Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет29/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

 


ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
25 
4.2.11 Арнайы бетондау әдістері 
4.2.11.1 Нақты инженерлік-геологиялық және өндірістік шарттарға негізделе 
отырып, жобаға сәйкес келесі арнайы бетондау әдістерін пайдалануға рұқсат етіледі:
- тігінен жылжытылатын құбыр (ТЖҚ);
- өршімелі ерітіндіні (ӨЕ);
- инъекциялық;
- дірілайдауыш;
- бетон қоспасын бункермен төсеу;
- бетон қоспасын нығыздау;
- тегеурінді бетондау;
- бетон қоспаларын таптап тегістеу;
- бұрғыараластырғыш тәсілмен цементтеу.
4.2.11.2 ТЖҚ әдісін тереңдігі 1,5 м және одан жоғары терең конструкцияларды салу 
кезінде қолдану керек; бұл жағдайда ҚР СТ EN 206-1 бойынша С20/25 (ГОСТ 26633 
бойынша В25) дейін жобалық класс бетоны пайдаланылады.
Апаттық үзілістен кейін құбырлардың орнын ауыстыруды тек беріктіктің 2,0 МПа 
бастап 2,5 МПа дейінгі қабығындағы бетонға жеткен кезде ғана жаңартуға жол беріледі.
4.2.11.3 Ірі тастан алынған нобайға цемент-құм ерітіндісін құю арқылы ӨЕ әдісімен 
бетондау тәсілі бетонның беріктігін кесектасты қалау беріктігіне сәйкестендіру үшін су 
астында бетонды 20 м тереңдікке дейін төсеу кезінде қолданылады.
Қиыршықтастан алынған нобайға цемент-құм ерітіндісін құйылатын ӨЕ әдісін 
конструкцияларды ҚР СТ EN 206-1 бойынша С20/25 (ГОСТ 26633 бойынша В25) класқа 
дейінгі бетондардан салу үшін 20 м дейін тереңдікте қолдануға рұқсат етіледі.
Бетондау тереңдігі 20 м бастап 50 м дейін болған жағдайда, сондай-ақ жөндеу 
жұмыстары барысында конструкцияларды және қалпына келтіру құрылысын күшейту 
үшін қиыршықтас толтырғышына құмсыз цемент ерітіндісін құю қажет.
4.2.11.4 Инъекциялық және дірілайдауыш әдістер көбінесе фракциясы максималды 
(10-20) мм толтырғыштың негізіндегі ҚР СТ EN 206-1 бойынша С20/25, (ГОСТ 26633 
бойынша В25) класс бетонынан салынған қабырғасы жұқа жерасты конструкцияларын 
бетондау үшін қолданылады. 
4.2.11.5 Бетон қоспасын бункерлермен төсеу әдісі ҚР СТ EN 206-1 бойынша С16/20, 
(ГОСТ 26633 бойынша В20) класс бетонынан салынған конструкцияларды 20 м астам 
тереңдікте бетондау кезінде қолданылады.
4.2.11.6 Нығыздау әдісімен бетондау тәсілін су деңгейінен жоғары орналасқан 
белгіге дейін бетондалатын ауданы үлкен, бетонының класы ҚР СТ EN 206-1 бойынша 
С20/25, (ГОСТ 26633 бойынша В25) дейін конструкциялар үшін қолданылады.
4.2.11.7 Бетон қоспасын артық қысымда үздіксіз айдау арқылы тегеурінді бетондау 
тәсілін 
жерасты 
конструкцияларын 
суланған 
топырақтарда 
және 
суасты 
конструкцияларын 10 м тереңдікте салу кезінде күрделі гидрогеологиялық жағдайларда 
салу, жауапты қатты арматураланған конструкцияларды салу кезінде, сондай-ақ бетон 
сапасына жоғары талап қойылған кезде қолдану қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет