ҚР ЕЖ 3.02-111-2012
5
құрылысы аймағына арналған гигиеналық нормативтен аспауы тиіс.
Жүгіру жолдары мен спорт алаңдарын (волейбол, баскетбол, қол добы ойыны)
жасаған кезде олардың жауын суы астында қалмауын алдын алатын дренаж
қарастырылуы керек.
4.2.5 Дене шынықтыру-спорттық аймақта тік жүгіру жолымен біріктірілген
ұзындығы 250 метрден кем емес айналмалы жүгіру жолы, құрамдастырылған баскетбол,
волейбол алаңы, футбол алаңы, спорттық ойындарға арналған алаң бар жеңіл атлетикаға
арналған спорттық ұяшық қарастыру ұсынылады.
Есептік-спорт аймағын шағын аудандағы немесе 1,0-1,2 км немесе білім
алушылардың спорт сабақтарын өткізуге жаяу жүретін жолдың қолжетімділігі шегінде
орналастырылған аудандағы спорт ядросын пайдалану шартымен спорт аймағының
қалған бөлшектерін сақтай отырып, жеңіл атлетика спорт ядросының ауданына азайтуға
жол беріледі.
Футбол алаңының өлшемін нормативтік көрсеткішке сәйкес ең төменгі жол
берілетін шекте қабылдау.
4.2.6 Дене шынықтыру-спорт аймағын сынып жайларының терезесі жағынан
орналастыруға жол берілмейді. Оны жасыл көшеттер (ағаштар мен бұталар кіретін)
белдеуінен ары орналастыру керек. Доп ойындарына және спорттық снарядтарды
лақтыруға арналған алаңдарды ғимарат терезесінен кем дегенде 25 м, биіктігі 3 м қоршау
болған жағдайда, 15 м кем болмайтындай қашықтықта орналастырған дұрыс. Басқа дене
шынықтыру-спорт түрлерімен айналысуға арналған алаңның арақашықтығы – кемінде
15 м. Спорт аймағының қондырғылары дене шынықтыру тәрбиесі жөніндегі оқу
бағдарламасын орындауды, сондай-ақ секциялық спорт сабақтары мен сауықтыру
шараларын өткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
4.2.7-тармақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2018 жылғы
5 наурыздағы № 45-НҚ бұйрығына сәйкес өзгертілді.
4.2.7 Оқу және тәжірибелік аймақ жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес
қарастырылады.
4.2.8-тармақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2018 жылғы
5 наурыздағы № 45-НҚ бұйрығына сәйкес алынып тасталды.
4.2.9 және 4.2.10-тармақтар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің
2018 жылғы 5 наурыздағы № 45-НҚ бұйрығына сәйкес өзгертілді.
4.2.9 Шаруашылық
аймақтары
жобалауға
арналған
тапсырма
бойынша
қарастырылады.
4.2.10 Демалыс аймағына мыналарды қосу ұсынылады:
а) бастауыш сынып оқушыларының (2-4 сыныптар) жылжымалы ойындар үшін
алаңдары әр сынып үшін кемінде 50 м
2
, ал 6 жастағы балалар үшін (1-сынып) және
мектепке дейінгі сыныптар үшін - кішігірім ойын нысандары бар кемінде 100 м
2
(бір
оқушыға 4 м
2
) есептеу негізінен алынады;
б) тыныш демалыс түрінің алаңы негізгі мектеп оқушыларының 40%-на кем дегенде
|