Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет46/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1.Қабыса байланысқан дара және күрделі сөз тіркестері, олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі.
2. Қабыса байланысқан есімді күрделі сөз тіркестері
3.Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері
4. Жанаса байланысу формасы. Жанаса байланысқан сөз тіркестері туралы тұжырымдар.
Әдістемелік нұсқаулық: қабыса және жанаса байланысқан сөз тіркестерінің ұқсастығы мен айырмашылығы туралы баяндау, қабыса байланысқан есімді және етістікті сөз тіркестерінің жасалу жолдарын ажырата білу, қабыса және жанаса байланысқан сөз тіркестеріне мысалдар келтіру
Өткізу формасы: «білімді теріп алу» әдісі арқылы көркем шығармалардан тақырыпқа қатысты мысалдар жазу, ауызша баяндау
Бағалау критерийлері: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасауы, ауызша баяндауы, қабыса және жанаса байланысқан сөз тіркестерінің ұқсастығы мен айырмашылығын көрсете білуі, қабыса байланысқан есімді және етістікті сөз тіркестерінің жасалу жолдарын білуі, қабыса және жанаса байланысқан сөз тіркестеріне «білімді теріп алу» әдісі арқылы мысалдар келтіруі, мысалдардың дұрыстығы ескеріледі.
Әдебиеттер: 1, 4, 8, 9
Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 6, 18


Семинар №6
Тақырыбы: Бастауыш болатын сөз таптары және олардың тұлғалық, мағыналық ерекшелігі
Сабақтың мақсаты: Бастауыш болатын сөз таптары және олардың тұлғалық, мағыналық ерекшелігі, дара және күрделі бастауыштар, күрделі бастауыштың жасалу жолдары, үйірлі бастауыштар және оның ерекшелігі, жасалуы туралы тұжырымдарға сипаттама беру, мысалдар келтіру
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктерден болған бастауыштар және олардың мағыналық ерекшелігі.
2.Етістік, үстеу, еліктеу, модаль сөздерден болған бастауыштар және олардың ерекшелігі.
3.Дара және күрделі бастауыштар. Күрделі бастауыштың жасалу жолдары.
4. Үйірлі бастауыштар және оның ерекшелігі, жасалуы.
Әдістемелік нұсқаулық: бастауыш болатын сөз таптары және олардың тұлғалық, мағыналық ерекшелігі: зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктерден және етістік, үстеу, еліктеу, модаль сөздерден болған бастауыштар және олардың ерекшелігі, дара және күрделі бастауыштар, күрделі бастауыштың жасалу жолдары, үйірлі бастауыштар және оның ерекшелігі, жасалуы туралы тұжырымдарды жазып, ауызша баяндау, аталған теориялық білімді мысалдар келтіру арқылы дәлелдей білу
Өткізу формасы: ауызша баяндау, «креативті матрица» арқылы жұптық жұмыста бастауыш болатын сөз таптарын қатыстырып мысалдар келтіру, «тұжырымдамалық карта» арқылы жеке жұмыс тапсырмасын орындау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет