Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет92/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
89 
немесе өзі қиятын бұрандалардың көмегімен бекітіледі, бекіту қадамы, егер жоба 
құжаттамасында ескерілмесе – 500 мм тең болады.
4.6.3.12 Жабынның буоқшаулағышы төменгі гофрланған табаққа жекелеген жабын 
табақтарының 300 мм кем емес бөлігі айқастырылып төселеді немесе жабысқақ лентамен 
желімделеді. Буоқшаулағыш лента тесіліп шыққан жағдайларда зақымдалған жерлер сол 
пленкадан жасалған жамаулармен зақымдалған жердің шетінен 250 мм кем емес бөлігі 
жан-жаққа асып тұратындай желімделу керек.
4.6.3.13 Буоқшаулағышты төсер алдында жабынның астыңғы төсемі шаңнан, кірден, 
жоңқадан, мұздан, қардан және судан мұқият тазартылу керек.
Буоқшаулағыш құрғақ ауа-райы жағдайларында тұтас қабатпен төселеді. Минералды 
мақта немесе қатты минерал-мақта плиталар табиғи жолмен ылғалданған болу керек. 
Ылғалдығы өте жоғары жылуоқшаулағышты алдын ала кептіріп алуға болады.
4.6.3.14 Гофрланған табақтардан жасалған үстіңгі судан қорғайтын жабын қабаты, 
егер ол көтергіш қабат болмаса, жабынның көтергіш төсемінің бойымен гофрланған 
табақтардан төселген жабын адырналарына қарай немесе, егер жұмыс құжаттамасында 
басқа талап қойылмаса, аралық адырналарға 400 мм кем емес қадаммен және ернеу 
адырналарының бойымен 200 мм қадаммен орнатылатын өзі қиятын болмаса өзі 
бұрғылайтын бұрандалардың көмегімен бекітіледі.
4.6.3.15 Бойлық бағыттағы үстіңгі табақтар бір-бірімен саңылаусыз құрама 
тойтармалармен немесе, егер бұл жұмыс құжаттамасында ескерілмеген болса, қадамы 
500 мм өзі қиятын және өзі бұрғылайтын бұрандалармен бекітіледі.
4.6.3.16 Жабынның үстіңгі қабатының барлық бойлық және көлденең түйіспелері 
жапсарлас табақтардың бойлық жігі қосарлы қайыру жапсарына оралатын жағдайларды 
қоспағанда, герметикпен бітелуге тиіс.
4.6.3.17 Бекіткіш сапасыз қойылған жағдайда (бұранда шыбығының кесілуі, 
бүркеншіктің үзілуі, тығыз салынбауы және т. б.) бекіткіш шыбығының бес диаметрінен 
кем емес және 60 мм аспайтын ара қашықтықта жаңа бекіту элементі орнатылады. Ескі 
саңылауды кеңейту мүмкіндігі бар болған жағдайларда диаметрі үлкенірек бұранда 
салынады. Жабынның үстіңгі қабатындағы ескі саңылау тығыздағышпен бітеледі, 
тегістеледі және жабын табақтарының лак-бояу жабыны түсіне ұқсас боялады.
4.6.3.18 Жабынды монтаждау кезіндегі тиеу-түсіру жұмыстарын жұмсақ фалдардың, 
ілмектері тігінен орналасқан траверсалардың көмегімен, немесе табақтар мен лак-бояу 
жабынды бұзбайтын басқа да тәсілдермен жүргізу қажет.
4.6.3.19 Гофрланған жабын табақтарын құрылыс алаңына 2500 мм-ден аспайтын ара 
қашықтықта орнатылған, қимасы 50 

100 мм кем емес ағаш аралық төсемдерге қаттап 
тасталу керек. Гофрланған табақтар бумалары екеуден аспайтын ярустар құрамында 
қатарлай қалануы мүмкін.
4.6.3.20 Мырышпен қапталған боялмаған гофрланған табақтарды құрылыс алаңында 
немесе қоймада екі аптадан артық сақтаған жағдайда оларды қалқаның астына 
орналастыру немесе атмосфералық жауын-шашындардан сақта үшін пленкамен жабу 
қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет