Т. Айбергенов өлеңдері Перзент жыры Өмір Өкпелемеңдер, АҒалар



бет3/4
Дата17.02.2024
өлшемі25.6 Kb.
#492215
1   2   3   4
Айбергенов өлеңдері

УАҚЫТ


Уақыт деген кері ақпайтын бұл өзі,
Бұрқ-сарқ етіп таудан құйған тас бұлақ.
Қызық-ақ тым, қатал-ақ тым мінезі,
Асықпасаң, бара жатыр басқылап.

Әкелердің әр тайдырып жүзінен,
Аға болып өтіп жатыр арынды.
Іні болып қуалайды ізіңнен,
Сенен тіпті әлдеқайда дарынды.

Қарап тұрсаң сен шыққан тау олардан,
Әлдеқайда, әлдеқайда аласа.
Өтіп жатыр қыз боп жаны толы арман,
Сүйгеніңнен әлдеқайда тамаша...


Ақ қыс
Ақ қолғаппен құшақтап,
Сақылдайды қыс аппақ.
Өзен, теңіз, тау - төбе,
Тегіс аппақ сәукеле.
Жатыр іздер жосылған,
Рояльдің басылған
Ақ тіліне ұқсап қап...
Ақ қыс – сұлу ақ өлең,
Табанымның астында
Таңғажайып ақ әлем.
Сырласады, сырлассаң,
Қырға асады, қырға ассаң.
Аппақ әуен сықырлап,
Жырлағалы тұр бассаң.
Жанарынан жаз бүркіп,
Тұр қыс күні сүйкімді.
Оянбасаң, мәжбүр қып
Ашатұғын ұйқыңды.
Құлақ күйін он бұрап,
Төнеді аспан төбемнен.
Аппақ қардан омбылап
Көктем іздеп келем мен.

Жас еменмен сырласу

Ауада аса тымық күн ыстықта,
Мүлгисің сүңгіп терең тыныштыққа.
Шаттыққа самал келсе кенелесің.
Тез сергіп, билеп ойнап жөнелесің.

Дабылы қуаныштың қағылады,
Сар та сұрт алақаны соғылады.
Ырғалып жайқаласың, тербелесің,
Келгендей күткен сәулең тебіренесің.

Жас емен, құрдасым ең, сырласым ең,
Айтайын арманымды, тыңдашы сен.
Өрінен сан күндердің өтіп келем,
Сағынған самалым бар күтіп келем.

Күтемін, міне оны айдан аса,
Жас жаным жай табар деп аймаласа.
Ол келсе шаттық шыңға өрмелер ем,
Қуанып мен де сендей тербелер ем...

Далада

Айна көл тұнып тұрған шарадағы
Қымызды көз алдыңа келтіреді.
Ұялшақ сәби талдың жағадағы,
Етегін гулеп ойнап жел түреді.

Қу қамыс жарыса өскен шулап күліп,
Қайтадан түрегелді сұлап барып.
Толқыны жардан құлап, аунап тұрып,
Сұңқылдап жатыр бұлақ сыр ақтарып.

Судырап жатыр орман жалғастырған,
Ауыл мен асқар таудың екі арасын.
Қызыға тыңдап көріп тұрмын қырдан,
Даланың тоқсан тарау операсын



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет