Т амыры түркілік кезеңнен бастау алған түркібасының топонимикасы түркібасы, Түйетас атауындағы тарих пен аңыз


Қанай атауының шығу тарихы немесе



бет4/7
Дата23.05.2022
өлшемі188.64 Kb.
#458561
1   2   3   4   5   6   7
Түрікбасының жер-су тарихы түркілік дәуірден басталады

Қанай атауының шығу тарихы немесе
Түлкібас өзендері неге тартылуда?
Қанай – атақты қолбасшы Қойгелді батырдың інісі Қожықтың баласы. Жоңғарлармен соғыста ересен ерлігімен көзге түскен батыр. Қойгелді қолында мыңбасы болған. Қалмақтар қазіргі Бәйдібек, Сайрам, Түлкібас, Жуалы аудандарының территорияларында қатты қарсыласады. Бұл жерлердің шөбі шүйгін, суының молдығы, әрі осы аймақты қалмақтар басып алып біраз жылдардан бері орнығып, соғысқа жақсы дайындық жасап алған болатын. Сондықтан Алатау мен Қаратаудың әрбір қойнауы үшін қиян-кескі соғыстар жүргізілген. Қанай, Жамбас, Шілікті, Жосалы, Тайғақтас асуларына қалмақтар тосқауыл қойып, Қаратаудың күнгейінен теріскейіне жеке дара адам болмаса, қалың әскердің өтуіне мүмкіндік қалдырмайды. Осындай қысыл-таяңда Қанай батыр асуды басып алып, асудың жоғары жағындағы тік құлама жерлерге тас қалатып жол салдырып, теріскейге өтіп қалмақ қолының желкесінен соққы беріп талқандапты. Соғыста ерен ерлік көрсеткен Төле баласы Шораға «батыр найзаңды қада, бұл жер ұрпағыңа құтты қоныс болсын» деп бата беріп, бұл алқапты сыйға тартқан уақыттан бастап Қанай жері төле руының жаз жайлауы болыпты. Жеңістен кейін ел Қанай қолы орналасқан алқап пен асуды Қанай атап кетіпті - дейді ел аузындағы айтылып жүрген аңыздардың бірі. Сол қалмақ жаулаушыларынан қалған топонимикадағы қабат Боралдай өзені аңғарында Байқалмақ, Шіліктіде Қалмаққора, Қанай тауында Ақсораң атаулары сақталған. Жазушылар Түлкібас туралы шығармаларында Ақсораңды Аққұзар, Аққұз деп жазып жүр, ал, жергілікті халық әлі күнге дейін Ақсораң деп атайды. Бұл тауға Ұлы Отан соғысы жылдары пошта тасушы ұшақ соғысып апатқа ұшыраған. Ұшақтың кейбір бөлшек сынықтарының қалдықтары қазіргі уақыта тау төбесінде жатыр.
ХІХ ғасыр қазақ халқы тарихында көшпелі өмірден отырықшылыққа өту жағдайындағы саяси-әлуметтік кезеңімен ерекшеленеді. Қазақ елін жан-жақтан отарлаған Ресей, Қытай империялары қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі билік жүйесін жойып, территория жағынан бөлшектеді. Мұның өзі қазақ халқының өмір сүруінің басты көзі төрт түліктен айырды. Себебі малдың жаз, күз жайлаулары мен қыстаулары басқа аймақтарда қалды. Дағдарыстың соңы ру араздығына ұштасады. Осындай алапат ауыр кезеңде қазақ арасынан ел қамын жеген ерлер шығып халықтың өміріне қайта құрулар әкелген. Сол ерлердің бірі – Төленің шөбересі Шаңбай, Айқожаның /Ақбас ата әулие/ әкесі.
Малдан айырылған төлелер соңғы жылдары Қанайды ұмыта бастаған кезде Шаңбай жалғыз өзі Жамбыл облысындағы Билі көлден Шымкент облысындағы Түлкібас ауданының Қанай жеріне келіп арық қазып, Қанайдың тепсеңіне су шығарады. Тепсең жерді қолмен аударып бір тақия тары себеді. Күзде тақия тарының өнімі найза бойы қанар қаптан асыпты. Жалпы қазақтардың мұндай табысты егіншілікпен айналысуы туралы Шоқан Уалиханов заманында «Қазақтардың егіншілік құрал-жабдықтары талапқа сай болмағанымен Ұлы жүздің топырағы құнарлы жерлері дихандардың еңбегін ақтап ғажап өнім береді \6.95б\» деп әлемге осылай таныстырса, әрі тамсандыра жазған болатын. Шаңбай тарыны Қанайдың қос шоқысының етегіне ұра қазып, сол ұраға көміп өзі еліне қайтады. Көктемде келіп ұраны ашса, тарыға адам да, ит-құс та тимеген, сақтаулы тұрғанын көреді. Сол жылы егістік жерді ұлғайтып, қасына туғандарын ерте келеді. Келер жылына төлелердің көп бөлігі Шаңбайдың бастауымен «Ендігі тіршілік көзі диханшылық» - деп Билі көлден Қанайға көшіп келіп қоныстанады.
Қанайға ел көшіп келгеннен кейін халыққа жаңа жер керек, ол заманның заңы бойынша арық қазып су жеткізген алқаптың бәрі сол руға тиесілі болған екен. Сонда төлелердің арасынан Шөже атты кісі шығып арық қаздырыпты. Бұл арық жолындағы жартасты кедергілерден өтіп және көп төменнен тастақты қырат арқылы тез биікке көтерілуі қазіргі гидрология ғылымы мен жас буын өкілдерін таңқалдырады. Арықтың ұзындғы 15-20 шақырымға жуық. Бұл арық Қанайдың бас жағынан басталып, Сасықбастау, Қарынбай сай, Мақташ сарайдың арқасымен Пістелі жағындағы Абай аулының арғы басындағы Тассайдан түскен. Бұл жердегі біздің айтпағымыз қазақ халқында таулы аймақты суландыру барысында арық қазу технологиясының өте жақсы дамығандығын байқатады. Бұл туралы Шоқан өзінің жоғарыда аталған құнды еңбегінде «...Қазақ халқында Россияда тіптен белгісіз тоған, арық құрылымы арқылы суландыру жақсы дамыған... Егістікке дейінгі жота-қырқалар мен сай-салалардан асып жатқан арықтарды өз көзіңізбен көрмесеңіз, сене қою да қиын болар еді. Қазақ диқанының епті қолы мен табиғи жаратылысының зеректігі терең шатқалдағы өзеннен суды тартып үстіртке шығарады. Арықтың бір шақырымнан соң отыз сажын биікке қалай көтерілгенін сүйсіне де, таңдана да қарамасқа шараң қалмайды. Су қандай тереңдікке жатпасын, оны егістікке шығару қазақ диқанының қолынан келеді \6.96б\» - деп 19 ғасырда-ақ жазған болатын. Бұл арық соның дәлелі болса керек. Жалпы Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының жерлері мұндай арықтармен өрнектелген, яғни жүздеп санауға болады. Бұдан шығатын қорытынды қазақ ұлты егіншілікпен көне дәуірдің өзінде-ақ айналысқан. Бертін келе экологиялық жағдайларға байланысты жартылай көшпелі тұрмысқа өтіп, қалмақтармен 150 жылға созылған соғыс қазақ ұлтын толық көшпелі өмірге бейімдеген сияқты.
Қазіргі күнде айтса ертегідей есітілетін марқұм Тағайұлы Жолдасбек, Өтепбайұлы Қалдыкөз қариялардың: «Қанайда үш арыққа су байланғанның өзінде өзендегі ағып жатқан су бүгінгі деңгейінен жоғары болатын, 1925-30 жылдарға дейін жотадағы Шөже арықтың суы 6-7 жасар баланы ағызып кететін. Бала күнімізде арықтан өте алмай басымыз айналып, арықтың арғы бетіне үлкендердің көмегімен өтуші едік» - деп айтушы еді. Бүгінде арықта бір тамшы суы жоқ, тек сұлбасы ғана жатыр. Қаңырап кепкен мұндай арықтар өте көп. Соның бір дәлелі нөкіс руының Шілікті өзенінен қазып шығарған арығы. Ақсақалдар 1930-40 жылдардан бастап Көкбұлақ өзенінің су деңгейі төмендеді дейді. Түлкібас ауданында бабалар шапқан мұндай арықтар саны жеткілікті. Біршамасы әлі күнге дейін халық игілігіне айналып отырса, кейбірінің суы мүлдем жоқ, тек сілемдерінің іздері жатыр. Себебі, қарт Қаратау қойнауынан шығатын өзендердің су деңгейі төмендеген. Сондықтан, ауданның су қорының деңгейі әр жылы неше куб төмендейді? Осыған дейін тау өзендеріндегі сулар қай жылдан бастап төмендеген? Себебі неде? Келешекте ауданымыздың жері шөлге айналып кетпей ме? деген халықтың өмір қауіпсіздігі үшін жаһандық экологиялық сұрақтардың біріне жауап іздеуде өткенді біліп, бүгінге тоқтам жасап, келешек ұрпаққа аманаттауда мұндай әңгімелердің орны ерекше болмақ.
Ауданымыз туралы жазылған «Алатау мен Қаратау қауышқан жер» кітабында биология ғылымының докторы, профессор Н. Қ. Аралбаев «Түлкібасы жерініде қазақстандық экологиялық мәселелердің де нысандары көрініс беріп қалды. Мысалыға, аудан аймағында жалпылай шөлдену үдерісі (процесі) жүріп жатқандықтан, бұрын бұл жерде кездеспейтін көптеген шөлдік өсімдік түрлері көптеп кездесетін болды» деп жыңғыл т.б. шөл өсімдіктерінің тау өзендері сағаларында өсуін, Түлкібасы жерінің сортаңдану үдерісін бастан кешіп жатқандығы екенін биология ғылымы тұрғысынан дәлелдеген. (7.37б).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет