Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет50/150
Дата12.02.2024
өлшемі1.71 Mb.
#491664
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   150
SP RK 4.02-104-2013

ҚР ЕЖ4.02-104-2013* 
 
46 
төсемелі грунтта - басылып кететін қабаттың қалыңдығының 3-нен кем емес, бірақ 40 м 
көп емес. 
Ескертпе - Басылмалы, тұзды және ісінетін грунт қабаттарының қалыңдығын жер бетінің 
табиғи рельефіне байланысты қабылдау керек, ал кесіндіні немесе себу пландалған болса – 
сәйкесінше кесу немесе себу деңгейіне байланысты. 
4.7.11.4.8 Жылу пунктерінің , сорғылардың және т.б едендерінің астына, және де 
сыйымдылық құрылыстарында грунттың нығыздалуын 2-2,5 м тереңдікте қарастыру 
керек. Нығыздалған грунттың контуры ғимараттың әр жағының өлшемдерінен 3 м-ден 
кем болмауы қажет. 
Едендер су өткізбейтін болу керек және су өткізілмейтін су жинағыш жағына 0,01-
ден кем емес еңістеу орналасуы керек. Еден мен қабырғалардың байланысқан жерлерінде 
су өткізбейтін биіктігі 0,1-0,2 м плинтустар қарастырылуы қажет. 
4.7.11.4.9 Жылу жүйесінің жұмысын және жағдайының бақылауын қамтамасыз 
еткенде, оларды басылып кететін, тұзды және ісінетін грунтта жобалаған кезде олардың 
негізгі элементтері мен түйіндерін қадағалауға еркін мүмкіндік болатындай қарастыру 
қажет. 
4.7.11.4.10 Ғимараттардың қабырғасы арқылы құбырлардың және каналдардың өтуін 
сальниктардың көмегімен іске асыру керек. Сальниктер олардың ғимараттардың ішінде 
және сыртында басылудың, суффозиондық отырудың немесе грунт негізінің ісінуінің 
мүмкін болатын 1/5 өлшемінде горизонтальды қозғалуын қамтамасыз етеді. 
4.7.11.4.11 Жылу жүйесін ғимараттарға герметикалық түрде енгізу қажет. 
Фундаменттте 
(жертөле 
қабырғаларында) 
жылуоқшаулағыш 
құбыр 
конструкциясының беті мен ойық үстундегі жалғастырғыш арасындағы саңылау 30 см-ден 
кем емес және іс-шаралар комплексімен құрылған ғимараттың есептік отыру 
көрсеткішінен кем болмауы тиіс. Саңылауларды эластикалық материалдармен бекіту 
қажет. 
Ғимараттармен байланысқан канал түбі іргетастың түбінен кемінде 0,5 м-ге жоғары 
болу керек. 
4.7.11.4.12 Ғимарат негізінің 0,2 м өлшемде отыруы кезінде ғимаратқа кіре берістегі 
каналдар арасы 8 кестеде көрсетілгендей болып, су өткізбейтіндей салынуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет