245
Бөлтірік шешен сөздеріндегі
тәлім-тәрбиелік мағына лы
ойлар жақсылық пен жамандық ұғымдарын танып-білу ұла-
ға тын саралауға арналған. Мысалы, «Жаның жеті жаман нан
аман болсын», «Өнерің мен өнегең азбасын», «Жеті жақ сы»,
«Балаға ақыл», «Бес жаман», «Ақыл» т.б. нақыл сөз де рі жас
ұрпақтың адамгершілік ұлағатымен қалыптасып өсуі не бағ-
дар береді.
Бөлтірік Әлменұлы сөздерінің барлығында да тәрбиелік
мән бар. Адамгершілік қасиеттерді бағалау тұрғысында сан
ал уан оқиғаларға (жер дауы, жесір дауы, барымта т.б.) бай ла-
ныс ты туындаған сөздері халықтың жадында жатталған.
Қорыта айтқанда, қазақ
тарихындағы көрнекті би-ше-
шен, батыр Бөлтірік Әлменұлының шығармашылығы мен
қай рат керлігі тұтасқан қызметінің өнегесі біздің ұлттық жә-
не жалпыадамзаттық мұраттарды игерген озық өркениеттік
бол мы сы мызды анықтай түседі. Қазақ өркениетінің осын дай
гу ма нистік тағылымы ұрпақтарды адамгершілік ұлағаты мен
мәң гілік болашақта да тәрбиелей береді.
(Темірхан Тебегеновтің «Бөлтірік шешен
сөздерінің тәрбиелік мәні» мақаласынан)
Достарыңызбен бөлісу: