастап 0,9 дейін; қабырға
үшін - 0,5 бастап 0,7 дейін; еден үшін - 0,4 бастап 0,5 дейін; жиһаз бен парталар
үшін - 0,45; сынып тақталары үшін - 0,1 бастап 0,2 дейін болатын тегіс бетті құрайтын
өңдейтін материалдар мен бояуларды қолдану керек.
4.4.5.17 Сынып тақтасы софиттермен жабдықталады және оған қарама-қарсы
орнатылған симметриялы емес жарық таратқыш екі шыны шаммен жарықтандырылады.
Шамдар тақтаның жоғары шеткі жағынан 0,3 м және 0,6 м тақтаның алдына сынып жаққа
орнатылады.
4.4.5.18 Тақтаға жарық түсірген кезде тақта жазықтығына параллель сызық бойымен
орналастырылған қиғаш жазықтықтағы жарықтың симметриялық емес, қисық күші бар
люминесцентті шамдары бар шырақтар немесе еңкейтіп орналастырылған тікелей жарық
түсіретін шырақтар пайдалану ұсынылады.
4.4.5.19 Сынып кабинеттерінде терезеден алыстығы мен табиғи жарық деңгейіне
байланысты люминесценттік шамды қосуға және жарық ағымын реттеуге мүмкіндік
беретін, жарықтандыру тетігі бар люминесценттік шам сияқты жарықты басқару жүйесін
қолдану ұсынылады.
4.4.5.20 Қабырғаға ілінген көрнекі материалдарға жарық түсіру үшін, экспозициялық
жазықтықты бөліп қана қоймай, кабинетті нақты бір жарықпен көмкеретін, ерекшелей
алатын қасиеті бар шамдарды пайдалану ұсынылады.
4.4.5.21 Информатика және есептік техника кабинеттерінде тігінен жарық түсіретін
люминесценттік шамдарды компьютермен жұмыс орнының жанына немесе тікелей
жұмыс орнының үстіне орналасқан шағылысқан жарықты люминесценттік шамдарды
пайдалану ұсынылады. Құрама жарықты да пайдалануға болады. Бұл кезде қағаз төселген
үстелге жергілікті жарық ретінде қорғаныс бұрышы кемінде 40º градус болатын түссіз
шағылысқыш бар шырақтарды пайдалану керек.
4.4.5.22 Техникалық
сызу
және
бейнелеу
өнері
кабинеттерінде
тек
Tц = 5000 - 6000 К және Rа > 80 көрсеткіштері бар жарық көздерін пайдалану керек.
Сынып кабинеттеріне ортақ жарықтандыру жүйесінің осы үлгісі қолданылады.
4.4.5.23 Металдар мен ағаштарды өңдеу шеберханаларында құрамалы жарық
жүйесін пайдаланған кезде, жарық беру деңгейі жоғары болу керек. Айналмалы
бөлшектермен жұмыс істеу кезінде стробоскопиялық әсерді болдырмау үшін,
электрондық аппаратты шырақтарды пайдалану керек.
4.4.5.24 Кітапханаларда сөрелер арасынан өтетін жолдардың әрқайсысының осі
бойынша орналастырылған тік шырақтармен кітап сөрелеріне қосымша жарық түсіріледі.
4.4.5.25 Мәжіліс залдарында жарықты басқару жүйесі мен сахнаға жеке жарық
түсіру жүйесі қарастыру ұсынылады. Люминесценттік шамдар бар шырақтар қатарымен
орындалатын ортақ жарықтандыру аспалы төбеге тізілген шағын люминесцентті
шамдарды және энергия үнемдегіш шамдарды, сондай-ақ шағылысқан жарық құрылғысын
пайдалануға болады.
4.4.5.26 Спорт залдарында бүйір жақтағы қабырға бойымен төбеде немесе бүйір жақ
|