Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»


Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек



бет3/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:
-синтаксис саласының зерттелу тарихын;
-сөз тіркесіне тән белгілер мен оның сөз тіркесіне ұқсас бірліктерден айырмашылығын;
-сөздерің байланысу тәсілері мен түрлерін;
-сөйлемнің коммуникативтік бірлік екенін, оған тән басты белгілерді;
-сөйлем мен оның мағыналық түрлерін;
-сөйлем мүшелері мен олардың ерекшеліктерін;
-күрделенген сөйлем мен жай сөйлемге тән басты белгілерді;
-сөйлемдегі тема-ремалық қатынастарды
-күрделі синтаксистік тұтастық пен оған тән басты белгілерді


Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:
-синтаксис саласының зерттелу тарихын кезеңдерге бөлуді;
-сөз тіркесінің байланысу тәсілері мен түрлеріне мысал келтіріп, мәтіннен теріп алуды;
-сөйлемді мағыналық түріне ажыратып, әр түріне мысалдар келтіруді;
-сөйлемдерді сөөйлем мүшелеріне талдауды;
-сөйлемнің тема-ремалық қатынасын ажыратуды;
-сөйлемдердегі синтаксистік синтагманы табуды


Игерілетін дағдылар:
- коммуникативтік дағды;
- әдеби тіл нормасына сай дұрыс сөйлеу дағдысы;
- әдеби тілдің стильдеріне сай тілдесім дағдысы;
- әдеби тіл нормасына сай жазылым дағдысы т.б


Пререквизиттері:

  • тіл біліміне кіріспе

  • нормативті қазақ тілі

  • қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы

  • қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы

  • қазіргі қазақ тілінің морфологиясы



Постреквизиттері:

  • жалпы тіл білімі



2. Оқытушы туралы мәлімет, байланыс ақпараттары:
Еркегалиева Гулнафис Алибековна
87787007246
gulnafis_yerkegaliyeva@mail.ru


3. Курстың саясаты:
Курсты меңгеру үшін білім алушы сабақ кестесі бойынша дәріс және практикалық сабақтарға қатысуға, практикалық сабақта алдын-ала берілген сұрақтарға дайындалып келіп, уақытылы жауап беруге міндетті. ОСӨЖ-ге дәрісте қысқаша түсінік берілген, бірақ толық қарастырылмаған кейбір тақырыптар беріледі. Осы тақырыптар бойынша студент өз бетінше ізденіп, жан-жақты дайындықпен келіп, бекітілген ОСӨЖ кестесіне сәйкес уақытында жауап беруі тиіс.
Студент белгілі бір себеппен (денсаулығына байланысты, отбасы жағдайына байланысты) сабаққа қатыспаған болса, себебін дәлелдейтін анықтама немесе құжат әкелген жағдайда, оқытушы белгілеген уақытта келіп, қатыспаған сабақтары бойынша сабақ тапсырады. 1-ші және 2-ші аралық бақылауда білім алушылар өтілген тақырыптар бойынша берілетін сұрақтарға жауап береді, 100 балдық жүйемен бағаланады. Курс соңында аралас (жазбаша тест және билет арқылы ауызша) емтихан тапсырады.

Білім алушыларға қойылатын талаптар:


- дәріс және практикалық сабақтарды себепсіз қалдырмау;
- практикалық және ОСӨЖ тапсырмаларын уақытында тапсыру;
- топтық, жұптық, жеке жұмыста белсенді болу;
- сабаққа кешікпеу;
- сабақ үстінде ұялы телефон қолданбау;
-аралық бақылау кезінде және емтиханда әртүрлі ақпарат көздерінен көшірмеу;
-университет студенттерінің Ар-намыс кодексін сақтау.











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет