ҚР ЕЖ4.02-104-2013*
6
4.2.5 Жүйенің дұрыс жұмыс істеуге дайындығынжылу көздерінің, жылу желілерінің,
жылу тұтынушыларының дайындығын күту сағаттарының саны бойынша анықтаған жөн,
сондай-ақ – берілген мекендегі сыртқы ауаның есептік емес температураларының сағат
саны.
4.2.6 ОЖЖ-ның қалыпты жұмысқа дайындығының ең аз қол жетімді көрсеткішіне
0,97 қолданылады.
4.2.7 Дайындық көрсеткішін есептеу үшін мыналарды анықтаған (ескерген) жөн:
а) ОЖЖ-ның жылыту маусымына дайындығы;
б) есептелмеген суық түсулерде ОЖЖ-ның қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін
жылу көзінің белгіленген жылу қуаттылығының жеткіліктігі;
в) жылу желілерінің есептелмеген суық түсулерде ОЖЖ-ның қалыпты жұмысын
қамтамасыз ету қабілеті;
г) ОЖЖ-ның белгіленген дайындық деңгейінде қалыпты жұмысын қамтамасыз ету
үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шаралар;
д) жылу көзі үшін дайындық сағаттарының барынша рұқсат етілген саны;
е) ауаның белгіленген ішкі температурасы қамтамасыз етілетін сыртқы ауа
температурасы.
4.3 Резервтеу
4.3.1 Нормаларға сәйкес резервтеудің мына тәсілдерін көздеген жөн:
а) жылудың бірнеше көздерінің бірлескен жұмысын жылуды тасымалдаудың
бірыңғай жүйесіне ұйымдастыру;
б) аралас аудандардың жылу желілерін резервтеу;
в) резервті сорғыш және құбыр өткізгіш байланыстардың құрылымы;
г) бак-аккумуляторларды орнату.
Жылу желілерін өтпейтін арналарға жер асты салғанда және арнасыз салғанда
жылытылатын үй-жайларда ішкі ауа температурасын тоқтап қалудан кейінгі жөндеу-
қалпына келтіру кезеңі ағымында 12°С төмен емес қамтамасыз ету үшін жылу беру
мөлшері (%) 2-кесте бойынша қабылдануы қажет.
4.3.2 Минус 40 °С төмен емес жылуды жобалау үшін ауаның есептік
температуралары бар аудандарда 1200 мм-ден артық диаметрлі құбыр өткізгіштерден
басқа ұзындығы 5 км-ге дейінгі жер асты салу телімдерін резервтемеуге рұқсат етіледі.
Тоннелдерде және өткізу арналарында салынатын жылу желілері бойынша жылу
беруді резервтеуді көздемеуге рұқсат етіледі.
4.3.3Бірінші санаттағы тұтынушылар үшін жылудың немесе жылу желілерінің
бірнеше тәуелсіз көздерінен резервтеу мүмкіндігі болмағанда жылудың жергілікті
резервтік көздерін (стационарлық немесе жылжымалы) қолдануға рұқсат етіледі.
Жергілікті резервтік көздер құрамында жұмыс заты ретінде су немесе фазалық өтімді
жылу жинақтайтын зат бар жылу аккумуляторлары ұсынылған, бұның артықшылықтары
көбірек, себебі жылу аккумуляторының габариттері және жылу берудің анағұрлым
тұрақты температурасы азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |