279
Шешендік сөздердің маңызы
Сөз құдіретін білген қазақ «Өнер алды – қызыл тіл», «Аузы құлып
сан дықты тіс ашпаса, тіл ашады» деп тілді аспандата дәріптейді, ен ді
бір де «Басқа пәле – тілден», «Көнектей басыңа шүмектей тілің жау»,
«Ай тыл ған сөз – атылған оқ» деп, тірнектеп жиған абыройбеделің
ді орынсыз айтылған сөздің төгіп жіберетінін алға тартады.
Халық
«Құ лақ қа кірген суық сөз көңілге барып, болар мұз» деп сөз семсе рін
оң дысолды сілтеудің адам көңілін жаралайтынын,
сондықтан әр бір
сөз ге абай болуды, сөзбен жұбатуға да, жылатуға да болаты нын
мең зей ді.
Бұрынғы қазақ жұртының бишешендері даулы мәселенің түйінін
төртақ ауыз сөзбен тындырған. Билердің кесімбітімі
көп ші лік тің
көзінше жария болып отырған. Ешқандай құпия, алдын ала ымы
раласу, пәтуаласу деген болмаған. Билер өзінің сөзін: «Ал, хала
йық, бұған не дейсіңдер, ризамысыңдар?» – деп көпшілікке са лып,
мақұлдасқан. Осы күнгі айтылып жүрген
жариялылық, де мо кра тия
дегеніміздің өзі осы емес пе?!
Билер қазақ елінің берекесі, отансүйгіштік, ерлік және арұждан
сияқ ты маңызды қасиеттерді жоғалтпауға және адами құндылықтар
ды сақтауға үйретіп отырды. Сондықтан да халық өзінің от ауыз ды,
орақ тілді, қара қылды қақ жара әділ билік
айтатын шешен биле рін
хан нан бетер қадірлеп, олардың айтқан кесімді, бітімді сөздерін жа
дын да сақтап келген.
Сөзді киелі санау,
орынды сөзге тоқтау, сөздің парқы мен құдіре тін
бі лу – бүгінгі ұрпаққа да аса қажет қадірлі қасиет. Тіл өз құндылы ғын
жо йып, бағасын төмендетті ме? Әрине, жоқ. Шешендік сөз – бүгін гі
күн де де өзінің мәні мен маңызын жоғалтпаған,
заман талабы ның
үде сі нен шыға алатын аса қажетті құндылық.
Достарыңызбен бөлісу: