Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет46/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
42 
- қабырға жазықтығынан – орнатылып жатқан панельдің ішкі қырын төмен тұрған 
панельдің қырымен қосарлау арқылы;
- тік жазықтықта – панельдің ішкі және шетжақ қырын тік сызыққа қатысты теңестіру 
арқылы.
4.3.6 Желдету блоктарын, лифттер шахталарының көлемді блоктарын және 
санитарлық-техникалық кабиналарды орнату
4.3.6.1 Желдету блоктарын орнатылып жатқан блоктардың өзара перпендикулярлы 
қырларының төменгі қима деңгейіндегі осьтерін төмен тұрған блок осьтерінің кертпелерімен 
қосарлау арқылы теңестіру қажет. Тік жазықтыққа қатысты блоктарды екі өзара 
перпендикулярлы қырлар жазықтығын теңестіру арқылы орнату керек. Блоктардың желдету 
арналарының түйіспелерін ерітіндіден мұқият тазартып отыру, сондай-ақ оның және басқа да 
бөгде заттардың арналарға түсуіне жол бермеу қажет.
4.3.6.2 Лифттер шахталарының көлемді блоктарын монтаждау алдында олардың ішінде 
бағыттайтын кабиналар мен қарсы салмақтарын бекіту үшін тіреуіш орнату керек. Көлемді 
блоктардың астын аражабынға бөліктеу осьтерінен шығарылған және блоктың екі өзара 
перпендикулярлы қабырғаларының (алдыңғы және бүйірлі қабырғалардың бірі) орналасуына 
сәйкес келетін бағдар кертпелері бойынша орнату қажет. Тік жазықтыққа қатысты блоктарды 
екі өзара перпендикулярлы блок қабырғаларының қырларын салыстыру арқылы орнату 
керек.
4.3.6.3 
Санитарлық-техникалық кабиналар аралық төсемдерге орнатылады. 
Кабиналардың астын және тік сызықтығын 4.3.6.2 бойынша теңестіру қажет.
4.3.7 Ғимараттарды аражабындарды көтеру әдісімен салу
4.3.7.1 Ғимараттарды аражабындарды көтеру әдісімен салу кезінде қолданылатын 
жабдықтар аражабындар плиталарының барлық ұстындар мен қаттылық ядроларына 
қатысты біркелкі көтерілуін қамтамасыз ету керек.
4.3.7.2 Көтеру барысында ұстындардағы жекелеген тірек нүктелері белгілерінің 
ауытқушылығы 0,003 аралықтан аспауы және егер жобада басқа мәндер қарастырылмаса, 
20 мм аспауы тиіс.  
4.3.7.3 Жұмыстарды жоба белгісіне дейін көтерілген конструкциялар бойынша орындау 
кезінде тұрақты бекіткіштермен бекіту қажет; бұл жағдайда монтажбен аяқталған 
конструкциялардың аралық қабылдау актілері рәсімделу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет