Т. Н.­Ер­ме­ко­ва,­Г. М.­Найманбаева,­Б. М.­Найманбаева



Pdf көрінісі
бет147/190
Дата30.05.2023
өлшемі6.15 Mb.
#474512
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   190
811-001-001к-20 КазЯзык 11 каз УЧЕБНИК ОГН

244
§8.
 
Ше шен дік сөздердің тәрбиелік
 
мәні
1.
Мә тін ді тү сі ніп оқың дар. «Үш жақ ты күн де лік» әді сі ар қы лы ой ла-
рың ды жа зың дар.
Мә тін дегі ең ма ңыз ды 
үзін ді 
Сол үзін ді ге ме нің
пі кі рім
Со ған лай ық ты
ма қал
Би-шешендердің сөздері – тәлім-тәрбие құра лы. Отба сы-
лық ортадан бастап, ауыл-ай мақ пен, ағайын мен, көпшілік-
пен қарым-қаты нас жа сау мәдениеті нің адам гер шілік асыл 
қа сиет тер аясында қа лып та суында би-ше шен дер сөз дері нің 
ықпалы зор болды. Ата- ана, аға-іні, ту ған-туыс, бү кіл адам-
зат ты құрметтеу мәселесі би-шешендер сөздерінде кең қам-
тыл ған…
Бөлтірік Әлменұлы (1771–1854) – қазақ тарихын да-
ғы осын дай мемлекеттік тұғырдағы қайраткер тұлға. Оның 
сөздері халықтық тәлім-тәрбиені құрайтын бар лық мә се -
лелерді (достық, жолдастық, жомарттық, қайырымды лық, 
кішпейілділік т.б.) кешенді түрде қамтығанды ғы мен ерек -
шеленеді. Ол жақ сы лық пен жамандық қасиеттерді са лыс-
тыра бағалайды. Толғауларында адам дар қарым-қатынасы-
ның күр делі қай шы лық тары, қақ ты ғыс тары шындық құ бы-
лыс та р мен нақты дә лел дене, дә йек теле түсіндіріледі. 
Бөлтірік айтқан ұлағатты сөздердің ешқашан мә нін жой-
май тыны анық. Мысалы: «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден 
ащы нәр се тағы жоқ. Сөзден жеңіл нәрсе жоқ. Сөзден ауыр 
нәрсе де жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақыл-
ды сөзің ді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Не сөйлейті-
ніңді біл. Кім ге сөйлейтініңді біл. Қай жерде сөйлейтініңді 
біл. Қай кезде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтініңді біл. 
Оны білме сең, са ра сөзің шала болады, арты жала болады, 
әкең қапа бо лады».
Бөлтірік сөздерінің біразы адамдарды жолдастыққа, дос-
тық қарым-қатынасқа тәрбиелеу болып келеді: «Саңыла уы 
жоқ пен сабақтас болма. Байлауы жоқпен санаттас бол ма. Ті-
ле гі жаманмен қапаға түспе. Тегі жаманмен ортаға түспе».


245
Бөлтірік шешен сөздеріндегі тәлім-тәрбиелік мағына лы 
ойлар жақсылық пен жамандық ұғымдарын танып-білу ұла-
ға тын саралауға арналған. Мысалы, «Жаның жеті жаман нан 
аман болсын», «Өнерің мен өнегең азбасын», «Жеті жақ сы», 
«Балаға ақыл», «Бес жаман», «Ақыл» т.б. нақыл сөз де рі жас 
ұрпақтың адамгершілік ұлағатымен қалыптасып өсуі не бағ-
дар береді. 
Бөлтірік Әлменұлы сөздерінің барлығында да тәрбиелік 
мән бар. Адамгершілік қасиеттерді бағалау тұрғысында сан 
ал уан оқиғаларға (жер дауы, жесір дауы, барымта т.б.) бай ла-
ныс ты туындаған сөздері халықтың жадында жатталған.
Қорыта айтқанда, қазақ тарихындағы көрнекті би-ше-
шен, батыр Бөлтірік Әлменұлының шығармашылығы мен 
қай рат керлігі тұтасқан қызметінің өнегесі біздің ұлттық жә-
не жалпыадамзаттық мұраттарды игерген озық өркениеттік 
бол мы сы мызды анықтай түседі. Қазақ өркениетінің осын дай 
гу ма нистік тағылымы ұрпақтарды адамгершілік ұлағаты мен 
мәң гілік болашақта да тәрбиелей береді.
(Темірхан Тебегеновтің «Бөлтірік шешен
сөздерінің тәрбиелік мәні» мақаласынан)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   190




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет