ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
6
анықтаған ақаулықтар тізбесін беруге, олардың қалпына келтірілуін тексеруге құқылы.
Жобалық құжаттамаға ішкі бақылауды орындау мерзімі шартта белгіленеді.
4.1.7 Ұсынылған жобалық құжаттамаға ішкі бақылау құрылыс ұйымының жобасын
(ҚҰЖ) және жұмыс құжаттамасын қоса алғанда, барлық ұсынылған құжаттаманы талдауы
тиіс, бұл жағдайда мыналарды тексеру керек:
- оның жиынтықтылығын;
- жобалық осьтік көлемдердің және геодезиялық негіздердің сәйкестігін;
- материалдар мен бұйымдарға сілтемелердің болуын;
- бақыланатын параметрлерге шекті мәндердің болуын;
- бақылау мен өлшеу әдісі туралы, оның ішінде тиісті нормативтік құжаттарға
сілтемелер түрінде нұсқаулардың болуын.
4.1.8 Жұмысты орындаушы бір мезгілде қажет жағдайда әзірлемеге жаңа
технологиялық әдістер мен қондырғылар қажеттігін, сондай-ақ қолданылуы жобалық
құжаттамада көзделген материалдар мен бұйымдарды алу мүмкіндігін анықтай отырып,
жобаны белгілі әдістермен іске асыру мүмкіндігін тексере алады.
Қажет жағдайда ЖАҚ құрамына тұрғызылатын конструкциялардың құрылыстық
технологиялылығын арттыруға бағытталған қосымша техникалық талаптар әзірленуі тиіс,
олар белгіленген тәртіппен жобаны әзірлеуші – ұйыммен келісілуі және атқарушылық
жұмыс сызбасына енгізілуі тиіс.
4.1.9 Жобалық құжаттама негізінде жұмысты орындаушы ғимараттар мен
имараттардың заттай бөлінген осьтерінің орналасу схемасын, осы осьтерді бекіту
белгілері мен монтаждық бағдарын, сондай-ақ конструкцияларды орналастыру схемасын
және осы осьтер мен бағдарға қатысты олардың элементтерін дайындауы тиіс.
Схемаларды заттай бөлінген осьтер мен бағдар шартының нәтижесінде әзірлейді,
олар құрылыстың барлық кезеңінде конструкция элементтері жағдайының дәлдігін
бақылаған кезде қадағалау үшін технологиялық қолжетімді болуы тиіс. Қажет жағдайда
бір мезгілде бар немесе геодезиялық бөлу жұмыстарының дәлдігін орындау мен бақылау
әдістемесін, монтаждық бағдарларды түсіру мен бекіту ережесін түзету немесе әзірлеу
керек.
4.1.10 Жобалық құжаттаманы алу бойынша жұмысты орындаушы оларға
қолданылатын сапаны өндірістік бақылаудың барлық түріне құжатталған рәсімдердің
ұйымдық-технологиялық құжаттамасының (оның ішінде ЖАЖ) болуын тексеруі, олардың
толықтығын тексеруі және қажет жағдайда оларды түзетуі, сондай-ақ жетпейтіндерді
әзірлеуі тиіс.
4.1.11 Жұмысты орындаушы қажет жағдайда қызметкерлерді оқытуды орындауы,
сондай-ақ жұмысты орындаушы жеке күшімен орындай алмаған сынақ түрлерін
орындауға аккредитацияланған зертханалармен шарт жасауы керек.
4.1.12 Сатып алынатын (алатын) материалдар мен бұйымдар сапасы көрсеткішінің
нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін ішкі бақылаумен тексереді.
Қажет жағдайда жоғарыда көзделген көрсеткіштерді бақылаулық өлшеу мен сынау
орындалуы мүмкін.
Осы өлшеулер мен сынақтардың әдістері мен құралдары нормативтік құжаттар
талаптарына сәйкес болуы тиіс.
|