ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
43
бетон қоспаларының қатуын қарқындату үшін қатуды жылдамдататын химиялық
қоспаларды қолдану қажет.
4.3.8.3 Бетон қоспасындағы ірі толтырғыш дәндерінің ең үлкен көлемі түйіспе
қимасының ең төменгі өлшемінің 1/3 аспауға және арматура шыбықтарының арасындағы
аралықтағы ең төменгі ара қашықтықтың ¾ аспауға тиіс. Қалануын жеңілдету үшін
қоспаларға 4.2-тарауға сәйкес пластификациялайтын қоспаларды қосу қажет.
4.3.8.4 Түйіспелерді құйып бекіту үшін қолданылатын бетон қоспалары ГОСТ 7473
талаптарына сай болуға тиіс.
4.3.8.5 Монтаждалатын қабатқа байланысты ғимарат дайындығының әртүрлі сатысы
үшін құрама панельдердің көлбеу және тік түйістеріндегі ерітінді беріктігі жобада немесе
ЖАЖ көрсетілуі тиіс.
4.3.8.6 қаланған бетонның (ерітіндінің) беріктігін тексеру үшін сол ауысым бойында
бетондалатын түйістер тобына кемінде үш нұсқа дайындау керек.
4.3.8.7 Қалыптау кезіндегі түйістердегі бетонды немесе ерітіндіні
қысу беріктігінің
шегі жобада көзделген нұсқауға сәйкес болуы тиіс, ал мұндай нұсқау болмаған кезде –
жобалық беріктіктің кемінде 50 % болуы тиіс.
4.3.8.8 Түйісетін үстіңгі бетті алдын-ала қыздыру және монолиттелген түйістер мен
жапсарларды
қыздыру әдісі, бетонды (ерітіндіні) бабына келтіру ұзақтығы мен
температуралық-ылғалдылық режим,
жылыту әдісі, қалыптау және жұмыстарды қысқы
жағдайда, сондай-ақ ыстық және құрғақ ауа-райы жағдайында
орындау ерекшеліктерін
ескере отырып, конструкцияларды жүктеу мерзімі мен тәртібі ЖАЖ көрсетілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: