Т. М. Блисов Жерге орналастыру



бет12/15
Дата17.02.2024
өлшемі356.5 Kb.
#492278
түріНұсқаулар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
mu po zemleustroistvu dly prakt rabot na gos 201415gg

Бақылау сұрақтары:
1 Жер иелену, жер пайдалану және ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелері дегеніміз не?
2 «Жер пайдалану» ұғымының «жер учаскесі» ұғымынан айырмашылығы қандай?
3 Табиғи (техникалық) тұрғыдан жер пайдалану қандай жағдайларды сипаттайды?
4 Құқықтық тұрғыдан жер пайдалану қандай жағдайларды сипаттайды?
5 Экономикалық (категория) тұрғыдан жер пайдалану қандай жағдайларды сипаттайды?
6 Ауыл шаруашылық кәсіпорынның ұтымды жер пайдалануын қалай түсінуге болады?
7 Өндірістің үш негізгі факторын, олардың өзара байланысын және өзара тәуелдігін сипаттаңыз.
8 Өндіріс пен аумақ мөлшерлерінің өзара байланысының технологиялық және аумақтық аспектерін сипаттаңыз.
9 Жер пайдалану кемшіліктеріне жалпы түсініктеме беріңіз.
10 Экономикалық кемшіліктерді жіктеңіз.
11 Кеңістікте байланысты (аумақтық) кемшіліктерді жіктеңіз.
12 Кемшіліктерді жою тәсілдерін көрсетіңіз.
13 Жер пайдалануды реттеудің мақсаты қандай?
14 Болып тұрған жер пайдаланушыларға өзгерістер енгізуде қандай ережелерді ескеріп отыру керек?
Әдебиет:
8, с. 25-43; 9, с. 200-203; 10, б. 28-33.


5 Тақырып Жерге орналастыруды жүргізу тәсілдері


Мақсаты: Жерге орналастыруды жүргізу жағдайлары, жерге орналастыру процесінің мәні, жерге орналастыру принциптері, шаруашылық аралық және шаруашылық ішкі жерге орналастырудың мазмұнымен таныстыру.
Жоспар:
5. 1 Жерге орналастыруды жүргізу
5. 2 Жерге орналастыру процесі
5. 3 Жерге орналастыру принциптері және жер заңдарының принциптері
5. 4 Шаруашылық аралық жерге орналастырудың мазмұны, міндеттері және түрлері. Шаруашылық ішкі жерге орналастыру және оның түрлері


5. 1 Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі бойынша не жер учаскелерінің мүдделі меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың өтінімі бойынша, сондай-ақ жер ресурставрын басқару жөніндегі аумақтық органдарды бастамасы бойынша жүргізіледі.
Жер учаскелерінің мүдделі меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың бастамасы бойынша жүргізілетін жерге орналастыру олардың жер ресурстарын басқару жөніндегі тиісіті аумақтық оргетін өрініштерінің негізінде жүзеге асырылады.
2. Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды.
3. Жерге орналастыру жұмыстарын орындау тәртібі мен технологиясы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді, олар жерге орналастыру жұмыстарын орындаушылардың барлығы үшін міндетті.
4. Белгіленген тәртіппен келісілген жерге орналастыру құжаттамасын:
1) өз құзыретіне сәйкес жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері;
2) шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобаларын және жерді ұтымды пайдалануға, топырақтың құнарлылығын сақтау мен арттыруға байланысты олардың өз есебінен әзірленген және жүзеге асырылатын жобаларды – жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдармен келісім бойынша жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар, басқа да тапсырыс берушілер;
3) жер учаскелерінің шекарасын қалыптастыруға, оларды белгілі бір жерде белгілеуге, жер учаскесінің жоспарын дайындауға байланысты жерге орналастыру құжаттамасын, сондай-ақ жерге орналастыру жөніндегі, жер ресурстарының жай-күйі мен пайдалануының арнайы тақырыптық карталарын жасау жөніндегі топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, топырақ зерттеу, агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да зерттеу және іздестіру жұмыстарының материалдарын – жер ресурстарын басқару жөніндегі тиісті аумақтық орган бекітеді.
5. Жерге орналастыру құжаттамасына өзгерістер осы құжаттаманы беккіткен органның рұқсатымен ғана енгізіледі.
6. Жерге орналастыру жобасын орындау: жобаны жер бетіне көшіруді; жобаның барлық элементтерін игеруді, жерге орналастыру материалдары мен құжаттарын ресімдеуді және беруді қамтиды.


5. 2 1. Жерге орналастыру процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау;
дайындық жұмыстары;
жерге орналастыру болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу;
жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келісу және бекіту;
жерга орналастыру жобасын орындау.
2. Жерге орналастыруды жүргізу бойынша тапсырыс беруші, жерге орналастыру құжаттамасын әзірлеуші, жерге орналастыруды жүргізу кезінде құқықтары мен заңды мүдделері көзделуі мүмкін үшінші тұлғалар, сондай-ақ жерге орналастыру құжаттамсы келісілетін және оны бекітетін мемлекеттік органдар мен басқа да тұлғалар жерге орналастыру процесіне қатысушылар болып табылады.
3. Жерге орналастыру процесіне қатысушылардың:
1) жерге орналастыруды жүргізу жөніндегі тапсырыс берушінің:
жеке өзі немесе өкілі арқылы жерге орналастыру процесінің барлық сатысында қатысуға;
жерге орналастыру ісінің материалдарымен танысуға;
өз ұсыныстарын қарауға енгізуге;
жерге орналастыру процесінде туындаған келіспеушіліктерді шешуге қатысуға құқығы бар;
2) әзірлеушінің (жобалау және іздестіру жұмыстарымен айналысатын, сондай-ақ жерге орналастыру жобаларын орындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның):
мемлекеттік органдардан жерге орналастыру жөнінде қажетті ақпарат алуға;
тапсырыс берушілермен шарт жағдайларында қарым-қатынас орнатуға;
жерге орналастыру жобаларын жүзеге асыру барысында қандай да бір ерекше рұқсатсыз бақылау жасауға, жергілікті атқарушы органдарды оның нәтижелері туралы хабардар етуге және жерді пайдалану мен қорғау іс-тәжірибесін жақсарту жөнінде ұсыныс енгізуге;
жерге орналастырудың ескірген схемалары мен жобаларын жетілдіру немесе қайта өңдеу жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар;
3) жерге орналастыру кезінде құқықтары мен заңды мүдделері көзделуі мүмкін үшінші тұлғалардың:
жерге орналастыру мәселелері талқыланғанда қатысуға және жерге орналастырудың барысы мен нәтижелері туралы өз мүдделерін көздейтін ақпарат алуға;
жерге орналастыру процесінде өздерінің мүдделерін қозғайтын заңсыз әрекеттерге шағымдануға құқығы бар;
4. Жерге орналастыру процесіне қатысушылардың міндеттері:
1) жерге орналастыру процесінің барлық қатысушылары:
Қазақстан Республикасының жер заңдарын сақтауға;
жерді пайдалану мен қорғау мәселелері жөніндегі құзіретті мемлекеттік органдар талаптарын орындауға;
жерге орналастыру процесінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;
2) жобалау құжаттамасы келісілетін және оны бекітетін атқарушы органдар оны бір ай ішінде қарауға міндетті;
3) жерге орналастыруды жүргізу жөнінде тапсырыс беруші:
жерге орналастыруды жүргізу мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, ерекше жағдайлары мен мерзімдерін анықтауға;
қажетті материалдар мен құжаттарды беруге;
жұмысты қаржыландыруды ұйымдастыруға;
орындалған жұмыстарды бір ай ішінде қабылдауға немесе дәлелді түрде бас тартуға міндетті;
4) жерге орналастыру құжаттамасын әзірлеуші:
барлық жұмыстарды қолданыстағы нұсқаулықтар мен әдістемелік нұсқауларға, сондай-ақ шартқа сәйкес орындауға;
зерттеу, іздестіру және өзге де жұмыстар топырақтың құнарлы қабатын бүлдіре отырып жүргізілген жер учаскелерінің жай-күйін бастапқы қалпына келтіруге;
жерге орналастыру құжаттамасында көзделген іс-шаралардың дұрыстығы, сапасы мен экологиялық қауіпсіздігі үшін жауап беруге міндетті.


5. 3 Қазақстан Республикасында жерге орналастыруды жүргізу келесі негізгі принциптерді ескеруі тиіс:
Бірінші принцип Қазақстан Республикасының Жер кодексімен анықталған. Қазақстар Республикасында жер мемлекеттік меншікте болады. Жер учаскелері осы Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
Мемлекетке жерге меншік құқығы жерді халық шаруашылығы салаларында бөлуге және қайта бөлуге мүмкіндік туғызады, ал аудандық (қалалық) атқару органдарына жер пайдаланушылар мен меншіктілер арасында. Жерді пайдалануға маңыздылығы мен мақсатқа лайықтылығына байланысты өзгерістер енгізілуі, анықталуы мүмкін, былайша айтқанда жер пайдаланушылар мен жер иеленушілерде жердің бекітілуі олардың өзгерілмейтіндігі емес.
Екінші принципі жерді пайдалану ақылы болғаны, жерге төлемдер жер салығы немесе жалдау ақысы түрінде болады.
Үшінші принципі ауыл шаруашылығына арналған жерлердің басымдылығы. Қазақстан Республикасының Жер кодексінде ауыл және орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қойған кезде өндірісіндегі шығасынын өтеу тәртібі ангықталған.
Төртінші принципі жерге орналастыруды жалпыдан дербес немесе жеке жағдайға жүргізу, былайша айтқанда жерге орналастырудың бірінші республикада, сонан кейін облыста, сонан кейін ауданда, ең соңында ауыл шаруашылық құрылысында өткізілуі.
Бесінші принципі республикада жерге орналастыру жердің табиғи ерекшеліктерін еске алып отыру (жер бедері, гидрогеография, топырақ сапасы және т.б.).
Алтыншы принципі бойынша жер учаскесін оған сәйкесті жерге орналастыру жөніндегі органдар белгілеген шекарасы (жергілікті жерде) және жер учаскесіне жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығын растайтын құжаты болмай жерді пайдалануға болмайды, былайша айтқанда жерге орналастыру жобалары инженерлік (геодезиялық) тұрғыдан дәлді және аудандық атқарушы органдарда заңды рәсімделуі тиіс.
Қазақстан Республикасының жер заңдары:
1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;
2) жерді табиғат ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;
3) жерді қорғау және ұтымды пайдалану;
4) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
5) жерді нысаналы пайдалану;
6) ауыл шаруашылы мақсатындағы жердің басымдығы;
7) жердің жай-күйі және оған қолжетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
8) жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қорғау;
9) жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою;
10) жерді ақылы пайдалану принциптеріне негізделеді.


5.4 Жерге орналастыру жүргізу жағдайлары мен халық шаруашылығындағы мәніне қарай екі түрге бөлінеді – шаруашылық аралық және шаруашылық ішкі.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру - жаңа жер пайдаланушылар мен жер иеленушілер пайда болғанда, бұрынғы жер пайдаланушылар мен жер иеленушілерді реттеу және өзгертуде жер пайдалану және қорғауды ұйымдастырудың мемлекеттік, экономикалық құқықтық және техникалық шаралар жүйесі.
Шаруашылық аралық жерге орналастырудың мақсаты жерді ұтымды пайдалануға, өндірісті дамыту және еліміздің өндіріс күштерін орналастыру тиімділігін арттыруға қажетті жағдайлар жасау. Ол мемлекеттік органдардың шешімі, жерге орналастыру органдарының бастамасы бойынша немесе мүдделі заңды тұлғалардың өтініші бойынша жүргізіледі.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру міндеттері:
1. Жаңа жер пайдаланушылар мен жер иеленушілерді құру жерлерді бөліп беру арқылы:
а) ауыл шаруашылық кәсіпорындарына;
б) өнеркәсіп кәсіпорындары, көлік ұйымдары мен емдеу және мәдени мекемелеріне және т.б.
в) қалаларға және қала типті кенттерге;
г) мемлекеттік орман және су шаруашылығына, мемлекеттік босалқы жерлерді құруға.
2. Бұрынғы жер пайдаланушыларды реттеу және өзгерту: жерді орналастырудағы кемшіліктерді жою, шаруашылықтарды үлкейту кезінде жер пайдаланушылардың бірігуі, мемлекеттік немесе қоғамдық қажеттілік үшін үлкендерді, басқаруы қиынға түсетіндерді бөлшектеу.
Шаруашылық аралық жерге орналастыруда жер пайдаланушылар мен жер иеленушілердің мөлшерін және сыртқы шекарасын анықтайды, жер пайдаланушылар мен меншіктілердің құқықтары рәсімделеді, жерлер мен алқаптар құрамының ыңғайлы конфигурациясы жобаланады.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру халық шаруашылығының барлық салаларына керек, әсіресе барлық жер пайдаланушылар мен иеленушілерді құруда және реттеуде.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жерлерді ең ұтымды және тиімді пайдалануға мүмкіндік жасауы тиіс және бұл осы жерге орналастырудың негізінің бірі болып саналады. .
Шаруашылық аралық жерге орналастыруда жер пайдалануды реттеу жүргізіледі, басқа шаруашылықтармен шекарасы дәл анықталады, жер пайдаланудағы кемшіліктер жойылады және олардың алаңдар мөлшерлері дәл анықталады.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру түрлері:
1) бір жер пайдалануға тиетін және жерге орналастыру жұмысын жүргізуге шығын келтірмейтін үлкен емес жер учаскелерін ішінара алып қою; бұл белгілі жер алаңын тек қысқартады және жаңадан шаруашылық аралық жерге орналастыруды талап етпейді;
2) топтап жерге орналастыру – бұл бірнеше жер пайдаланушыларға тиеді және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірістік іс-әрекетіне елеулі өзгерістер енгізеді.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде шаруашылық ішкі жерге орналастыру жүргізіледі, мұнда аумақты орналастыру және жерді алдын ала бірнеше жылға бұрын пайдалану реті анықталады.
Ауыл шаруашылығындағы жер пайдалану мен жер иеленуде әр шаруашылықта жер алқаптарын ұтымды және тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырушы-аумақтық және шаруашылықтық жағдайларды (ауыспалы егістерді игеру, мал шаруашылығының тұрақты жем-шөп базасын жасау, жоғарғы сапалы техниканы қолдану, топырақ эрозиясымен күресу және т.б.) жасау үшін шаруашылық ішкі жерге орналастыруды жүргізеді. Шаруашылық ішкі жерге орналастыру еңбекті дұрыс ұйымдастыруға және бар ауыл шаруашылық өндірісін ұтымды ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.
Шаруашылық ішкі жерге орналастыру сонымен қатар табиғи ресурстарды қорғау, ұтымды пайдалану мен жақсарту және мәдени ландшафттарды ұйымдастыруда маңызды шараның бірі болып саналады.
Жер пайдалану м е жер иеленудің шаруашылық ішкі жерге орналастыруы шаруашылық ішкі жерге орналастыру жобасында рәсімделеді.
Шаруашылық ішкі жерге орналастыру түрлері:
1) толық (түбегейлі) жерге орналастыру: жобаның экономикалық және технологиялық жағын қарап шығу үшін техникалық (геодезиялық) негіздеу, заң жағынан рәсімдеу;
2) жартылай жерге орналастыру: бар жобаның мазмұны өзгермейді, ауыспалы егістерді реттеу, мелиоративтік жұмыстар, жол салу, жайылымдар аумағын ұйымдастыру (бұрынғы шешімдерге аздаған өзгерістер енгізеді).
3) тәжірибелік жерге орналастыру: белгілі табиғи-климаттық аймақтардың мамандандырылған шаруашылықтарында жерге орналастыру жұмыстарының әдістемесін дайындау;
4) қарапайым жерге орналастыру: қысқа мерзімде өндірістік процестерді орындау үшін техникалық негіздеуді талап етпейтін жағдайлар (тың жерде жаңа шаруашылықтарды-совхоз құру), сонымен қатар уақытша кейбір жер учаскелерін жайылым ретінде пайдалану, суару торабтарын құрау және т.б.
Жерге орналастырудың барлық түрлері сапалы жоспарлы-картографиялық материалдарда жүргізіледі. Нәтижелері заңды түрде рәсімделеді. Бұрын бекітілген жобаларға сәйкесті өзгерістер енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет