Т. М. Блисов Жерге орналастыру



бет13/15
Дата17.02.2024
өлшемі356.5 Kb.
#492278
түріНұсқаулар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
mu po zemleustroistvu dly prakt rabot na gos 201415gg

Бақылау сұрақтары:
1 Жерге орналастыру ненің негізінде жүргізіледі?
2 Жерге орналастыру жұмыстарын кім орындайды?
3 Жерге орналастыру құжаттарын кім бекітеді?
4 Жерге орналастыру процесінің сатыларын атаңыз.
5 Жерге орналастыру процесіне қатысушылардың құқығы қандай?
6 Жерге орналастыру процесіне қатысушылардың міндеттері қандай?
7 Жерге орналастыруды жүргізу принциптері.
8 Қазақстан Республикасы жер заңдарының принциптері.
9 Жерге орналастыру түрлері. Шаруашылық аралық жерге орналастыру ұғымы, мақсаты және түрлері.
10 Шаруашылық ішкі жерге орналастыру, мақсаты және түрлері.
Әдебиет:
3, б. 4, 94-96; 5, с. 114-120; 6, с.228-291; 8, с. 89-91; 10, б. 34-39.


6 Тақырып Жердің табиғи жағдайлары мен қасиеттерін жерге орналастыруда пайдалану


Мақсаты: Ауыл шаруашылығы өндірісіне әсер ететін және жерге орналастыруда ескерілетін табиғи жағдайлар мен жердің қасиеттерін оқып білу.
Жоспар:
6.1 Климаттық жағдайлар және олардың аумақты ұйымдастыруға және жерді ауыл шаруашылығында пайдалануға әсері
6.2 Жер бедері және оның аумақты ұйымдастыру мен жерді ауыл шаруашылығында пайдалануға әсері
6.3 Топырақ жамылғысы және оның аумақты ұйымдастыру мен жерді ауыл шаруашылығында пайдалануға әсері
6.4 Табиғи өсімдік жамылғысы және оны ауыл шаруашылығында пайдалану. Өсімдік жамылғысы топырақтың эрозиямен күресу факторы ретінде
6.5 Жергілікті жердің гидрографиялық және гидрогеологиялық ерекшеліктері және оларды аумақты ұйымдастыру мен жерді ауыл шаруашылығында пайдалануда есепке алу

Жерді ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдалануға әсер ететін негізгі табиғи факторларға жатады: климат, жер бедері және беткейлердің экспозициясы, табиғи өсімдік жамылғысы, топырақ жамылғысы, гидрография. геология.


6.1 Климат ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп-өну кезеңі, температура, ылғалдану және басқа да климаттық көрсеткіштеріне деген талабын есептейтін өсіру жағдайлары мен мүмкіншіліктерін сипаттайды. Мысалы, жылдың әртүрлі кезеңіндегі орташа көп жылдық ауаның температурасына байланысты себу, топырақты өңдеу және егінді ору мезгілін анықтайды. Климаттың сипаттамасына шаңды және қарлы дауылдар, топырақты кептіретін және оны эрозияға ұшыратын аңызақ желдер туралы мәліметтер кіреді. Жауын-шашындар туралы мәліметтер арқылы ауыл шаруашылық дақылдарының әртүрлі топырақтарда ылғалмен қамтамасыз етілуін, жерлерді мелиорациялау (суару және кептіру) жағдайларын анықтайды.
Әр табиғи-климаттық аймақта (орманды дала, дала, шөлейт және т.б.) климат туралы мәліметтер бойынша ауыл шаруашылық дақылдарының аудандастыруын жүргізеді және бұл көрсеткіштерді ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен олардың бөлімшелерін мамандандыруда ескереді. Бұл мәліметтер жерге орналастыру жобасын жасауда дайындалатын тапсырмада бейнеленеді.


6. 2 Жердің физикалық бетінде әртүрлі кедір-бұдырлар кездеседі, олар өзінің жиынтығымен жер бедерін құрайды. Жер бедері (рельеф) табиғатта негізгі формалардың әртүрлі үйлесімдерінен сынады.
Рельеф түрлерінің үш тобын айырады: макрорельеф, мезорельеф және микрорельеф.
Макрорельеф деп жер бетінің үлкен аумағының: тау жоталарының, таулы үстірттердің, жазықтықтардың, ойпаттардың жалпы бейнесін анықтайтын рельефтің ірі формаларын айтады.
Мезорельеф – рельефтің орташа мөлшердегі түрлері: төбелер, жеке аңғарлар, жотаның тарамдары, террасалар және олардың элементтері – жазың учаскелер, әртүрлі ылдилы беткейлер.
Микрорельеф деп аздаған алаңды (от нескольких квадратных дециметров до нескольких сотен квадратных метров) алып жатқан рельефтің ұсақ түрлері, биіктігі жағынан 1 м шамасында құбылады. Бұларға жататындар: ұсақ құм төбелер, дала көлдеулері, өзен жайылмасының рельефі, ойпаттар, орал және т.б.
Макрорельефтің келесі типтері ең көп тараған: көлбеутолқынды рельеф, толқынды рельеф, жалды, қырқалы рельеф, төбелі рельеф, жазық рельеф.
Мезорельефтің келесі типтері ең көп тараған: төбелер, төбешіктер, жалдар, қырқалар, жондар, бархандар, жыралар, сайлар, құм төбелер.
Микрорельефтің келесі типтері ең көп тараған: көлдеулер, ұсақ өзектер, ұсақ төбешіктер, терең емес шұқанақтар, төмпешіктер және т.б.
Рельефтің негізгі түрлері болып саналады: тау, қазан шұңқұрлар (котловина), жота, өзек және ер.
Тау деп жер бетінің күмбез және конус тәрізді қыраттарын айтады, жоғарғы нүктесі оның шыңы болады. Таудың биіктігі 200 м-ден төмен болса төбе (холм) немесе шоқы (сопка) деп аталады. Таудың бүйірін (қырынын), немесе көлбеу жағын беткей (склон), ал табанын (основание) тау етегі (подошва) дер атайды. Үйілген төбені қорған деп атайды. Картада тау тұйық (замкнутый) горизонтальдармен бейнеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет