ҚР ЕЖ4.02-104-2013*
49
5.2.2 Бұдан басқа, энергоресурстарды сақтауды және энергоэффектілікті көтеруді
қамтамасыз ету үшін, дәстүрлі емес шараларды қолдануға рұқсат беріледі:
Кроме того, разрешается применять нетрадиционные мероприятия для обеспечения
энерго-ресурсосбережения и повышения энергоэффективности:
1) жылу беру мен ГВС үшін жер асты сулары және геотермальды бұлақ көздерін
пайдалану;
2) ғимараттарға қосымша ыстық су мен жылу беру үшін күн энергетикасы жүйесін
пайдалану;
3) маусымды және бір күндік жылу жиналу жүйесін жасау;
4) бу сорғалап ағатын инжекторларды эффектілі жылу тасымалдағыштар ретінде
төмен потенциалды жылудың жұмсақ буын тазарту кезінде қолданады;
5) бу сорғалап ағатын инжекторларды айналым насостарының орнына пайдалану;
6) жылу беру мен ГВС үшін жылу насостарын пайдаланып төмен потенциалды
жылуды алады:
- өндіріс сулары қалдықтары мен канализациялық жиналу;
- ғимараттың жертөлелеріндегі жылулар;
- күн коллекторларының жылуы;
- сорғыш желдеткіштің жылу шығаруы;
- жылу жүйесінің кері су жүйесі;
- ашық су қоймасы сулары;
7) газгенераторлық қондырғыларды табиғи газ бен жылу қамтамасыз ету орнына
пайдалану;
8) өсімдіктер биомассасынан пеллет өндіру және оларды котельныйларда қолдану;
9) жаңартылған отындарды пайдалануда кері су жүйесін абсорбциялық насостар
арқылы рекуперациялау;
10) қоқыс жағатын заводтарды энергетика тарату жүйесінде пайдалану;
11) кері су жүйесі жылуын кар еріту қондырғыларында пайдалану.
5.3 Жылу беру мен желдеткішке ең көп салмақ түсіретін меншікті
көрсеткіштері
Тұрғын үйлерге жылу беру мен желдеткіштеріне ең көп салмақ түсіретін жылудың
меншікті көрсеткіштерін (Вт/м
2
), есептеуде В қосымшасына сәйкес болу керек.
5.4 Тұрғындар пайдаланатын ыстық су шығындары нормалары
Тұрғындарға кететін ыстық су шығындарын есептеуде оның нормасын және
жылудың қажетті меншікті сағаттық шамасын оның қыздыруына қарай қабылдайды.
Бұл шама (кДж/м
2
) жылудың оны қыздыруға қатысты Г қосымшасына сәйкес
есептеледі.
Ескертпе - Судың шығын нормасы негізгі тұтынушылар үшін мына қосымша шығындарды
есепке алады ( қызмет көрсетуші персоналдарға, персоналдар мен келушілерге араналған
душтарға, бөлмелерді тазалауға және т.б).
|