Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет56/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
52 
4.4.8 Монтаждалған дәнекерленген қосылыстар
Болат конструкциялардың монтаждалған дәнекерленген қосылыстары бойынша 
жұмыстар 4.8-тараудың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
4.4.9 Конструкцияларды алдын ала кернеу 
4.4.9.1 Кернелейтін элементтер ретінде қолданылатын болат арқандар элементтерді 
дайындамас бұрын тиісті стандартта көрсетілген арқанның жалпы үзілу күшінің жалпы 
0,6 тең күшпен созылуға және осы жүктемеде 20 минут бойы ұсталуға тиіс.
4.4.9.2 Иілгіш элементтерді алдын ала кернелеуді төмендегі кезеңдермен жүзеге 
асыру қажет:
- байқау және бақылау өлшемдерін жүргізу үшін 10 минут бойы ұстай отырып,
кернеленуі жобалық кернелеудің 50 % дейін;
- кернеленуі жобалық кернелеудің 100 % дейін.
Екі кезеңде де кернеулердің шекті ауытқулары 

5 %.
Жобада қарастырылған жағдайларда кернеу кезеңдерді көбейту арқылы жобалық 
мөлшерге дейін орындалуы мүмкін.
4.4.9.3 Күш түсу мен деформациялар шамасы, сондай-ақ иілгіш элементтермен 
кернеленетін конструкциялардың шекті ауытқулары қосымша ережелер талаптарына сай 
болуға немесе жобада келтірілуге тиіс.
4.4.9.4 Конструкцияны алдын-ала кернеу шамасын және оны бақылау нәтижесін 
монтаждық жұмыстар журналына тіркеу қажет.
4.4.9.5 Алдын-ала кернелгн конструкцияларда жұмыс сызбаларында көзделмеген 
орындарда бөлшектерді дәнекерлеу, оның ішінде кернеулік элементтер (болат қанат, 
сымдар түйіндері) тиетін орындар маңайында дәнекерлеу жүргізуге тыйым салынады.
4.4.9.6 Икемді элементтерге арналған тарту құралдарында даярлаушы-кәсіпорынның 
оларды баламалау туралы мәліметтер бар паспорты болуы тиіс.
4.4.9.7 Алдын-ала ию әдісімен (көтеру, тірек жағдайын өзгерту және т.б.) 
орындалған конструкцияларды тартуды бақылауды тірек жағдайын және конструкцияның 
геометриялық пішінін нивелирлеумен жүзеге асыру қажет.
Шекті ауытқушылықтар жобалық құжаттамада көрсетілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет