Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Сөзтұлға синтаксисі және оның зерттеу объектісі
Сөз тіркесіне қатысты теориялық мәселелер. Сөз тіркесінің номинативті және коммуникативті мәні туралы.
Сөз тіркесіне тән белгілер.
Сөз тіркесінің басқа грамматикалық единицалармен арақатынасы. Сөз тіркесі және сөз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Сөз тіркесі және күрделі сөз, олардың ерекшелігі мен мәні туралы.
Сөз тіркесі және сөйлем, олардың ерекшелігі. Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркестері, олардың айырмашылығы.
Түйдекті тіркес. Атаулы тіркес. Шектеулі тіркес.
Әдістемелік нұсқаулық: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, сөзтұлға синтаксисі және оның зерттеу объектісі, сөз тіркесіне қатысты теориялық мәселелер, сөз тіркесіне тән басты белгілер, сөз тіркесінің номинативті және коммуникативті мәні туралы, сөз тіркесінің басқа грамматикалық единицалармен арақатынасы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары, сөз тіркесі және күрделі сөз, олардың ерекшелігі, сөз тіркесі және сөйлем, олардың ерекшелігі, еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркестері, олардың айырмашылығы, түйдекті тіркес, атаулы тіркес, шектеулі тіркес туралы зерттеулерге сипаттама беру, ғалымдардың зерттеу еңбектері туралы баяндау.
Өткізу формасы: топтық жұмыс арқылы сөз тіркесі мен өзге бірліктерің ұқсастықтары мен айырмашылығын «Венн диаграммасы», «семантикалық кесте» жасау арқылы көрсету, ауызша баяндау.
Бағалау критерийлері: сөзтұлға синтаксисі және оның зерттеу объектісі, сөз тіркесіне тән басты белгілер, сөз тіркесінің басқа грамматикалық единицалармен ұқсастықтары мен айырмашылықтары, сөз тіркесі және күрделі сөз, олардың ерекшелігі, сөз тіркесі және сөйлем, олардың ерекшелігі, еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркестері, олардың айырмашылығы, түйдекті тіркес, атаулы тіркес, шектеулі тіркес туралы зерттеулерге сипаттама беріп, ғалымдардың зерттеу еңбектері туралы баяндауы, топта жұмыс жасау дағдысы, теориялық білімдерін нақты мысалдармен түсіндіре алуы есепке алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |