Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет14/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 

4.1.28 Орнатылатын элементті дұрыстауды және сенімді (уақытша немесе жобалық) 
бекітуды аяқтағанға дейін оған жоғарыдағыларға жататын конструкцияларды сүйеуге жол 
берілмейді, егер мұндай сүйеу ЖАҚ қарастырылмаса.
4.1.29 Оларға жүк полиспасттарын бекіту үшін орнатылған конструкцияларды
бұрып жіберетін блоктарды және басқа жүк көтергіш құрылғыларды қолдануға ЖАЖ 
қарастырылған және қажет болған жағдайда конструкциялардың жұмыс сызбаларын 
орындаған ұйымымен мақұлдасқан жағдайларында ғана рұқсат етіледі. 
4.1.30 Сейсмикалық аудандарда кірпіштен және керамикалық кеуек тастардан 
қалағанда мынадай талаптарды сақтау арқылы орындауы тиіс: 
- тас конструкцияларды қалауды әрбір қатардағы конструкциялардың барлық 
қалыңдығына жүргізу; 
- қабырғаны қалау бір қатарлы (тізбекті) орамды қолдану арқылы орындалуы тиіс; 
- қалаудың көлбеу, тік, көлденең және бойлық жапсарын қалаудың сыртқы 
жағындағы ерітіндіні қию арқылы ерітіндімен толық толтыру керек; 
- тұрғызылған қалаудағы уақытша (монтаждық) үзіктерді тек еңістік штрабпен 
аяқтау және қабырғаларды конструктивтік армирлеу орнынан тыс жерге орналастыру 
керек.
4.1.31 Құрамында үлкен тұз бар, олардың үстіңгі бетіне қатысатын кірпіш пен 
керамикалық тастарды қолдануға тыйым салынады.
Кірпіштің, тастың және арқалықтардың үстіңгі беттерін қалау алдында шаң мен 
кірден тазарту қажет: 
- ыстық климатты аудандарда – су ағынында әдеттегі ерітіндімен қалау үшін; 
- щетканың немесе сығылған ауаның көмегімен полимерцементтік ерітіндімен қалау 
үшін.
4.1.32 Сыртқы ауаның кері температурасы кезінде ірі арқалықтарды монтаждауды 
аязға қарсы қоспалар бар ерітінділермен жүргізу керек. Бұл жағдайда мынадай талаптарды 
сақтау қажет: 
- қалау жұмыстарын бастағанға дейін қабырға материалын алдын-ала ылғалдандыру 
және ерітінді қоспасының су ұстау көлемі арасындағы оңтайлы қатынасын анықтау 
керек; 
- әдеттегі жоғары су ұстау қабілеті бар ерітінділерді (су бөлу 2 % көп емес) қолдану 
қажет.
4.1.33 Ерітінділерді даярлау үшін, әдеттегідей, портландцементті қолдану қажет. 
Полимерцементті ерітінділерді пайдалану үшін қож-портландцементке және пуццолондық 
портландцементке жол берілмейді.
Ерітінділерді даярлау үшін ГОСТ 8736 талаптарын қанағаттандыратын құмды 
қолдану қажет. Ұсақ толтырғыштардың басқа түрлерін олардың негізінде ерітінділердің 
беріктік және деформациялық қасиетіне, сондай-ақ қалау материалдары арқылы жалғасу 
беріктігіне зерттеу жүргізгеннен кейін пайдаланады. Полимерцементтік ерітінділерде ұсақ 
түйіршікті сазды және шаңды бөліктердің жоғары маңызы бар құмдарды қолдануға 
болмайды.
4.1.34 Полимерцементтік ерітінділерде кірпішті қалауды орындаған кезде қалау 
алдында, сондай-ақ жинау кезеңінде қалау беріктігін ылғалдандыруға болмайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет