ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
26
4.2.11.8 Цементі аз қатты бетон қоспасын таптап тегістеу арқылы бетондау әдісі
С16/20, В20 классқа дейінгі бетондардан жазық созылған конструкцияларды салу үшін
қолданылады. Таптап тегістелетін қабаттың қалыңдығы (20-50) см шегінен артық болмауы
керек.
4.2.11.9
Қалау тереңдігі 0,5 м дейінгі цемент-топырақты нөлдік цикл
конструкцияларын салу үшін цементтің, топырақтың және судың есептік мөлшерін
бұрғылау жабдықтарының көмегімен ұңғымада араластыру арқылы бетондаудың
бұрғыараластырғыш технологиясын пайдалануға рұқсат етіледі.
4.2.11.10 Аралдарда бетон қоспасын нығыздау әдісімен бетондау кезінде жаңа келіп
жатқан бетон қоспаның еңістің үстімен суға ағып кетуіне жол бермей, су кемерінен кем
дегенде (200-300) мм қашықтықта нығыздау қажет.
4.2.11.11 Саз-балшық ерітіндісінің астында бетондау кезінде бетон қоспасын қамту
мерзімінен артық үзіліс жасауға тыйым салынады. Аталған шектеуден асып кеткен жағдайда
конструкция ақаулы және ТЖҚ әдісін қолдану арқылы жөндеуге келмейтін конструкция
болып есептеледі.
4.2.11.12
«Топырақтағы қабырға» типті конструкцияларды салу кезінде
траншеяларды құрал-саймандық секцияаралық бөлгіштерді пайдаланып ұзындығы 6 м
аспайтын секциялар түрінде бетондау қажет.
4.2.11.13 Траншеяда саз-балшықты ерітінді бар болған жағдайда секциялар
траншеяға ерітінді құйылғаннан кейін 6 сағат өтпей бетондалады; олай болмаған жағдайда
саз-балшықты ерітіндіні траншеяның түбіне шөккен қожды шығара отырып, ауыстыру
қажет.
4.2.11.14 Арматура қаңқасын саз-балшық ерітіндісіне батырмас бұрын сулау керек.
Арматура қаңқасын саз-балшық ерітіндісіне батыру сәтінен бастап бетондау басталған
сәтке дейінгі уақыт аралығы 4 сағаттан аспауға тиіс.
4.2.11.15 Бетоннан жасалған құбырдан секцияаралық бөлгішке дейінгі ара қашықтық
қабырға қалыңдығы 40 см дейін болған жағдайда 1,5 м артық болмауы, ал қабырға
қалыңдығы 40 см жоғары жағдайда – 3 м артық болмауы керек.
4.2.11.16 Бетондау әдісін таңдау ЖАЖ анықталуы тиіс.
4.2.11.17 Бетон қоспаларын арнайы әдістермен төсеу кезінде оларға қойылатын
талаптар 7-кестеде келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |