ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
СП РК 5.03-107-2013
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
КҮШ ТҮСЕТІН ЖӘНЕ ҚОРШАУ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫ
НЕСУЩИЕ И ОГРАЖДАЮЩИЕ КОНСТРУКЦИИ
Енгізілген күні - 2015-07-01
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1.1 Осы ережелер
жинағы кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды салу және
реконструкциялау кезінде көтергіш және қоршау конструкцияларды тұрғызу және
монтаждау бойынша орындалатын жұмыстарды жүргзу және қабылдау талаптарын
орындаудың қолайлы шешімдерін белгілейді.
1.2 Ережелер жинағы құрылыс алаңында бетон және темірбетоннан жинақталған
конструкцияларды монтаждау жұмыстары, оның ішінде жай ауыр, аса ауыр және басқа да
бетон түрлерінен монолитті бетон және темірбетон
конструкцияларын жасау, бетондау
бойынша арнайы жұмыстарды орындау, көтергіш және қоршау конструкцияларды (болат,
ағаш, жинақталған темірбетон конструкцияларын және жеңіл тиімді материалдардан
жасалған конструкцияларды) монтаждау, керамикалық, силикаттық,
табиғи және бетон
материалдарынан, оның ішінде кірпіштен, тастармен блоктардан, тас және
арматураланған тас конструкцияларын жасау, құрылыстық
болат және темірбетон
конструкцияларының жинақтау қосылыстарын, арматура мен монолитті темірбетон
конструкцияларының салмалы бұйымдарының қосылыстарын дәнекерлеу кезінде
қолданылады.
Осы ережелердің талаптарын ғимараттар мен құрылыстар конструкцияларын
жобалау кезінде пайдалану керек.
1.3 Көтергіш және қоршау конструкцияларды
салу және жинақтау жұмыстарын,
жұмыстарды атқарудың жобасына (ЖАЖ) сәйкес орындау қажет, сонымен қатар тиісті
нормативтік құжаттардың, құрылыс өндірісін ұйымдастыру және құрылыстағы қауіпсіздік
техникасы бойынша ережелер жинағының, құрылыс-жинақтау жұмыстарын орындау
кезіндегі өрт қауіпсіздігі
ережелерінің талаптарын, сондай-ақ мемлекеттік қадағалау
органдарының талаптарын сақтау керек.
1.4
Автомобильдік
жол
көпірлерінің,
құбырлардың,
туннельдердің,
метрополитендердің, аэродромдардың, гидротехникалық мелиорациялық және басқа да
құрылыстарды, оған коса шөгінді жерлерде, қосымша
өнделетін аймақтарда және
сейсмикалық аудандарда салған кезде қосымша түрде сәйкес нормативтік-техникалық
құжаттардың талаптарын басшылыққа алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: