ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
88
- асылма жағындағы панелдер қаптамасының және ішкі бөлігінің (жылытқышының)
жобада көрсетілген (көбінесе 100 мм) мөлшері алдын ала алып тасталынады;
- металл қаптамасының ішкі жағындағы желім қалдықтары полиуретан көбігіне
арналған еріткіштің көмегімен және механикалық жолмен алып тасталынады, бұл
жағдайда тоттандырмайтын жабын зақымдалса, оны бояу арқылы
қалпына келтіру керек;
- бірінші панелдің, сондай-ақ ғимарат шетжағына жанасатын панелдердің үстіңгі
қаптамасының бас гофры жетжақтың жиектегіш саңылау жапқышын орнату үшін бойлық
жиегінің бойымен минералды жылытқыш деңгейіне дейін кесілу керек.
4.6.3.4 Төменгі қатар панелдері айқасқан жерге силиконнан жасалған тығыздалатын
құрамды немесе бутилкаучук бауын салады. Тығыздалатын құрам қабаты монтаждалған
панелдің төменгі табағының «ойық» тәрізді құлпына, сондай-ақ панелді монтаждауды
жалғастыру үшін дайындалған құлып гофрының науашасына салынады. Тығыздалатын
құрамды монтаждалған тақтаның шеткі гофрының үстіне салуға рұқсат етіледі.
Тығыздағыштың орнына құлыппен жалғанған тығыздағышты ҚЖТ (8 мм × 30 м) немесе
лентаны (10 мм × 100 м) пайдалануға болады.
4.6.3.5 Панелдер алдымен жабынның
көтергіш конструкцияларына, содан кейін
түйіспеде бекітіледі. Ол үшін диаметрі мен ұзындығы жабынның көтергіш
конструкциясына және панелдердің қалыңдығына байланысты өзі қиятын бұрандалар
қолданылады. Панелдер жоғарыдан жабынның еңісі бойынша төменге қарай,
шатыржалдан асылмаға қарай бекітіледі.
4.6.3.6 Панелді алдын ала екі метизбен
бекітуге рұқсат етіледі, бірақ ауысымның
соңында панелді бұрандамалардың толық санымен жобаға сәйкес бекіту қажет.
4.6.3.7 Гофрлары трапеция тәрізді табақты (бұдан әрі гофрланған табақтар) бүгілген
болат профильдер жабын мен қабырғаларды табақтап жинақтау кезінде ГОСТ 24045
белгіленген шамаларға және профильденген табақ еніне
10 мм дейінгі дәлдікпен тиісті
нормативтік құжаттарға сәйкес профильденген табақтың есептік енінің бекітілуін
қамтамасыз ететін белгі бойынша орнатылады.
4.6.3.8 Қасбеттік шетжақты адырларды орнатқан кезде көтергіш гофрланған жабын
табағы ғимараттың шетжақтық асылмалары шығып
тұрған жағдайда табақтың
монтаждалу дәлдігінен оның енінің бойындағы ауытқулар
4 мм артық болмауы керек.
4.6.3.9 Жабын мен қабырғалардың көтергіш қаптамасының гофрланған табақтары
қаңқаның көтергіш элементтеріне өз ойылатын немесе өзі бұрғылайтын бұрандалардың
көмегімен, немесе жұмыс құжаттамасының талаптарына сәйкес дюбельдермен бекіту
арқылы бекітіледі. Құжаттамада бекіту қадамы ескерілмеген жағдайда гофрланған
табақтар жабынның көтергіш элементтеріне көлденең бағытта аралық тіректердегі толқын
арқылы және ғимарат периметрінің бойындағы әр толқында бекітілу керек. Табақты
алдын ала екі метизбен бекітуге рұқсат етіледі, бірақ ауысымның
соңында табақтарды
жұмыс құжаттамасына сәйкес барлық бұрандамалармен бекіту қажет.
4.6.3.10 Гофрланған жабын табақтарын электртойтармалардың көмегімен табақтар
боялмаған жағдайда және гофрланған табақ тірелетін көтергіш элементтер (итарқа
фермаларында – белдеудің ені немесе белдеудің екі бұрышының бір сөресінің ені)
сөрелерінің ені 100 мм асуға тиіс жағдайларда ғана бекітуге рұқсат етіледі.
4.6.3.11 Бойлық бағыттағы гофрланған табақтар бір-бірімен құрама тойтармалардың