Т., Асылбекова Г. Т. Элементтер химиясы



бет14/21
Дата14.02.2023
өлшемі1.45 Mb.
#469501
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
6.МУ практика

Циан, дициан, синерод, C2N2 — көміртектің азотпен қосылысы.
Циан өте улы, өткір иісті, түссіз газ, қайнау t –20,7°C, балқу t –34,4°C. Спирттеэфирде, сірке қышқылында жақсы ериді. Су ерітінділерінде біртіндеп гидролизденіп, қымыздық қышқыл аммоний және оның аммоний тұзын түзеді. Ол өте аз мөлшерде кокс және домина газдарының құрамында болады.
Кремний (Sіlіcіum), Sі – элементтердің периодтық жүйесінің ІV тобындағы элемент. Тұрақты 3 изотопы – 28Sі, 29Sі және 30Sі бар. Жер қыртысындағымөлшері 29,5%. Табиғатта оттектен кейінгі көп тараған элемент.
Кремнийді алғаш рет 1811 жылы Гей-Люссак пен Л.Ж. Тенар ашқан. 1824 – 1825 жылдары швед химигі Я.Берцелиус фторлы кремнийді калиймен тотықсыздандырып, ал 1865 жылы орыс ғалымы Н.Н. Бекетов төрт хлорлы кремний мен мырышты әрекеттестіріп жеке бөліп алған.
Кремнийдің түсі күңгірт-сұр, шайырдай жылтыр, салмағы 2,32 г/м3, балқу t 1420С, қайнау t 2600С-қа жуық. Өнеркәсіпте Кремний кремнеземді қыздырып, кокспен тотықсыздандыру, ал таза кремний төрт хлорлы кремнийді мырыш буымен тотықсыздандыру арқылы алынады.
Қыздырғанда сутектен басқа кез келген бейметалмен қосыла алады. Төменгі температурада инертті. Таза кремний темір, мыс, алюминий, қорғасын қорытпаларында қолданылады. Ол мұндай қорытпалардың қышқылдарға төзімді, мықты,электрлік және магниттік қасиеттерін арттырады.
Кремний тау хрусталі немесе кварц (Si02) құрамында болады; ол (Si) қиын балқитын, металдық жылтыры бар, сұр түсті қатты зат. Оның каттылығы алмаздан төмендеу.
Аморфты кремний коңыр түсті ұнтақ, реакцияға түсуі оңай зат.

  • Техникада шала өткізгіштер ретінде пайдаланылады.

  • Si - электроникада жартылай өткізгіш ретінде қолданылады.

  • SiC карборунд - бұрғылар, тегістегіш заттар жасауда, стоматологиялық құралдар өндірісінде, отқа, қышқылға төзімді заттар алады.

Кремний оксиді - құм Si02, 0 = Si = О силикагель Si02 - балқу температурасы жоғары, электр тогын өткізбейтін зат.
Кремний оксиді кремнезем, кварц, т. б. күйінде табиғатта кең таралған.
Құм суда ерімейді, бірақ қыздырғанда сілтімен және содамен қышқылдық оксид ретінде әрекеттеседі:

  1. Si02+ 2NaOH = Na2Si03 + Н20

  2. Si02+ Na2CO3 = Na2Si03+ C02 ↑

  3. Si02 + 4HF→ SiF4 + 2H20 (шыныға өрнек салуда жүретін реакция).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет