TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Ж. Қалкөз / Г. Ж. Болатова
44
талдауға машықтандыра алады. Репродуктивтік әдістің
тиімді болып табылатын құраушы элементтер: баяндау,
әңгімелеу, мазмұндау,
шолу дәрістері, көркем шығарма
мәтіні, әдеби шығарманың түпнұсқасы, сұрақтар тізбесі,
викториналар т.б.
Репродуктивті әдісті қолдану мақсатында жазушының
алғашқы повестерінің бірі “Күзгі жапырақтар” повесін
талдауға болады. Бұл ел
аузында көп айтылмайтын
шығарма болғандықтан, студенттер өз беттерімен ізденіп,
қаламгердің аса танымал емес шығармаларын оқып, талдап
келеді.
Бұл әңгімеде 60-70 жылдардағы қазақ жастарының
өмірін, сол дәуірдегі студенттердің ой-санасын көрсетеді.
Жазушы
Байтастың нәзік те пәк, жауапсыз махаббатын
суреттей
отырып,
өмірдің
құндылығын
көрсетуге
тырысады. Оның түсінігінше: “Адамдар өсімдік секілді,
сабағында піскен дән толысып жетілгеннен кейін,
қауызынан бөлініп жерге түсіп,
одан жел айдап ұзақ
қаңғып, бұйырған бір тұсқа табан тіреп, ақыры тамыр
жайып өсіп-өркендей бастайды. Дала кезіп жүрген дән де
шындық іздеп жүрген жан секілді.
Нәр беретін жер іздеп
қаңғи бермек. Егер тамыр жайып көктей бастаса, онда
бұрынғы биік мақсат ұмытылып, тұрған жері көп саз,
құнарсыз топырақ болса да, қанағат қылғандай алаңсыз өсіп
өркендей береді. Тамыр жайған соң ажырау мүмкін емес”
(Әбдікұлы, 1972). Бұл –
Байтастың ішкі монологы, ішкі
толғанысы.
Қаламгер Т. Әбдіковтің қаһармандары да “Егер он
сегіз мың ғаламның ішіндегі ең күшті, ең құдіретті әрі ең
жұмбақ, ең күрделі жаратынды – Адам болса, оның өмір
сүрудегі мақсаты не? Оның өмірінің мазмұны, мән-маңызы
не?” деген философиялық сұрақтарға жауап іздейді. Оның
қаламынан туған шығармалардың ең басты түйіні де,
әлеуметтік шиеленістері де осы сауалдардан туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: