Свод правил республики казахстан


 Инсоляция, жарық түсу жақтарына байланысты кабинеттерді күннен



Pdf көрінісі
бет22/82
Дата28.09.2023
өлшемі1.74 Mb.
#478953
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82
Общеобразовательные

4.4.7 Инсоляция, жарық түсу жақтарына байланысты кабинеттерді күннен 
қорғау мен бағдарлау 
 
4.4.7.1 Негізгі оқу кабинеттері терезелерінің бағдарын Р қосымшасы бойынша 
қабылдау қажет.
4.4.7.2 Оқу кабинеттерінің жарық түсіретін ойықтары жалюзи, ашық түсті перделер 
сияқты реттелетін күннен қорғау құрылғыларымен жабдықтау керек.


ҚР ЕЖ 3.02-111-2012 
17 
4.4.7.3 Оқу кабинеттері терезелерінің ұсынылатын бағдары - көкжиектің оңтүстік, 
оңтүстік-шығыс және шығыс тұстары. Көкжиектің солтүстік жағына сызу, бейнелеу өнері 
кабинеттері мен ас бөлмелер терезелері бағытталуы мүмкін. Информатика кабинетінің 
бағдары - солтүстік, солтүстік-шығыс. 
4.4.7.4 Ас бөлмесінің ыстық цехының ең оңтайлы бағдары - солтүстік. 
4.5 Ғимараттардың конструктивтік шешімі мен құрылыс конструкцияларын 
есептеу әдістері 
 
4.5.1 Жалпы білім беру ұйымдарын, оның ішінде сейсмикалық аудандардағы 
ұйымдарды жобалау мен салу кезінде көтергіш конструкциялар есебін Қазақстан 
Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттар ережесін ескере 
отырып жүргізу керек.
4.5.2 Жалпы білім беру ұйымдарының ғимараттарын жобалаған және көтергіш 
конструкцияларды есептеген кезде мыналар ескеріледі: 
а) талап етілетін ғимараттың механикалық қауіпсіздігі; 
б) пайдалану жарамдылығы; 
в) ұзақ уақытқа төзімділік. 
4.5.3 Көтеру қабілетінің немесе пайдалану жарамдылығының талап етілетін 
деңгейінің қоры келесі шаралар арқылы жүзеге асуы мүмкін:
а) алдын алу немесе қорғаныс іс-шаралары (мысалы, соққыдан қорғау құрылғысы, 
өрт қауіпсіздігі бойынша активті немесе пассивті іс-шаралар, жабын мен қабатты жабу, 
катодты қорғаныс қолдану және т. б. сияқты тот басудан қорғайтын шаралар.); 
б) есептеу кезіндегі сәйкес іс-шаралар: 
- әсер етудің сипаттық мәндері үшін сандық мәндер;
- есептеу кезінде қауіпсіздіктің жеке коэффициенттерін қолдану; 
в) сапа менеджментіне қатысты іс-шаралар
г) көтергіш конструкцияларды жобалау, есептеу және салу кезінде болатын 
қателіктерді азайту, сонымен қатар ірі қателіктерді болдырмау шаралары; 
д) көтергіш конструкцияларды жобалау кезінде қолданылатын қосымша шаралар 
кезінде мыналарды ескеру керек:
- негізге алынатын талаптар; 
- конструкцияның қаттылығы (зақымданудың дәлдік шегі); 
- пайдалануға сәйкес мерзімін белгілей отырып ұзақ мерзімге төзімділігі; 
- топырақты алдын ала зерттеудің түрі мен көлемі және қоршаған ортадан ықтимал 
әсерін зерттеу;
- қолданылатын есептеу әдістерінің нақтылығы; 
- конструктивтік орындау; 
е) жұмыс өндірісінің ережесіне сәйкес жоспарланған құрылыспен қамтамасыз ету;
ж) жобалау құжатының талаптарына сай сәйкес бақылау және техникалық қызмет 
көрсету. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет