Т. Әбдіков Шығармаларындағы Психологизмді Оқыту Әдістемесі
45
үмітіміз болса, Төлен Әбдіковтің
шығармаларын қазақ
жастарының бойына сіңіре білуіміз керек.
С. Әшімбаев жазушының шығармашылық сипатына
былай деп баға береді: “...рухани прогреске үлес қосуда...
жазушы интеллектінің атқарар қызметі айрықша. Себебі,
ойшыл,
парасатты, философ жазушы ғана уақыт рухына
сай,
дәуір қажеттілігіне орай, замандастар көкейіндегі
жүздеген жұмбақ та салиқалы
сауалдарға жауап берерлік
адам сезіміне өзгеріс енгізетін,
ойына ой қосып
тұлғаландыратын, қысқасы, рухани өсіп, түлеуіне
немесе
кім үшін, не үшін және қалай дұрыс өмір сүруіне “сиқыр
сөз” – әдебиет құдіретімен көмектесе алатын көркем
шығарма жаза алады!” (Әшімбаев , 1982).
Жазушы Т. Әбдіковтің шығармашылық ерекшелігі –
қазақ прозасына батыстық үлгідегі, модернистік бағыттағы
шығармаларды
дүниеге
алып
келуінде,
және
де
шығармаларында қоғамның негізгі
шиеленісті мәселелерді
бере білуінде. Әрі оның тиімді әрі ыңғайлы үйрету, оқыту
әдістерін меңгерген педагог
шығармаларды студенттерге
оқытуда қиындыққа тап болмасы анық.