Т., Асылбекова Г. Т. Элементтер химиясы


Алмаз - бұрғылар жасау үшін, қырланған алмаздан бриллиант, әшекейлі зат әзірленеді. Графит



бет13/21
Дата14.02.2023
өлшемі1.45 Mb.
#469501
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
6.МУ практика

Алмаз - бұрғылар жасау үшін, қырланған алмаздан бриллиант, әшекейлі зат әзірленеді.
Графит - қарындаштың өзегі, электродтар дайындауда.
Кокс (C) тотықсыздандырғыш ретінде металл өндіруде.
Активтелген көмірдің адсорбциялық қасиеті медицинада және газтұтқыштар (противогаз) әзірлеуде қолданылады.
Метан - СН4, иіссіз, түссіз газ. Ол шалшық немесе кеніш газы деп аталады, себебі метан көмір бассейндерінде көмір өндіргенде жинақталады, кейде сол газ жарылып апатты жағдайлар туып жатады, яғни мына реакция жүреді:
СН4+ 2О2= СО2+ 2Н2О
Метан - суда ерімейтін, ауадан жеңіл газ D (ауа)=0,55.
Көміртек II және IV валенттілігіне сәйкес оксидтер CO мен СО2 түзеді.
Көміртек (IV) оксиді - СО2, түссіз, иіссіз, ауадан ауыр, жануды қолдамайтын, жануарлар мен адамдардың тыныс алуы нәтижесінде бөлінетін газ (ауада 0,039%). СО2 - көмірқышқыл газы ауадан ауыр болғандықтан (D (ауа) = 1,52) жертөлелердешұңқырлардашахталардақұдықтарда жиналып қалады. Сол жерлерде жүргенде сақтан ережелерін қолданады. Сондай-ақ белмелерді де жиі желдету қажет. Ол оңай сұйыққа айналады (5, 7 мПа қысымда, 20°С), ал - 78,5°С қатты күйге де (құрғақ мұз) айнала алады.
Көмір қышқылы. Көмір қышқылы - Н2С03 әлсіз, екі негізді, тұрақсыз қышқыл. Ол тек ерітіндіде ғана болады. Әлсіз электролитдиссоциацияланудәрежесі 0,17%. Жер қыртысының шамамен 1,7%-ын (массасы бойынша) құрайды. Ең көп таралған және жынысқұрушы минералдар қатарына жататындар — кальцит (СаС03) және доломит (СаС03.МgС03).
Бұлар әктастар және доломиттер деп аталатын шөгінді карбонатты тау жынысытарды құрайды. Аталған тау жынысытардан гөрі сирегірек ұшырасатын карбонатты тау жынысы өкілдері:

  • анкерит — (Са,Ғе,Мg)СО3,

  • сидерит — ҒеС03,

  • магнезит — МgС03,

  • родохрозит — МnС03. Карбонатты тау жынысытардың өзге түрлері мүлдем сирек ұшырасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет