Т. Н.­Ер­ме­ко­ва,­Г. М.­Найманбаева,­Б. М.­Найманбаева


Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендік сөздер



Pdf көрінісі
бет140/190
Дата30.05.2023
өлшемі6.15 Mb.
#474512
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   190
811-001-001к-20 КазЯзык 11 каз УЧЕБНИК ОГН

234
Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендік сөздер
Әлеуметтік­тұрмыстық мазмұнды шешендік сөздерге көрнекті қо ғам
қайраткерлерінің, жазушылардың, өнер адамдарының, ғалымдар­
дың, басқа да айтулы тұлғалардың мерейтойларында, салтанатты
жи ындарда, қаралы жиындар мен астарда, елшіліктер қабылдауын да
айтылатын сөздер жатады. Бұл сөздер тыңдаушыларға әсер ететін
түрде: не көтеріңкі кө ңіл күймен, не мұңды өкінішпен ұсынылады.
Кейінгі кезде әлеумет тік­тұрмыстық мазмұнды сөздер жиі қолданы­
лып жүр.
5.
Мәтіннің әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендік сөзге жата-
ты нын дәлелдеңдер.
Қазақтың кәсіби ән өнері дегенде біздің есімізге түсетін 
са нау лы есімдердің бірі – бүгінгі той иесі Бибігүл Төлегенова. 
Өзінің тума таланты мен тынымсыз еңбегінің арқасында 
өнер дің шыңына шыққан, халқының шынайы махаббатына 
бө лен ген Бибігүл апамызды мерейтойымен құттықтап, ол 
кі сі ге деген халқының ыстық ықыласын жеткізу – мен үшін 
үл кен мәртебе.
Бибігүл Ахметқызы 70 жылдан аса киелі сахнада жүр. Осы 
жылдар ішінде отандық және әлемдік опералардың ариялары 
Бибігүл Төлегенованың орындауында өнерсүйер қауымның 
жү ре гін де ұмытылмастай болып сақталды. Ол кісінің орын-
да уындағы халық әндеріне, ұлттық опера өнеріндегі Қыз 
Жібек, Гүлбаршын, Еңлік бейнелеріне, әлемдік опера жау-
һар ларындағы Ақшақар, Джильда образдарына әлем ел де-
рі нің көрермендері тәнті болып, қол соқты. 
Бибігүл Ахметқызы кино саласында да көпшіліктің көз-
айы мына айналды. Шәкен Аймановтың «Тақиялы пе ріш те», 
Рүстем Әбдіраштың «Балалық шағымның аспаны» филь м де-
рін дегі бейнелері көрермен жадында сақталды.
Сонымен бірге Бибігүл Ахметқызы – талай таланттарды 
тәрбиелеп, танымал еткен ұлағатты ұстаз, қазақ вокалдық 
өнерінің мэтрі. Оның шәкірттері бүгінде әлемдік сахналарда 
жасындай жарқылдап, ел мәртебесін, ұстаз өнегесін асқақ-
та тып жүр. 


235
Құрметті Бибігүл Ахметқызы! Халық сізді мейірбан ана, 
ұлағатты ұстаз, жас өнерпаздар мен хас таланттардың жа -
на шыры ретінде де ерекше қадірлейді. Сізге дүниенің бар 
жақсылығын тілеймін. Денсаулығыңыз мықты болып, ең бе-
гің із дің жемісін ұзағынан көре беріңіз. Өзіңізді ерекше қас-
тер лей тін халқыңыздың ыстық ықыласы мен махаббатына 
бөлене беріңіз!
(Бақытжан Сағынтаев)
6.
Кестедегі мәліметтер бой ын ша ой ла рың ды дұ рыс жүй елеп, мә тін 
норма ларын (құ ры лымы, азатжол, мәтін бөліктері, та қы рып) 
сақтап, мәтін жа зың дар. Тыныс белгілерін ережеге сай қол да-
ның дар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   190




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет